Трамп Конгреске Иранға қарсы соғыс қимылдары аяқталғаны туралы хат жолдады
Фото: АҚШ БАҚ-тарынан
АҚШ президенті Дональд Трамп кеше Конгреске хат жолдап, қазіргі атысты тоқтату режиміне байланысты Ирандағы әскери операцияларды жүргізу үшін заң шығарушылардың мақұлдауы қажет емес екенін түсіндірді, деп хабарлайды Orda.kz NBC News-ке сілтеме жасап.
Бір хат Өкілдер палатасына, екіншісі Сенатқа жолданған.
«2026 жылғы 7 сәуірде мен екі апталық атысты тоқтату туралы бұйрық бердім. Содан бері ол ұзартылды. 2026 жылғы 7 сәуірден бастап АҚШ пен Иран қарулы күштері арасында оқ алмасу болған жоқ. 2026 жылғы 28 ақпанда басталған әскери іс-қимылдар тоқтатылды. АҚШ-тың Иран режиміне қарсы табысты операцияларына және тұрақты бейбітшілікті қамтамасыз ету жөніндегі жалғасып жатқан күш-жігерге қарамастан, Ираннан келетін қауіп АҚШ пен біздің қарулы күштер үшін әлі де айтарлықтай» деп жазды ол
Ақ үй басшысы Конгресс басшылығын оқиғалардың әрі қарайғы дамуы туралы хабардар етіп отыруға уәде берді.
Бұл хаттар конгрессмендер тарапынан соғыс жүргізуге ресми рұқсат беру мәселесін дауысқа салу жоспарланып отыр ма деген сұрақтар көбейген кезде жолданды. 1973 жылғы Әскери өкілеттіктер туралы резолюция бойынша, егер әскери қақтығыс 60 күннен асса, президент Конгресстің мақұлдауын алуы тиіс. Заң әскерді қауіпсіз шығару үшін қосымша 30 күн сұрауға да мүмкіндік береді, алайда Трамп өз хатында бұл туралы айтпаған.
«Мен өз міндеттеріме және АҚШ-тың сыртқы саясатын жүргізу жөніндегі конституциялық өкілеттіктеріме сәйкес, сондай-ақ Жоғарғы бас қолбасшы және атқарушы билік басшысы ретінде АҚШ қарулы күштеріне бұйрық бердім және беруді жалғастырамын», — деді Ақ үй басшысы.
АҚШ-тың Иранға қарсы әскери соққылары ресми түрде 28 ақпанда басталған, алайда Трамп әкімшілігі Конгреске бұл туралы 2 наурызда хабарлаған, сол кезден бастап 60 күндік мерзім есептеле бастады.
Жұма күні Трамп Ақ үйден шығып, Флоридаға бет алған кезде журналистерге Конгрестен мақұлдау сұрауды жоспарламайтынын айтты.
«Бұл бұрын да талай рет болған, ешкім бұған дейін мұндай рұқсат алмаған. Мұны мүлде конституцияға қайшы деп санайды, бірақ біз әрдайым Конгреспен байланыстамыз, дегенмен ешкім мұндайды сұраған емес. Бұл ешқашан қолданылмаған. Неге біз басқаша болуымыз керек?» — деді ол
Кеше Иранның мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралдары Иранның Пәкістанның делдалдығымен АҚШ-қа келіссөздер туралы жаңа ұсыныс жібергенін мәлімдеді.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- Есіл өзенінде 20 жастағы жігіт қаза тапты: Денесі әлі іздестіріліп жатыр
- Future Games: Қазақстан намысын жалғыз команда қорғайтын болды
- УЕФА мен оған мүше 55 ел ФИФА жарыстары мен Әлем чемпионатына бойкот жариялады
- Зорланғанын айтқан қыздың арызын елемеген полицейлерге сот үкімі шықты
- Bazis-A негізін қалаған Александр Беловичтің ісі бойынша Татьяна Белова түрмеге тоғытылды
- Тоқаев бірқатар судьяларды орнынан босатты
- Тоқаев Ыстықкөлдегі Орталық Азия елдері мен Әзербайжан жетекшілерінің бейресми кездесуіне қатысады
- АҚШ-та Трамптың портреті бейнеленген паспорттар беріле бастады
- Испания шекарасын бұзған мыңдаған мигрант Еуропаны дүрліктірді
- Трамп ХАМАС-тың толық қарусыздану жөніндегі «тарихи» келісім жасалғанын мәлімдеді
- Елімізде 450 мың оқушыға 23 миллиард теңге қаржылай көмек қарастырылған
- Қытайдың «мұнай жұмбағы»: Тағы да жұмсақ күш танытпақшы ма?
- Армения үкіметі отставкаға кетеді, билік қайтадан Пашинянның қолында қала ма?
- ҰҚК Оңтүстік Кореяның 14 азаматын қолға түсірді
- КҚК теңіз терминалына дрондар шабуыл жасады: Мұнай тиеу уақытша тоқтатылды
- LRT тамыздан бастап жаңа тарифке көшеді
- Павлодарда пациенттерді ұрып-соғу туралы ақпараттан кейін психикалық денсаулық орталығында тексеріс басталды
- Қамшыбек Тәшиев мемлекеттік төңкеріс жасау әрекетіне қатысты апелляциялық шағым түсірді
- Таразда көңілдесі қызғаныштан әйелді тұншықтырып өлтірді
- Балқаш жағасында көлікпен қауіпті әрекет жасаған жүргізуші 10 тәулікке қамалды