«Бізді шықпайды деп ойлайсыңдар ма?»: Жәбірленуші тарап әлі қоқан-лоқы жасалып жатқанын айтты
Фото: Orda.kz
Талдықорғанда өтіп жатқан 16 жасар Шерзат Полаттың өліміне қатысты сот ісі аяқталды. Сот үкімі оқылған соң, наразы болған сотталушылардың жақындары сот залының есігін теуіп, айқай шығарды. Ал жәбірленуші тарап әлі де қоқан-лоқы жасалып жатқанын айтты, деп хабарлайды Orda.kz.
Судья Ержан Жанұзақов прокурорлар сұраған жазаны берді. Алайда сотталушылар бұған наразылық білдіріп, өздері отырған жердің әйнегін ұрып сындырды, есігін тепті. Ал олардың жақындары Қаржаубайды қамауды сұрап, әділдік болмағанын айтып айқайлады.
Orda.kz тілшісі жәбірленуші, марқұм Шерзат Полаттың әпкесі Перизат Нұрымовадан сот үкіміне қалай қарайтынын сұрады. Жауап беріп жатып ол сот залынан бүгін шығып бара жатқанда өздеріне сотталушылардың қолмен қоқан-лоқы көрсеткенін айтты. Мұны адвокат Мейірман Шекеев те айтып, қауіпті іске кіріскенде өздерінің тәуекелге бел буғандарын атап өтті.
«Соңғы болған сот процесінде берген үкіммен амал жоқ, келісеміз. Бұл негізі бірінші болған адвокаттардың обалына кеткен дүние. Бұл жерде «бұзақылық» бабымен емес, «кісі өлтіру» деп кетуі керек еді. Бірақ қазіргі біздің соңғы сот процесінен бастап қорғаушыларымыздың еңбегінің арқасында осындай дәрежеге жеткеніне біз шүкіршілік етеміз. Бізде өзімізден бөлек бұл кісілерге де қауіп төнеді деген қорқыныш болды. Менің ата-анамда, бауырларымда. Бұған дейін де өзімізге жасалған қысым болды. Қазір барлық бапқа келісуге тура келеді. Бұл баптар тіпті сотқа жетпеуі мүмкін еді деген күдіктеріміз болды. Сот біткеннің өзінде де бұл балалардың ешқандай өкініштері де жоқ. Өзімізге атылып, ата-аналары да атылып «біз әлі шықпайды деп ойлайсыздар ма?» деген қоқан-лоққы жасап жатыр. Ешқайсысында өкініш жоқ. Қолдарымен сот бітіп жатқан кезде ишарамен қоқан-лоққы көрсеткені бар», — деді Перизат Нұрымова.
Ал адвокат Мейірман Шекеев сот шешімі үшін судьяға риза екенін жасырмады. Ол да бүгін өздеріне сотталушылардың қоқан-лоққы көрсеткенін атап өтті.
«Сот өте жақсы өтті. Төрағаға ризалығымызды білдіреміз. Мұндай аса ауыр қылмысты өткізу әрқандай эмоцияға, айқай-шуға толы болады. Бірақ төраға жақсы алып шықты деген ойламыз. Жалпы барлық баппен келісеміз. Өтемақы бойынша да қанағаттанамыз. Иә, бізге де қысым көрсетілді. Мамандығымыз осы болғаннан кейін тәуекелге барған адамбыз. Қазірдің өзінде тікелей менің әріптесім — қыз баланы шұқып тұрып, көзіне көрсетіп ишараттар жасалды. Терезеге сындыруға дейін барды. Екі қызға қатысты жеке қаулы шықты. Оларды көрінеу жалған куәлік беру және қылмысты хабарламау бойынша жауапқа тартуын талап етеміз», — деді Мейірман Шекеев.
Айта кетейік, еліміздегі ең атышулы қылмыстық іске Талдықорған қаласында судья Ержан Жанұзақов үкім оқыды.
Басты күдікті Абзал Шынасылға 23 жыл жаза тағайындалды. Равиль Сакиев 20 жыл, Дидар Қалиахмет – 293-баптың 3-бөлігі – 7 жыл, Нұрбол Тоқтаубаев – 293-баптың 3-бөлігі – 7 жыл, Дархан Әскентай – 293-баптың 3-бөлігі – 7 жыл, Шыңғыс Белғожаев – 293-баптың 3-бөлігі – 7 жыл, Нұрқияс Ілиясов – 293-баптың 3-бөлігі – 9 жыл, Азамат Тоқтаубаев – 293-баптың 3-бөлігі (бұзақылық), 188-бап (ұрлық) бойынша – 15 жыл, Думан Ысқақ (кәмелетке толмаған) – 434-бап (ауыр қылмыс туралы хабарламау) – 1 жыл 6 ай бас бостандығынан айырылды.
Бұл оқиға қазақ қоғамын дүр сілкіндіріп, қызу талқыға түсті. Оқиға былтыр Талғарда 4 қазан күні болған еді. Бір топ адам, соның ішінде осы сотталушылар бар дүкен иесі Қаржаубаймен, ұлы Шерзатпен және ағасы Нұрғанатпен жанжалдасып, арты кісі өліміне ұласты. 16 жасар Шерзат қаза болды. 9 желтоқсан күні таңертең жасөспірім Шерзат Полаттың ағасы Нұрғанат Ғайыпбаевтың денесі марқұм Шерзаттың зиратының қасынан табылды. 12 қазан күні Азат ауылындағы марқұм болған Шерзаттың отбасының үйі өртеніп кетті.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық