«Мүрдесін ала алмадық»: Алматы облысында көз жұмған сарбаздың туыстары Тоқаевқа үндеу жасады
5 қазан күні Алматы облысында қаза тапқан сарбаздың туыстары Алматы қаласындағы орталық мәйітханадан оның денесін ала алмай отырғанын хабарлады. Orda.kz тілшісі оқиғаның мән-жайын анықтап қайтты.
Нұрасыл 2006 жылы 16 желтоқсанда дүниеге келген. 18 жасқа толған соң, 28 қыркүйекте Қызылорда қаласынан әскерге аттанған. Араға бір апта салып, туыстарына оның қаза болғаны туралы суық хабар жетті.
Нұрасылдың әпкесі Динараның айтуынша, інілері әскерге өз еркімен кеткен және денсаулығына қатысты ешқандай шағым болмаған.
«Нұрасыл үйдің кенжесі еді. Әскерге өзі барды, денсаулығы жақсы болатын. Кеше кешкісін, яғни 4 қазан күні, ағасына қоңырау шалып: «бұл жер болмайды екен» деп қайта-қайта айтқан», – деді Динара.
Оның сөзінше, Нұрасыл ағасымен сөйлескен сәтте «әскер мен ойлағандай емес» екен деген.
«Бізге хабар 5 қазан таңғы 7:40-та келді. Ал 4 қазан күні 4:47-де жедел жәрдем шақырылған. Ініміз жедел жәрдем жетпей көз жұмған. Таңғы сегізден бері мәйітті күтіп отырмыз, әскери бөлімде денесі бес сағат бойы әлі тұр. Айтуларынша, құжаттар дұрыс толтырылмаған», – деді ол.
Динара сұхбат беріп тұрған сәтте әскери көлікпен сарбаздың денесі сараптамаға жеткізілді. Сараптамадан соң оны Қызылордаға алып кетеді. Сарбаз туған жерінде жерленеді.





Әпкесінің айтуынша, Нұрасылдың денсаулығында ақау болса, ол әскерге кетер алдындағы медициналық тексерісте анықталар еді.
«Бұл диагноз белгілерін 24 сағат бұрын көрсетуі керек. Мұндай диагнозбен адам бір күнде қайтыс болуы мүмкін емес. 4 қазан күні кешкі төрттен бастап Нұрасыл ағасы мен әпкесіне хабарласып: «әскер ұнамай жатыр» деп айтқан. Ағасы денсаулығын сұрағанда: «бәрі жақсы» деп жауап берген», – деді Динара.
Сарбаз өз армандарын қағазға жазып жүрген. Туыстарының айтуынша, егер денсаулығында мәселе болса, ол алдымен соған шағымданар еді.
2025 жылғы 5 қазанда Алматы облысы бойынша департаменттің медициналық қамтамасыз ету бөлімінде ҰҚК Шекара қызметінің қатардағы әскери қызметшісі қайтыс болған.
Алдын ала мәлімет бойынша, дәрігерлер өлім себебін менингококцемия – менингококк инфекциясының ауыр түрі деп атады. Бұл ауру кезінде бактериялар қанға өтіп, сепсис тудырады. Дерт тез өршіп, өмірге елеулі қауіп төндіреді.
Шекара қызметі бұл жағдай бойынша қызметтік тергеу жүргізіліп жатқанын, сондай-ақ полиция сотқа дейінгі тергеуді бастағанын хабарлады.
Марқұмның мәйітін көруге кіріп шыққан жездесі оның үстіне бөртпе шығып кеткенін көргенін айтты. Ол кісі тілішінің «осы диагноз қойылғанда бөртпе пайда бола ма?» деген сұрағына « әр жағдайда әртүрлі» деп жауап берді. Ол кісі өзі хирург болып жұмыс істейтіндіктен медициналық жағдайларды біледі деп ойлаймыз.
Экспертиза қорытындысы ертең сағат 9-да дайын болады. Марқұмның денесін Қызылордаға алып кету үшін сағат 4-ке ұшақ дайындалып жатыр.
Еске салсақ, Алматы қаласында №5571 әскери бөлімде мерзімді қызмет атқарып жүрген сарбаз ауыр жарақат алды, ол ғимараттың үшінші қабатынан секіріп кеткен болатын.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық