Топтық қылмыс ретінде қаралмағанының обалы Айтым мен адвокаттарына — Шерзаттың әпкесі Перизат Нұрымова
Коллаж: Orda.kz
Талдықорған қаласында судья Ержан Жанұзақов Шерзат Полаттың өліміне қатысы бар сотталушыларға үкім оқыды. Жәбірленуші Перизат Нұрымова шикілік жіберген Айтбек Амангелдінің командасының іс қағаздарды кешіктіріп әрең бергенін мәлімдеді, деп хабарлайды Orda.kz.
Қоғам өре түрегеліп, мән берген елдегі ең атышулы қылмыстық істің нүктесі бүгін қойылды. Басты күдікті Абзал Шынасылға 23 жыл жаза тағайындалды. Равиль Сакиев 20 жыл, Дидар Қалиахмет – 293-баптың 3-бөлігі – 7 жыл, Нұрбол Тоқтаубаев – 293-баптың 3-бөлігі – 7 жыл, Дархан Әскентай – 293-баптың 3-бөлігі – 7 жыл, Шыңғыс Белғожаев – 293-баптың 3-бөлігі – 7 жыл, Нұрқияс Ілиясов – 293-баптың 3-бөлігі – 9 жыл, Азамат Тоқтаубаев – 293-баптың 3-бөлігі (бұзақылық), 188-бап (ұрлық) бойынша – 15 жыл, Думан Ысқақ (кәмелетке толмаған) – 434-бап (ауыр қылмыс туралы хабарламау) – 1 жыл 6 ай бас бостандығынан айырылды.
Перизат Нұрымова бұған дейінгі Айтым (Айтбек) Амангелді мен командасының істі кешіктіріп бергенін, шикіліктер болғанын және солардың кесірінен іс топтық қылмыс емес, бұзақылық деп жеке-жеке айыптау ретінде қаралғанын айтты.
«Айтым мырзаның командасы және тергеушілер комитетінің қателіктері өте көп. Сол себепті олар топтық қылмыс ретінде қаралмады. Мүмкін тергеу жүргізген тергеушілерге сондай бұзақылар ұнайтын шығар. Тағы да біреудің өміріне қауіп төнгенін қалап тұрған шығар. Қандай жағдай болмасын, уақытынан бұрын шықса да, Алланың сотынан ешкім құтқара алмайды» , — деді Перизат Нұрымова.
Перизат Нұрымова Айтбек Амангелді мен оның адвокаттарынан істі сотқа 10 күн қалғанда әрең қолдарына алғандарын да жасырмады.
«Қазіргі біздің Мейірман мырзалар жинаған адвокаттармен сотқа 10-ақ күн қалғанда дайындалған процесте іс материалдарын алған болатынбыз. Оған дейін біз Айтымнан да, басқаларынан да ала алған жоқпыз. Соның өзінде де, бұл кісілерге қорқытулар болып, жолына тосқауыл қойғысы келгеннің өзінде де біраз жерге бардық. Сот мырза да әділ шешім шығарды деп ойлаймын», — деді Перизат Нұрымова.
Шикілік жібергені, хабарламағандары үшін тергеу амалдарын жүргізген тергеу комитетінің және Алматы облысының прокуратурасы жауап беру керек екенін де қадап айтты.
«Сол кезде осы қазіргі қорғаушыларымыз болғанда бұл баптармен олар кетпес еді. Шикілік жібергені, бізге хабарламағандары үшін тергеу амалдарын жүргізген тергеу комитетінің және Алматы облысының прокуратурасы жауап беруі керек», — деді Перизат Нұрымова.
Айта кету керек, бүгін сот үкімі оқылған соң, сотталушылар өздері отырған орынның әйнегін сындырып, есігін теуіп, наразылық білдірді. Олардың ата-аналары мен жақындары осыдан кейін өре түрегеліп, айқайға басты.
Ал Перизат Нұрымова мен адвокат Мейірман Шекеев сот залынан шығып бара жатқанда сотталушылардың қоқан-лоқы көрсеткенін айтты.
Перизат Нұрымованың сөзінше сотталушылардың бірі: «бізді шықпайды деп ойлайсыңдар ма?» деп астарлай сөйлеген.
Бұл оқиға қазақ қоғамын дүр сілкіндіріп, қызу талқыға түсті. Оқиға былтыр Талғарда 4 қазан күні болған еді. Бір топ адам, соның ішінде осы сотталушылар дүкен иесі Қаржаубаймен, ұлы Шерзатпен және ағасы Нұрғанатпен жанжалдасып, арты кісі өліміне ұласты. 16 жасар Шерзат қаза болды.
9 желтоқсан күні таңертең жасөспірім Шерзат Полаттың ағасы Нұрғанат Ғайыпбаевтың денесі марқұм Шерзаттың зиратының қасынан табылды. 12 қазан күні Азат ауылындағы марқұм болған Шерзаттың отбасының үйі өртеніп кетті.
Жаңалықтар
- Алматының шыжыған ыстығы 50 жыл бұрын тіркелген температура рекордын жаңартты
- Ақтөбе облысында есірткі сатты деген күдікпен екі полицей ұсталды
- Бұрынғы энергетика министрі Атырау облысының әкімі болып тағайындалды
- Серік Шәпкенов Атырау облысы әкімі қызметінен босатылды
- «Семей орманы»: Құтқарушылар ашық жанып жатқан өртті тоқтатты
- Түркістан облысындағы күре жолда болған апаттан 7 адам қаза тапты
- Иран хуситтерден мұнай тасымалының тағы бір бағытын жабуды сұрады
- Екі министр шұғыл аттанды: Абай облысындағы өрт 60 гектарды шарпыды, 220 адам эвакуацияланды
- Астанада нәрестесін кәрізге ағызып жіберген 29 жастағы әйел ұсталды
- Павлодардағы банкте петарда жарған қарттардың халі қалай?
- Алматыда қызды аяусыз ұрып-соғып, видеоға түсіріп таратқан
- Президент Қытайда: «Қазақстанды Орталық Азиядағы жетекші AgriTech хабы ретінде дамытамыз»
- «Семей орманы» аумағындағы алапат өртті сөндіруге авиация тартылды
- 200 миллиард теңгенің темекі контрабандасын шетелден кіргізбекші болғандар ұсталды
- Түрмедегі салық: Оралдағы колонияда қылмыстық топ құрып алған
- ӘЧ-2026: Матчтан кейінгі саяси дау — «Фолкленд аралдары – Аргентинаға тиесілі»
- «Қайрат» Чемпиондар лигасы іріктеу кезеңінің екінші айналымына өтті
- Шомылу маусымы басталғалы 69 бала суға кетіп қайтыс болды
- Иран Американың Кувейт пен Иорданиядағы әскери нысандарына жаңа соққы жасады
- Мемлекет басшысы ҚХР Төрағасының шақыруымен Шанхайға жұмыс сапарымен барды