«Қастық жасады»: Маңғыстаудағы әскерде уланып қаза тапқан сарбаздың туыстары мәлімдеме жасады
Фото: Еркебұланның жеке мұрағатынан
Еркебұлан Сағындықов Маңғыстау облысында мерзімді әскери борышын өтеп жүріп қаза тапты. Туыстары құзырлы мекемелердің берген жауаптарына сенбей, марқұмның қазасын қатардағы жауынгерлерден көріп отыр.
Оқиғаның мән жайын Orda.kz тілшісіне туыстары айтып берді.
Еркебұлан өз еркімен наурыз айында Алматы қаласына әскерге аттанған. Еркебұланның мамандығы — жедел жәрдем дәрігері.
Бұл бейнежазбада сержант Еркебұланның қалай қаза тапқанын айтып жатыр.
«Алматы қаласында үш ай әскерде болды. Ант қабылдауға барғанда денсаулығы бәрі жақсы болды. Үш айдан кейін Еркебұланды ауыстырып жіберді. Әскерде мамандығымен жұмыс істеп жүрді. Сонымен қатар футболмен айналысатын, тіпті ол жерден үздік футболшы деген атағын да алып еді. Еркебұланға Алматыдағы әскер ұнады. Үш айдан кейін Маңғыстау Үстіртке ауыстырды. Сол жақтан бастап жағдайы нашарлай бастады», — деді марқұмның жеңгесі Ажар.
Ажардың айтуынша, Маңғыстауға ауысқаннан кейін Еркебұланның ақша сұрауы жиілеп, жүріп жүрген қызына бұл жақтың ұнамай жатқандығын айтқан.




«Еркебұлан досы мен қызына қайтқысы келіп жүргенін айтыпты. Сонымен қатар Еркебұлан досына қатардағы сарбаздармен жиі ерегесіп қалатынын айтқан. Кейін анасынан: «басқа жаққа ауысуға мүмкіндік бола ма?» деп сұрапты. Қаралы хабарды таңғы төртте жеткізді. Ешқандай мән-жайды түсіндірмеді. Мән-жайды білу үшін жан-жақтан ағайын-туысты жинап солар арқылы шықтық», — деді Ажар.
Туыстарының сөзінше, оқу жаттығу кезінде өз мамандығымен жұмыс істеген. Ал бізге берген мәліметте электор-дизилист деп көрсеткен.
«Бәрі тамақтанып отырған кезде Еркебұланды бензинге жұмсаған. Бензинді алатын кезде, яғни канистраға толтыратын кезде улы газдан (көміртек тотығынан) уланып қалды деп айтты. Айтып отырғандары миға қонымсыз. Ол неге қолмен алады бензинді? Шлангымен құйып алады ғой. Біз шлангыны көрсетуді сұрадық. Олар бізге су жаңа шланганы көрсетті. Олар мұны сол күні әкеліп қойды», — деді жеңгесі.








Ажардың айтуынша, Үстірт ауылы өте шаңды ауыл. Ол жақта жағдай жасалмаған. Еркебұлан мен бірге 80 сарбаз борышын өтеп жатқан. Бірақ қазір 40 шақты сарбаз қалыпты.
«Еркебұлан достары мен қызына 10 күндей су болмағанын айтыпты. Ұят та болса айтайын бір-біріміздің кіші дәретімізді ішуге дайынбыз. Жуыну былай тұрсын деп айтыпты. Жағдайы барлар балаларын басқа жаққа ауыстырып алған. Жедел жәрдем шақырғанда 3 жарым сағаттан кейін ферталетпен келіпті. Інімізге алғашқы жанындағы бірге әскери қызметін атқарып жүрген жолдасы көмектескен. Сонда ол жерде алғашқы көмек көрсететін дәрігер де жоқ. Суынан уланып біраз сарбаз ауруханаға түсіпті. Ініміздің соңғы демі өте лас жерде үзіліпті», — деді Ажар.

Еркебұланның туыстары: «әскерде қысым жасалды» деп отыр. Сегізінші қазан күні Ақтау қаласына әкеліп экспертиза жасалды. Тоғызыншы қазан жер қойнауына тапсырды.
Оқиға 7 қазанда «Үстірт» шекара заставасында болған. Бөлім командирінің тапсырмасымен әскери қызметші дизель-генератор радиаторын жуу үшін бензин әкелу мақсатында қоймаға барған.
Тапсырманы орындамақ болған сарбаз жанармай буларына уланып, есінен танып қалғаны хабарланды. Шамамен 10 минуттан кейін басқа сарбаз оның жерде сұлқ жатқанын байқап қалған. Сарбаз зардап шеккен қызметшіге көмек көрсетуге тырысқан. Алайда ол көз жұмды.
ҰҚК баспасөз қызметі әскери қызметшінің қаза болғаны туралы ақпаратты растады.
«Маңғыстау облысы бойынша Шекара қызметі департаментінде қайғылы жағдай болды. Мерзімді қызметтегі әскери қызметші қаза тапты. Алдын ала мәлімет бойынша, қайғылы оқиғаға техникалық жұмыстар кезінде қауіпсіздік шаралары сақталмағаннан болған», – деп хабарлады ҰҚК.
Ведомствоның мәліметінше, полиция органдары қылмыстық іс қозғаған, қосымша қызметтік тексеріс те жүргізіліп жатыр.
Еркебұлан Қызылорда қаласының тумасы. Айта кетейік, 5 қазан күні Алматы облысында әскери борышын өтеп жүрген Нұрасыл қаза тапқан еді. Ол да Қызылорда қаласының тумасы.
Әскердегі әлімжеттік пен өз-өзіне қол жұмсау немесе ұрып соғу салдарынан қанша сарбаз мүгедек болды, қаншасының мүрдесі ғана қайтты? Қаншама жылдан бері айтылса да, ешқандай өзгеріс жоқ. Қолдарына әскери билет емес жынды деген қағазын ұстап қайтқан сарбаздар бар. Таразының бір басында адам өмірі тұрған соң, әскердегі зорлық-зомбылық мәселесіне билік баса назар аударады деп үміттенеміз.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық