Тұтынушылар кооперативінің тұрғындары наразылық білдірді

Алматы қаласы Бостандық ауданына қарасты «Мамыр, Таң, Достық» тұтынушылар кооперативінің тұрғындары «алаяқтықпен жерімізді тартып алды» деген талаппен наразылық білдіруге жиналды.
Бұл туралы Orda.kz хабарлайды.
Саяжай тұрғындарының айтуынша, осыдан 13 жыл бұрын «Таң» өндірістік кооперативін басқарған Күләш Келмурзанова қызметте отырған уақытында тұтынушылар кооперативінің (бұдан әрі ТК) жерін өзінің күйеу баласының атына уақытша тіркеп қойған. Ал, қазіргі таңда сол жерді күйеу баласының жекеменшігі екенін алға тартып, соттасуға дейін барған. Сотта халықтың уәжін ескерілмей, жеңіп кеткен. ТК тұрғындары сот шешімімен келіспейді.

Наразы тұрғындар «Тұрғындар талабына құлақ асыңдар», «Біз әділетті сот шешімін талап етеміз», «Біз судья Ғалия Мұратқызының әділетсіз шешіміне қарсымыз»» деген жазулары бар плакаттарын алып «Таң» өндірістік кооперативінің алдында жиналды.


– Бұрында осы бірлестікті басқарған Күләш Келмурзанова ханымның КСК ге тән ортақ жер телімін күйеу баласының атына заңсыз тіркеп, араға 13 жыл салып толық иемденіп алуға талпынуы шын мәнінде қылмыс. Ал судья Ғалия Онланбекова ханымның дәлел - дәйектерді ескермей, соншама тұрғынның құқығын аяққа таптайтын шешім шығаруға не себеп болғаны бізге мүлдем түсініксіз.
Біз қала әкімі Бақытжан Әбдірұлы Сағынтаев мырзадан, Алматы қалалық сотының төрағасы Смаилов Асқар Спартакович мырзадан аталған әделітсіздікке жол бермеуге шақырамыз.
Біз ортақ мүлкімізді қорғау және әділеттілікке қол жеткізу жолында топтасып үндеу жасайтынымызды мәлімдейміз, - дейді саяжай тұрғыны Алмас Ахметбекұлы.
Бостандық аудандық сотының шешімімен келіспейтін ТК өкілдері Алматы қалалық әкімдігі мен қалалық сотқа арыз жазатындарын, талап орындалмаған жағдайда наразылық жиынын ұйымдастыратынын айтты.

Тұрғындардың айтуынша, бұл балалар ойнайтын жалғыз алаң. Олар жан-жағын жайқалтуға тырысып жүрген тұрғындардың жері жекеменшікке айналып кете ме деп қорқады.
– Олар саяжайды алаяқтық жолмен алып отыр. Біз бұл жерге қоқыс тастайтын орын жасадық, сонымен қатар тұрғындардың проблемаларын шешу үшін жиындардың барлығы осы жерде өтетін. Күләш жұмыстан кеткеннен кейін күйеу баласы Қуаныш екеуі осы жерге таласып тұр, бұл олардың емес, тұрғындардың жері, - дейді «Таң» өндірістік кооперативінің төрағасы Александр Березин.
Жаңалықтар
- Қайрат Қожамжаровтың тобы: Бұрынғы арнайы прокурор Олеся Кексель ұсталды
- Қасым-Жомарт Тоқаев Нұрсұлтан Назарбаевты мерейтойымен құттықтады
- «Лас жүйеге мойынсұнбаймыз»: Түркияда үш қаланың әкімі ұсталды
- Астанадағы LRT: Мәжіліс депутаттары жаңа пойыздарды сынап көрді
- Режиссер Сламбек Тәуекел дүниеден озды
- Сағындық Тоғамбай Астанадағы Әлем кубогының қола жүлдегері атанды
- Алаяқтардың айласы: Ардагер журналист Кәкен Қамзин үйінен айырылып қалуы мүмкін
- Трамп салық және шығындар туралы заң жобасына қол қойды
- Павлодарда таң атпай алапат өрт шықты
- Атырау облысында тағы да бір ұшқышсыз ұшатын құрылғы құлады
- Ұлт рухының айнасы: Қазақстан академиялық тарихының алғашқы томы қаралды
- «Назарбаев болғым келеді»: Елбасының әулетіне қосылып табысты кәсіпкерге айналған академик Есполовтың немересі
- Алматыда алып қазақ қызының ақша басы орнатылды: Мүсіннің маңызы және жұмсалған қаражат жайлы
- Жалғызбасты мүгедек анасын асырап жүрген сарбазды әскерге күштеп әкетіп, жындыханаға жатқызды
- Ақтөбеде қарызға батып бүйрегін сатпақ болған азамат сот залынан босатылды
- «Емделуге кеткен әкем табытпен оралды»: Қызы президенттік аурухана дәрігерін немқұрайдылық танытты деп айыптайды
- Батыс Қазақстанда киік ату басталды
- Қайрат Қожамжаровтың тобы: Антикордың экс-басшысы ұсталды
- Іс сотқа өтті: Қасақана өлтіріп, Жайыққа тастаған бойжеткеннің мүрдесі табылмады
- «Өлтіріп жатыр» деп айқайладым: Әншінің жұбайы күйеуі ұрып-соққанын айтты