Трамп ирандықтармен кездесу барысында тағы құбылып, делегация жібермейтін болды
Сурет ЖИ көмегімен жасалды
АҚШ президенті Стив Уиткофф пен Джаред Кушнердің америкалық-ирандық келіссөздер үшін Пәкістанға баратын жолы кесті. «Әрқашан қоңырау шалуға болады» деген Трамп ирандықтармен кездесу үшін өкілдерін жіберуден бас тартты деп хабарлайды Orda.kz.
Ол Truth Social әлеуметтік желісінде бұл сапарларға тым көп уақыт жұмсалғанын жазды.
«Оның үстіне, олардың басшылығында үлкен тартыс пен бейберекетсіздік бар. Кімнің басты басшы екенін ешкім білмейді, өздері де түсінбейді. Сонымен қатар бізде барлық мүмкіндік бар, ал оларда бірде-бір мүмкіндік жоқ! Егер сөйлескілері келсе, тек қоңырау шалса жеткілікті» деп жазды Трамп.
Ал Иранның сыртқы істер министрі Аббас Аракчи Пәкістан басшылығымен келіссөздер жүргізіп, Исламабадтан кетіп қалды.
«Бұл сапарда мен соғысты түпкілікті тоқтатудың нақты әрі іске асатын шеңберлері жөніндегі Иранның ұстанымын түсіндірдім. АҚШ-тың дипломатияға шынымен де байыпты қарайтынын әлі анықтауымыз керек» деп жазды ол әлеуметтік желіде.
Бұған дейін Тегеран 22 сәуірге жоспарланған келіссөздердің екінші кезеңінен бас тартқан. Бұған Вашингтон тарапынан келісімдердің орындалмауы және шамадан тыс талаптар себеп болған.
Кеше АҚШ президенті Израиль мен Ливан арасындағы атысты тоқтату режимін тағы үш аптаға ұзартқанын мәлімдеді. Ал бірнеше күн бұрын Иранмен бітімді де ұзартқанымен, нақты мерзімін атамады және порттағы блокадасын сақтап қалды.
АҚШ пен Иран бейбіт келіссөздерді қашан қайта бастайтыны әзірге белгісіз.
Оқи отырыңыз:
- Ақ үй Уиткофф пен Кушнердің Пәкістанға бет алғанын растады
- Трамптың қоқан-лоққысы және жүзеге аспай тұрған бітім: АҚШ–Иран соғысы қай кезеңде?
- Иран мен АҚШ арасындағы бітімгерлік келіссөздер өте ме?
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық