Талдықорғандағы Назарбаев көшесін Тәуелсіздік деп атауға дайынбыз - әкім
Жетісу билігі экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың атындағы көшенің атын өзгертуге және оның ескерткішінен бас тартып, ұлы ақын Абай Құнанбаевтың ескерткішін орнатуға дайын, деп хабарлайды ҚазТАГ облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
- Абай Құнанбаевтың ескерткішін орнату мәселесі үшінші жыл шешімін таппай келеді, неге шешілмейді? – деп сауал қойды Талдықорған қаласының тұрғыны облыс әкімі Бейбіт Исабаевпен кездесуде.
Аймақ басшысы ақын ескерткішінің құны қазірдің өзінде 300 млн теңгеге дейін бекітілгенін айтты.
- Ақшаның бір бөлігі алдын ала төленді. Бабамыздың ескерткіші Алматыдағы шеберханада құйылып жатыр. Оның биіктігі тұғырды есепке алғанда 9 метрге жетеді. Бұл үлкен ескерткіш болады. Екі-үш айдың ішінде дайын болады. Ендігі мәселе – бұл ескерткішті Жетісу өңірінің қай жерінде орнату керек? Менің ойымша, оны қаланың орталығына орнату керек, - деді Исабаев.
Одан кейін жиынға қатысқан тағы бір тұрғын бөлек ұсыныс айтты.
- Сізге, облыс басшысына айтар болсам, орталықта Абай көшесіне жастар Абай әндерін шырқайтын ескерткіш орнату туралы ұсыныс бар. Ал екіншісі – Назарбаев көшесінің бұрынғы атауы – Тәуелсіздікке қайтарылуы – көпшіліктің тілегі, - дейді қала тұрғыны.
Қажет болса, жұртшылық қажетті қолды жинауға дайын екенін қосты.
- Егер бұл Жетісу өңірі тұрғындарының көпшілігінің пікірі болса, әрине, біз оны тыңдаймыз, - деді Исабаев.
Айта кетсек, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Айтақын Бұлғақов Талдықорған әкімінің Талдықорған халқымен кездесуінің алдында қаңтар оқиғасы кезінде бұзылған Назарбаев ескерткішінің орнына Абай ескерткішін орнатуға шақырған болатын.
Жаңалықтар
- Вице-министр Астанадағы су тасқыны туралы: «Табиғаттан құдыретті емеспіз»
- ЖИ мәтінін тексермей оқи салған депутатты халық отставкаға кетсін деп жатыр
- «Баламның балалық шағын жоқ қылды»: Ақтаудағы стоматологиялық емнен кейін 4 жасар бала жағынан айырылды
- Дастан Сәтбаев «Челси» сапында алғашқы голын 6-минутта-ақ соқты
- Түрмеде қап тіккен «Атамекеннің» бұрынғы басшысы Абылай Мырзахметов бостандыққа шықты
- Бектенов Алматы облысы әкіміне: «Сізді тыңдасақ – өзіңізден басқаның бәрі кінәлі екен»
- Түркістан облысында мәслихат депутатына қатысты Қытай азаматының арызы бойынша тексеру жүріп жатыр
- Желі мәдениеті: Тоғыз треш-стример жауапкершілікке тартылды
- «Орда», Ninety One және Қайрат Нұртастың әндерінің авторы Сержан Бақытжанұлы қайтыс болды
- Астана полициясы көші-қон қызметі басшысының орынбасары ұсталды – БАҚ
- Арасында қытайлықтар бар: ШҚО-да заңсыз алтын өндіріп жүргендер құрықталды
- Тоқаевқа бюджет қаражатын жымқырғандар туралы баяндалды
- Ұлытаудағы ауыл спортшылары спартакиадасы төбелеспен аяқталды
- Боралдайда 65 адам сушиден уланды: Санитарлық дәрігерлер асүйден не тапты?
- Қырғызстанмен шекарада кезек үшін жанжал шығарғандардың ісі сотқа жетті
- БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі: Вашингтон мен Париж арасындағы шиеленіс ушықты
- ШҚО-дағы арал 10 млн долларға сатылатыны рас па?
- Алматыдағы «Гелик» қатысқан жол апатынан аман қалған әйелдің жағдайы белгілі болды
- Жолаушыларға лық толы ұшақта қуаттағыш жарылып, бүкіл әуежай әуре-сарсаңға түсті
- Президент Ұлытау облысының жаңа әкіміне өңірдің тұрмыс сапасын жақсартуды тапсырды