Тоқаев Қытайдағы Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданына келді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай Халық Республикасына ресми сапары аясында Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданының орталығы Үрімжі қаласына келді.
Бұл туралы Ақорда хабарлайды.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай Халық Республикасына ресми сапары аясында Үрімжі қаласына келіп, ҚКП ОК Саяси бюросының мүшесі, ҚХР Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданы партия комитетінің хатшысы Ма Синжуймен кездесті.
Мемлекет басшысы сауда, өнеркәсіп, көлік, логистика, ауыл шаруашылығы және туризм сияқты көптеген бағыт бойынша Қазақстанның Шыңжаңмен арадағы қарым-қатынасы нәтижелерін жоғары бағалады.
«Қазақстанның Шыңжаңмен өзара сауда-саттық мәселесінде өңірлік ынтымақтастықтың қолданыстағы механизмдерінің мәні зор. Менің ойымша, оларды дұрыс пайдалана білсек, айтарлықтай ілгерілеуге болады. Қазақстан сіздерге жеткізілетін өнім түрлерін ұлғайтуға дайын. Атап айтқанда, металлургия, мұнай химиясы, машина жасау, тамақ өнімдерін, сондай-ақ құрылыс материалдарын экспорттай аламыз. Ал агроөнеркәсіп және азық-түлік секторындағы ықпалдастыққа келер болсақ, бұл бағыттағы әлеуетіміз зор. Қазақстан Қытай нарығына экологиялық таза ауыл шаруашылығы өнімдерін тұрақты жеткізе алады деп санаймыз»,- деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Президенттің айтуынша, Қазақстанның шекаралас төрт облысы мен Шыңжаң өлкесі арасында тығыз байланыс орнаған. Қазақстанның Қытаймен сауда-саттығының жалпы көлемі бойынша Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданының үлесі 40 пайыздан асады. Еліміздің Шыңжаңмен тауар айналымы биылғы жартыжылдықта 87 пайызға өсіп, 8,5 миллиард доллар болды.
Сонымен қатар мемлекет басшысы Қазақстан мен Қытай арасындағы үшінші теміржол өткелін салудың маңыздылығына назар аударды. Президент осы жобаны іске асыруға жақын арада кірісуге болады деп есептейді.
Жаңалықтар
- Respublica партиясы Құрылтай тізіміне 76 адамын бекітті
- Шымкентте Нұрайдың өлімі бойынша іс прокуратураға өтті, отбасы тергеу қорытындысымен келіспейді
- «Ақ жол» партиясы Құрылтайға 63 кандидат ұсынды
- Бекет ата мешітіне зияратқа аттанып, хабарсыз кеткен үш адам табылды
- Бір күнде 26 су басу жағдайы: Алматы әкімдігі жаңбыр салдарын жоюмен белсенді күресіп жатыр
- Маңғыстауда Бекет ата жерасты мешітіне зиярат етуге кеткен үш адам ізім-ғайым жоғалып кетті
- 17 жастағы Алдияр Аңсат жаңа гроссмейстер атанды
- ҚМДБ Қазақстанның бас мешітіне «Нұрсұлтан мешіті» атауын берді
- ӘЧ-2026: Марокко құрамасы Канаданы жеңіп, ширек финалға шыққан алғашқы команда атанды
- АҚШ пен Иран 11 шілдеде Пәкістанда тағы да бітім тақырыбын қарастырады
- Президент Қазақстан халқын Ұлттық Домбыра күнімен құттықтады
- Қытай көліктері қымбаттады: ZEEKR құны Cadillac және Lincoln-мен бірдей болды
- Еуропадағы рекордтық ыстық Швейцария мұздықтарын ерітіп жатыр
- Алматының Төле би көшесінде жантүршігерлік жол апаты болды
- Қарағандыда екі «әлеуметтік қызметкер» 94 жастағы кейуананың миллион теңгесін үптеп кеткен
- Тоқаев Трампты АҚШ тәуелсіздігінің 250 жылдығымен құттықтады
- Қазақстан делегациясы Ирандағы аятолла Хаменеимен қоштасу рәсіміне қатысты
- Адам өліміне әкелген жарылыстан кейін «Қазмырышқа» миллиондаған айыппұл салынды
- Елімізде Домбыра күніне орай екі мыңнан астам іс-шара өтеді
- Астанада ірі өрт шығып, көліктер мен жанар-жағармай қоймасы өртенді