Тоқаев әскердегі сарбаздардың қазасына қатысты кеңес өткізді
Фото: Ақорда
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қарулы Күштердегі, басқа да әскерлер мен әскери құрылымдардағы әскери және құқықтық тәртіп мәселелері бойынша кеңес өтті, деп хабарлайды Orda.kz.
Ақорданың хабарлауынша, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев күштік құрылым басшыларымен кеңес өткізіп, онда бас прокурор Берік Асылов, ішкі істер министрі Ержан Сәденов, қорғаныс министрі Дәурен Қосанов әскерилер арасындағы «тәрбие жұмыстары» туралы баяндама жасаған.
«Президент заң мен тәртіпті одан әрі қамтамасыз етуге, әскердегі тәрбие жұмысын жетілдіруге, әскери қызметшілердің мерт болуына және жарақат алуына жол бермеу бойынша қабылданған шаралардың тиімділігін арттыруға бағытталған бірқатар нақты тапсырма берді» деп жазылған Ақорда хабарламасында.
11 қарашада Астанада балалары әскери борышын өтіп жүрген кезде қаза болған немесе жарақаттанған ата-аналар митиң өткізіп, биліктен реформа жүргізуді, жапа шеккендерге әділ өтемақы төлеуді талап еткен. Ақыры арнайы жасақ келіп, аналарды автобустарға күштеп отырғызып, полиция бөлімшесіне алып кетті. Дегенмен Тоқаев бас прокурорға ата-аналардың арызын қарауды тапсырды.
Еске сала кетсек, бұған дейін Еркебұлан Сағындықов Маңғыстау облысында мерзімді әскери борышын өтеп жүріп қаза тапты. Бұл шекара қызметінің сарбазының өлімін «бензинге уланды» деп, түсініксіз «кездейсоқ оқиға» ретінде жапты.
Ал 5 қазан күні Алматы облысында қаза тапқан сарбаздың туыстары Алматы қаласындағы орталық мәйітханадан оның денесін ала алмай отырғанын хабарлады. Ресми деректерге қарасақ, 18 жастағы Нұрасыл Әнуар менингококцемия деген диагноздан көз жұмған. Жақындары бұл нұсқаға сенбейді.
Ал Шынарбек Дінмұхаммед Талғатұлы өзіне-өзі қол салды. Мүрдесін көруге ата-анасы Алматы қаласына келді. Orda.kz тілшісі марқұмның ата-анасымен сөйлесіп, жағдайға қатысты пікірлерін білді.
23 қыркүйекте Маңғыстау облысында 18 жастағы жас сарбаз Cұлтан Шынтеміров жындыханаға түсті.
Бұл биыл белгілі болған жаңалықтардың бір парасы ғана.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық