Тоқаев пен Путин Астанада не туралы келісті?

cover Фото: Ақорда

Елордада Владимир Путинді Тоқаев әуежайдан жеке ерекше ықыласпен қарсы алды. Астаның әуежайынан бастап адым жерде желбіреген Ресей тулары мен балалардың күлкісі салтанатты қарауыл және екі елдің шырқалған әнұрандары тіпті Путинді таңғалғандырғандай болды. Кездесу барысында екі ел басшылары көлемді келісімдерге қол қойды. Алайда, бәрі жоспарлағандай болған жоқ, елордадағы ресей туын көрсетіп тұрған экрандардың бірінде Украина туының пайда болуы хакерлердің әрекеті ме, әлде экран ақауынан ба? Бұл сұрақтардың жауабын Orda.kz тілшісі тарқатып жазды.

Тоқаев Путинге бұл мемлекеттік сапардың екі ел арасындағы берік достық пен серіктестікке негізделген қарым-қатынастар үшін қаншалықты маңызды екенін айтты. Сонымен қатар, Путиннің Қазақстан БАҚ-тарында жарияланған мақаласын оқығанын және өзінің де Ресей БАҚ-тарында мақала жариялап, болашақ ынтымақтастыққа қатысты ортақ көзқарастарын білдіргенін жеткізді. Мемлекет басшысы «қиын кезеңдерде де Қазақстан Ресейдің сенімді серіктесі және одақтасы болып қала береді», –деп ерекше атап өтті.

Өз кезегінде Путин Тоқаевқа жылы қабылдағаны үшін алғыс айтып, елдер арасындағы достық және іскерлік қарым-қатынастардың берік екенін, әрі олардың белсенді дамып келе жатқанын атап өтті. Ол Санкт-Петербургтегі бейресми кездесу мен екінші дүниежүзілік соғыстағы жеңістің 80 жылдығын тойлау шараларында қайта жүздесуге үмітті екенін білдірді.

Ресей Президентінің айтуынша, екі ел арасындағы тауар айналымының өсіп келе жатқанын, өткен жылы оның шамамен 28,5 миллиард долларға жеткенін. Ол гуманитарлық байланыстардың, әсіресе білім беру саласындағы қатынастардың маңыздылығына тоқталып, Ресейде көптеген қазақстандық студенттердің білім алып жатқанын жеткізді.

Тоқаев пен Путин қандай келісімдерге келді  

Екі елдің көшбасшылары бірқатар тармақтар мен бөлімдерден тұратын бірлескен мәлімдеме жасады. Саяси салада олар екіжақты байланыстардың жоғары қарқынын қолдап, жоғары деңгейдегі тұрақты кездесулерді жалғастыруға уағдаласты. Екі елдің парламенттері мен сыртқы істер ведомстволары арасындағы белсенді ынтымақтастық атап өтілді.  

Президенттер БҰҰ, ҰҚШҰ, ТМД және ШЫҰ сияқты халықаралық ұйымдар аясында өңірдегі тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында бірлескен жұмыс жүргізудің маңыздылығын атап өтті. Олар заманауи сын-қатерлерге, соның ішінде терроризм мен экстремизмге қарсы тұруға дайын екендігін білдірді.  

Экономикада тараптар сауда-экономикалық байланыстарды нығайтуға және өнеркәсіп, энергетика, көлік және басқа да салалардағы бірлескен жобаларды дамытуға ниетті екендіктерін білдірді. Ұлттық валюталарда есеп айырысу көлемін арттыру және Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы жұмысты жалғастыру қажеттілігі де атап өтілді.  

Энергетикалық ынтымақтастыққа ерекше назар аударылды. Оның ішінде газ жеткізу және инфрақұрылымды дамыту мәселелері талқыланды. Қос ел басшылары энергетикалық нысандар қауіпсіздігін қамтамасыз ету және атом энергетикасы мен жаңартылатын энергия көздері саласындағы бірлескен жұмысты жалғастыру маңыздылығын атап өтті.  

Мәдени салада президенттер екінші дүниежүзілік соғыстағы жеңістің 80 жылдығына арналған бірлескен іс-шаралар өткізуге келісті. Сондай-ақ, білім беру және мәдени саласындағы алмасуларды дамыту, университет филиалдарын ашу, спорттық және жастар іс-шараларын өткізу мәселелері талқыланды. Тарихи естеліктерді сақтау маңыздылығына да тоқталды.

Сонымен қатар, көшбасшылар бір-біріне қолдау көрсетіп, екі елдің егемендігіне қауіп төндіретін кез келген әрекеттерге қарсы тұруға уәделесті. Ресейлік инфлюенсерлер тарапынан жасалған арандатушылық әрекеттер де жанама түрде талқыланды.  

Айта кетсек, ресейлік медиатұлғалар мен саясаткерлер Орталық Азия елдерінің ішкі істеріне жиі қатал пікір білдіреді. Мысалы, Мемлекеттік  Дума депутаты Михаил Делягин Ресейден Қазақстанға ақша аударымдарын өңдеудегі кідірістерді «қазақстандық биліктің саботажы» және «Қазақстанды орыстандыру саясатының бір қадамы» деп атаған. Сонымен қатар, ресейлік тележүргізуші Тина Канделаки Қазақстандағы теміржол станциялары атауын өзгертуге наразылығын білдіріп, өз Telegram-арнасында тарихи атауларды өзгерту «тарих пен ұлттық болмысты жоғалтумен» тең деп мәлімдеген.  

Кездесу соңында Владимир Путин Қасым-Жомарт Тоқаевты 2025 жылы Ресейге мемлекеттік сапармен келуге шақырды. Тоқаев бұл шақыруды қабыл алды.

Тоқаев пен Путин қандай құжаттарға қол қойды

Келіссөздер қорытындысы бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путиннің қатысуымен қол қойылған бірқатар құжаттар тізімін Ақорда  ұсынды, тоқтала кетейік:

  • 2024–2028 жылдарға арналған Қазақстан мен Ресей үкіметтері арасындағы аймақаралық және шекара маңы ынтымақтастығы бағдарламасы.
  • 2024–2028 жылдарға арналған аймақаралық және шекара маңы ынтымақтастығы бағдарламасын жүзеге асыру бойынша іс-шаралар жоспары.
  • Қазақстан мен Ресей үкіметтері арасындағы теміржол көлігі және инфрақұрылымды дамыту, автомобиль жолдары, сондай-ақ Қазақстан мен Ресей арасындағы автомобиль және теміржол өткізу пункттері арқылы өзара әрекеттесу туралы келісім.
  • Қазақстан мен Ресей үкіметтері арасындағы «Сырым» (ҚР) және «Маштаково» (РФ) өткізу пункттері арасындағы Талов өзенінен өтетін автомобиль көпірін қайта құру, күрделі жөндеу, жөндеу және күтіп ұстау тәртібі туралы келісім.
  • Қазақстан мен Ресей көлік министрліктері арасындағы теңіз кемелері экипаж мүшелерінің дипломдарын өзара мойындау туралы келісім.
  • Қазақстан мен Ресей үкіметтері арасындағы денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастық туралы келісім.
  • Қазақстан мен Ресей үкіметтері арасындағы 7-ші аймақтық нөмірлеуді пайдалану туралы келісім.
  • Қазақстан мен Ресей үкіметтері арасындағы туризм саласындағы ынтымақтастық туралы келісім.
  • Қазақстан мен Ресей үкіметтері арасындағы Қостанай қаласында Челябинск мемлекеттік университеті филиалын ашу туралы келісім.

Президенттердің қатысуымен келесі құжаттар алмастырылды

  • Қазақстан мен Ресей үкіметтері арасындағы 2010 жылғы 9 желтоқсандағы мұнай және мұнай өнімдерін Қазақстанға жеткізу бойынша сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісімнің қайта қалпына келтірілуі және оған өзгерістер енгізу туралы хаттама.
  • Қазақстанның Ішкі істер министрлігі мен Ресейдің Тергеу комитеті арасындағы ынтымақтастық туралы келісім.
  • Қазақстанның Әділет министрлігі мен Ресейдің Әділет министрлігі арасындағы ынтымақтастық туралы келісім.
  • Қазақстанның Әділет министрлігі мен Ресейдің Әділет министрлігі арасындағы коммерциялық емес ұйымдар қызметін құқықтық реттеу саласындағы ынтымақтастық туралы меморандум.
  • 2025–2026 жылдарға арналған Қазақстан мен Ресей Әділет министрліктері арасындағы ынтымақтастық бағдарламасы.
  • Қазақстанның Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі мен Ресейдің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық министрлігі арасындағы құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы ынтымақтастық туралы меморандум.
  • «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ мен «Ресей темір жолдары» АҚ арасындағы стратегиялық ынтымақтастық туралы келісім.
  • «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ, Xi’an Free Trade Port Construction and Operation Co., Ltd және «Славтранс-Сервис» АҚ арасындағы жоба бойынша ынтымақтастық туралы келісім.
  • «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ мен «ФинИнвест» ЖШС арасындағы ниет туралы меморандум.
  • «Самұрық-Энерго» АҚ мен «Фирма ОРГРЭС» ЖШС арасындағы Экибастұз ГРЭС-2 станциясының №3 және №4 энергия блоктарында ластаушы заттардың шығарылуын азайту бойынша тиімді технологияларды қолдану саласындағы ынтымақтастық туралы келісім.

Осылайша, екі елдің көшбасшылары әртүрлі салалардағы ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған маңызды құжаттар пакетін бекітті. Ең көп келісімдер Қазақстан мен Ресей Әділет министрліктері арасында жасалды. Жалпы, бұл елдер құқықтық ынтымақтастыққа басымдық беретінін көрсетеді. Бұл заңнамаларды жақындатуға және құқықтық мәселелерде өзара әрекеттесуді жеңілдетуге ұмтылуды білдіруі мүмкін.

Дегенмен, бұл ынтымақтастық Ресейде жұмылдыру басталғаннан кейін Қазақстанға көшіп келген релоканттар үшін оң нәтиже бермеуі мүмкін. Олардың мәртебесі әлі де айқындалмаған және еліміздің оларды қорғауға дайын екендігі толық белгісіз. Еске сала кетсек, біз 2023 жылы Қазақстанға қашқан ресейлік әскери Камиль Касимовтың жағдайын жазған болатынбыз. Ол 2024 жылдың сәуірінде Астанадан ұрланып, Ресейдің Приозёрск қаласындағы әскери бөлімге жеткізіліп, кейін Омскке ауыстырылды. Ол жерден дезертирлік үшін алты жылға сотталды. Қазақстан ресми түрде оны экстрадициялаған жоқ, дегенмен ол дезертир мәртебесіне ие болды.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар