Таяу Шығыс: Трамптың тұрақсыздығы, Ормуз бұғазы — шешілмеген шиеленіс
Коллаж: Orda.kz
2026 жылдың сәуір айындағы жағдай бойынша Таяу Шығыстағы ахуал өте шиеленісті және тұрақсыз күйінде қалып отыр. Аймақтағы қақтығыстардың ауқымы кеңейіп, геосаяси қауіпсіздікке үлкен қатер төндіруде, деп хабарлайды Orda.kz.
АҚШ пен Израиль тарапынан Иранға қарсы әскери операциялар жалғасып жатыр, соның ішінде Тегерандағы маңызды нысандарға соққылар жасалды. Иран бұған жауап ретінде зымырандар ұшырып, қақтығысты ушықтыруда.
Әуе кеңістігінің жабылып, шиеленіске байланысты аймақтағы 10-ға жуық ел өз әуе кеңістігін жауып, әуежай инфрақұрылымына зақым келді. Соғыс қимылдары мұнай нарығына тікелей әсер етіп, бағаның құбылуына себеп болып, оның экономикалық салдары айтарлықтай. Бұл қақтығыс тек аймақпен шектелмей, Иран арқылы жүретін логистикалық дәліздерге тәуелді Орталық Азия елдеріне, соның ішінде Қазақстанның экономикасы мен тауар тасымалына да әсерін тигізіп жатыр.
АҚШ кеме қатынасы компанияларына, егер олар Ормуз бұғазы арқылы өту үшін Иранға төлем жасаса, ықтимал санкциялар енгізілетіні туралы ескертті.
АҚШ Қаржы министрлігі Ормуз бұғазы арқылы өту үшін Иранға жасалатын кез келген төлемдер, соның ішінде Иранның Қызыл Жарты Айы сияқты ұйымдарға берілетін қайырымдылықтары да қатаң санкцияларға әкелуі мүмкін екенін мәлімдеді. Ескерту төлемнің түрі мен мақсатына қарамастан барлық кеме компанияларына қатысты.
Ведомство тіпті жасырын схемаларға да жол берілмейтінін атап өтті, оның ішінде «қайырымдылық» немесе жанама төлемдер де бар. Төлем түрлері ретінде валюталық аударымдар, цифрлық активтер, айырбас келісімдері мен Иранмен байланысты ұйымдарға жасалатын болуы мүмкін қайырымдылықтар аталды.
Сонымен қатар АҚШ-тың БҰҰ жанындағы тұрақты өкілі Майк Уолтц Ядролық қаруды таратпау туралы шарт жөніндегі конференцияның Иранды 34 вице-төрағаның бірі етіп сайлауын «масқара» деп атады.
«Ядролық қаруды таратпау туралы шарт жөніндегі конференция МАГАТЭ Тегеранда 60%-ға дейін байытылған 400 келіден астам уран бар екенін хабарлап отырған кезде, Иранды қалайша вице-төрағалардың бірі етіп сайлайды? Мұндай қорларды жинақтаудың ешқандай сенімді әрі ақылға қонымды азаматтық негіздемесі жоқ», — деді Майк Уолтц.
Ол мұндай абсурд америкалықтардың көпжақты халықаралық институттарға деген сенбеушілігін күшейте түсетінін атап өтті. Уолтц сондай-ақ Иранның қауіпті әрекеттерін бүркемелеуге ешқандай мүмкіндік берілмеуі керектігін қосты.
Ал Иранның СІМ АҚШ азаматтары Иранға қарсы «заңсыз соғыс» үшін өз билігін жауапқа тартуы тиіс деп мәлімдеді.
2 мамырда Иран сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Эсмаил Багаи америкалық қоғамды Тегеранға қатысты дұшпандық саясат үшін өз үкіметінен жауап талап етуге шақырды.
Багаидің айтуынша, АҚШ халқы өз көшбасшыларын «заңсыз соғысты» таңып, иран халқына қарсы ауыр қылмыстар жасағаны үшін жауапқа тартуға тек құқылы ғана емес, сонымен қатар «моральдық міндеті» бар.
X әлеуметтік желісіндегі жазбасында дипломат АҚШ Конгресінің бір мүшесінің қорғаныс министрі қатысқан тыңдауда сөйлеген сөзінен үзінді келтірді. Бұл сөзде Иран тарапынан «ешқашан АҚШ-қа тікелей қауіп төнбегені» атап өтілген.
Багаи АҚШ-тың билеуші топтары әрекетін «арандату және заңсыз әскери агрессия» деп сипаттап, бұл қақтығыс қажеттіліктен емес, Вашингтонның саналы таңдауы болғанын айтты.
«АҚШ-тың билеуші элитасы Иранға қарсы таңдаған соғыс — себепсіз және заңсыз әскери агрессия актісі екеніне еш күмән жоқ», — деп қорытындылады Иран СІМ ресми өкілі.
The Wall Street Journal америкалықтар бір күнде бензин бағасының өсуіне байланысты 125 млн доллар артық жұмсағанын жазды.
АҚШ тұрғындары бензинге бір апта бұрынғыға қарағанда 125 млн долларға көп ақша жұмсады, деп хабарлайды The Wall Street Journal.
Басылымның мәліметінше, елдегі кәдімгі бензиннің бағасы соңғы апта бойы өсіп келеді. Бұл ретте жанармайға сұраныс дәстүрлі түрде артатын жазғы сапарлар маусымы әлі басталмаған, соған қарамастан бағаның өсуі тұтынушылардың шығындарына қазірдің өзінде әсер етуде.
Италиялық «Il Manifesto» газетінің мәліметінше, Дональд Трамп әлі де соғыста жеңіске жеткенін және Иранның бейбітшілікке ұмтылып отырғанын айта береді. Алайда барлық деректер керісінше жағдайды көрсетіп тұр. Ормуз бұғазы әлі жабық, ал Тегеран зымырандар мен ұшқышсыз ұшу аппараттарын ұшыру мүмкіндігін сақтап отыр.
Америкалық CBS News телеарнасы Дональд Трамптың Иранның әскери-теңіз және әуе күштері жойылды деген сөзін күмәнға алып, бұл шындыққа сәйкес келмейтінін мәлімдеді.
Өкінішке қарай, Дональд Трамп журналистермен сөйлескен кезде АҚШ Иран армиясын жойды деген мәлімдемесін тағы да қайталады.
Сонымен қатар америкалық бірнеше БАҚ демократтардың 47%-ы Трампқа жасалған қастандық қолдан ұйымдастырылған деп санайды
Манхэттен институты жүргізген жаңа сауалнамаға сәйкес, демократтардың 47%-ы Дональд Трамп-қа Батлер (Пенсильвания) штатында сайлау науқаны кезінде жасалған қастандық оның жақтастары тарапынан қолдауды арттыру мақсатында ұйымдастырылған деп есептейді.
Манила қаласында өткен Халықаралық еңбек күні демонстрацияларында наразылық білдірушілер Дональд Трамп пен Биньямин Нетаньяхудың қуыршақ бейнелерін өртеді.
АҚШ-тың Иранға жеңілдік жасаудан басқа жолы жоқ. Мұндай қорытындыға Foreign Affairs журналы келіп отыр. Басылым АҚШ-тың Иранға қысым көрсету саясаты сәтсіздікке ұшырағаны атап өтіледі.
Материал авторлары «алтын көпір» деп аталатын тәсілді ұсынады. Ол үш негізгі бағытқа негізделген Иранның уран байыту құқығын мойындау, шабуыл жасамау кепілдіктерін беру және Иранды қалпына келтіруді қаржыландыру сияқты келісімге келу керек.
Бұның кейбірі Ормуз бұғазы арқылы толыққанды кеме қатынасын қайта жандандыру және аймақ елдерінің мұнай экспортына алым енгізу есебінен жүзеге асырылуы мүмкін.
Дегенмен Трамптың бұнымен тоқтай салар түрі жоқ, ол бүгін ғана Иранмен қақтығыс аяқталғаннан кейін американдық әуе күштерін Кубаға жіберу мүмкіндігін қарастырып жатқанын мәлімдеді.
Сондай-ақ, АҚШ президенті Дональд Трамп кеше ғана Конгреске хат жолдап, қазіргі атысты тоқтату режиміне байланысты Ирандағы әскери операцияларды жүргізу үшін заң шығарушылардың мақұлдауы қажет емес екенін айтқан болатын.
Ал бүгін АҚШ Таяу Шығыстағы одақтастарына 8,6 млрд доллар көлемінде қару-жарақ сатуды Конгрестің келісімінсіз мақұлдады. Бұл туралы Reuters хабарлады.
АҚШ Мемлекеттік департаменті бұл шешім төтенше жағдай жағдайында қабылданғанын мәлімдеп, соның арқасында заң шығарушылармен міндетті келісу рәсімінен бас тартуға мүмкіндік болғанын атап өтті.
Катар 4,01 млрд доллар көлемінде Patriot әуе қорғаныс жүйелеріне қызмет көрсету және 992,4 млн долларға APKWS қару-жарағын алады. Кувейт үшін 2,5 млрд долларға интеграцияланған жауынгерлік басқару жүйесін жеткізуді мақұлданды.
Израиль мен БАӘ де тиісінше 992,4 млн және 147,6 млн доллар көлемінде APKWS жүйелерін алады. Негізгі мердігерлер ретінде BAE Systems, RTX, Lockheed Martin және Northrop Grumman компаниялары белгіленген. Бұл шешім екі айдан астам уақыт бойы жалғасып жатқан Иранмен қақтығыс аясында қабылданды.
АҚШ аймақтағы одақтастарына әскери қолдау көрсетуді жалғастырып келеді, бұған құқық қорғау ұйымдары тарапынан сын айтылса да, өз дегенінен қайтар емес.
Оқи отырыңыз:
- Иран АҚШ-пен бейбіт келіссөздер барысында жаңа ұсыныс жолдады
- Трамп Конгреске Иранға қарсы соғыс қимылдары аяқталғаны туралы хат жолдады
- Трамп ирандықтармен кездесу барысында тағы құбылып, делегация жібермейтін болды
- Иран СІМ: Еуроодақтың өзі АҚШ пен Израильдің әскери қылмыстарын қолдап отыр
Жаңалықтар
- Жұқпалы аурулар маманы: Екпе ауру қоздырады деген — қауесет
- Таяу Шығыс: Трамптың тұрақсыздығы, Ормуз бұғазы — шешілмеген шиеленіс
- «Kazakh Tazy» аясында ұлттық тұқымға қызығушылық артты
- Этносаралық «Алтын шаңырақ» айтысында неміс ұлтының өкілі тамаша өнер көрсетті
- Смадияров: Польшада ұсталған қазақстандық Тоқаевтың арқасында босатылды
- Трамп Конгреске Иранға қарсы соғыс қимылдары аяқталғаны туралы хат жолдады
- Таразда гимназия аумағында оқушы биіктен құлап, ауыр жарақат алды
- Түркістан облысының құтқарушылары 81 адамды эвакуациялады
- Енді ұшақ бортында домбыра тасымалдауға болады
- Иран АҚШ-пен бейбіт келіссөздер барысында жаңа ұсыныс жолдады
- Астанада ер адам баласы бар арбаның жанында әйелін ұрған: Бейне желіге тарады
- СҚО-да ер адамның мәйіті бірнеше күн бойы төсектің астында жатқан: Әйел 14 жылға сотталды
- Ақмола облысында «Қазгидромет» қызметкері бір айға жуық уақыттан бері табылмай жатыр
- Жамбыл облысында жанармайды заңсыз әкету схемасы әшкереленді
- Польша Қазақстанның әскери атташесі Әнуар Бәкібайды босатты
- Төсекке байлап қойып, үнемі ұрып-соққан: 26 жастағы ер адам туған қызын өлтірген
- Блогер Қайсар Қамза қамауға алынғаны туралы ақпараттан кейін Вьетнамнан видео жариялады
- Трамптың ұлдары Қазақстанмен вольфрам өндіруге қатысты ірі мәміле жасады
- Қазақстандағы қылмыстық криптоағындарға соққы: 9,7 млн USDT бұғатталды
- Жамбыл облысында 28 этнос өкілдері қауіпсіздік жолында қызмет етіп жүр