Төтенше жағдайдан кейінгі «Бұқар Жырау Тауэрс»: тұрғындар өмірі қалыпты

«Бұқар Жырау Тауэрс» тұрғын үй кешенінде сенбі күнгі оқиғадан кейін тұрғындар естерін әлі жимаған көрінеді.
Orda.kz журналистері қала тұрғындарының атыс, қоршауға алу және эвакуациядан кейінгі жағдайларын білу үшін оқиға орнына барды.
Келесі күні тұрғын үй кешені бұрынғы қалпына қайта келгендей — балалар аулада ойнап, ересектер серуендеп жүр. Тергеу шараларын жүргізіп жатқан полиция қызметкерлері ғана кешегі күнді еске салатындай.

Айтпақшы, патруль қызметкерлері үйдің барлық есіктерін жауып, кіреберіс есіктен тек тұрғындардың кіруін қатаң қадағалауда. Біздің журналистер полицияның қонаққа келген жас жігітті кіргізбей қойғанын көрді. Мән-жайды ешкім түсіндірмеді.
Сол күнгі жанжалға себеп болған, қайтыс болған тұрғынға тиесілі дивандар кіреберісте тұр.

Тұрғын үй кешенінің күзетшілері төтенше жағдайға байланысты түсініктеме беруден бас тартты.
— Мен ештеңе білмеймін, ауысымға енді түстім. Бұл жағдай туралы естіген жоқпын. Күзетшілер бір-бірімен мүлдем сөйлеспейді. Мен әріптесімнің ауруханада екенін ғана білемін, - деді күзетшілердің бірі.
Тұрғындар, өз кезегінде, болған жағдайды талдауға тырысады. Әзірше көршілер бір-біріне үрке қарайтын сияқты.
— Мылтықтан оқ жаудырған адам мұнда ұзақ уақыт, бес жылдан астам уақыт тұрды. Кейбір тұрғындар оны құрбан деп есептейді! Бірақ ол өте дөрекі адам болатын, барлық көршілермен жанжалдасып шықты. Оны тіпті көршілер чатынан шығарып жіберген. Біз миллион долларлық пәтерді сатып алған соң, аулада біреудің қоқысы тұрғанын қаламадық. Көршілер одан ортақ қолданылатын жерде тұрған дивандарын шығарып тастауды сұрады. Содан кейін ПИК қызметкерлері дивандарды сыртқа шығарып тастады. Бұл жағдай оның ашуын қоздырды. Кешегі оқиғадан кейін ол қатты қорыққан болуы керек. Сондықтан терезеден секіріп кеткен шығар, - деді үй тұрғындарының бірі.
— Бұндай оқиғалар күнде бола бермейді. Біз таң қалдық!
Учаскелік полицейлер ешкіммен сөйлескілері келмеді. Біздің: бұл жағдай қалай болды, тұрғындар сіздерге хабарласты ма, - деген сияқты бірнеше сұрағымызға бір ғана жауап қайтарылды:
— Біз ештене білмейміз. Салтанат Әзірбекке хабарласыңыз.

Барлығын білетін Алматы қаласы ІІД баспасөз қызметінің басшысы жақын арада болған оқиғаға қатысты түсініктеме беріп, оқиға кезінде учаскелік полиция қызметкерінің қайда болғаны және оқиғаның шиеленісіп бара жатқан қақтығыстан хабардар болғаны туралы айтып береді деп үміттенеміз.
— Мен кеше болған жоқпын. Оқиға орнына қазір ғана келдім. Не болып жатқанын білмеймін. Қазір тек жағдайды бақылап қайту үшін келдік, - деді полицейлердің бірі.
Полиция департаментінің баспасөз хатшысы Салтанат Әзірбек Orda.kz сұрақтарына жауап дайын, тек басшылықтың келісімінде екенін хабарлады.
Құқық қорғау органдары өкілдерінің қарапайым сұрақтарға реакциясы таң қалдырады.
Ол майор, бұл жерде осы кісі басшы. Мен ештеңе білмеймін және ештеңеге жауап бермеймін.
Ал біз тәртіп сақшыларымен өз ақпаратымызбен бөлісе аламыз. Мысалы, интернетте «Бұқар Жырау Тауэрс»-тегі атқыштың Әкімшілік құқық бұзушылық ісіне байланысты Дағыстан Республикасының Жоғарғы Соты жауапқа тартқаны туралы құжат бар.
— Р. А. Исаевты әкімшілік жауапкершілікке тарта отырып, Ресей Ішкі істер министрлігінің Избербаш қаласы бойынша бастығы Р. А. Исаев 2018 жылғы 19 маусымда сағат 14:30-да Избербаш қаласы, Буинакский көшесі , зу-1, 47 үйдің кіреберісінде Исаев Сайдахмед Абуевичтің және Исаев Сайид Абуевичтің туыстарына әдепсіз сөздер айтты деген қорытындысы бар. Сот үкімінде ол туыстарын қорлағаны, қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін жауапқа тартылғаны айтылған.
«Бұқар Жырау Тауэрс» тұрғын үй кешенінде орын алған оқиғаның мән-жайын біздің сенбі күнгі материалдарымыздан біле аласыздар.
Авторлар: Милана Калияс, Карина Закарина
Аударған: Мұхит Тұрсынәлі
Жаңалықтар
- Қайрат Қожамжаровтың тобы: Бұрынғы арнайы прокурор Олеся Кексель ұсталды
- Қасым-Жомарт Тоқаев Нұрсұлтан Назарбаевты мерейтойымен құттықтады
- «Лас жүйеге мойынсұнбаймыз»: Түркияда үш қаланың әкімі ұсталды
- Астанадағы LRT: Мәжіліс депутаттары жаңа пойыздарды сынап көрді
- Режиссер Сламбек Тәуекел дүниеден озды
- Сағындық Тоғамбай Астанадағы Әлем кубогының қола жүлдегері атанды
- Алаяқтардың айласы: Ардагер журналист Кәкен Қамзин үйінен айырылып қалуы мүмкін
- Трамп салық және шығындар туралы заң жобасына қол қойды
- Павлодарда таң атпай алапат өрт шықты
- Атырау облысында тағы да бір ұшқышсыз ұшатын құрылғы құлады
- Ұлт рухының айнасы: Қазақстан академиялық тарихының алғашқы томы қаралды
- «Назарбаев болғым келеді»: Елбасының әулетіне қосылып табысты кәсіпкерге айналған академик Есполовтың немересі
- Алматыда алып қазақ қызының ақша басы орнатылды: Мүсіннің маңызы және жұмсалған қаражат жайлы
- Жалғызбасты мүгедек анасын асырап жүрген сарбазды әскерге күштеп әкетіп, жындыханаға жатқызды
- Ақтөбеде қарызға батып бүйрегін сатпақ болған азамат сот залынан босатылды
- «Емделуге кеткен әкем табытпен оралды»: Қызы президенттік аурухана дәрігерін немқұрайдылық танытты деп айыптайды
- Батыс Қазақстанда киік ату басталды
- Қайрат Қожамжаровтың тобы: Антикордың экс-басшысы ұсталды
- Іс сотқа өтті: Қасақана өлтіріп, Жайыққа тастаған бойжеткеннің мүрдесі табылмады
- «Өлтіріп жатыр» деп айқайладым: Әншінің жұбайы күйеуі ұрып-соққанын айтты