«Су жоқ, шыдаңыздар»: Ақтаудағы наразы жұрт не дейді?
Фото: Orda.kz
Бірнеше жыл бойы Ақтау тұрғындары суға жарымай отыр. Ақтаулықтар суын Каспий теңізінен алады, яғни су олардың үйлеріне зауыт арқылы келеді. Алайда соңғы жылдары бұл кәсіпорындар өз міндеттерін орындаудан қалды. Бұл қала үшін нағыз коммуналдық апатқа айналып отыр.
Orda.kz осы мәселені саралап көрді.
Тұрғындар не дейді?
64 жасар Мәдина Шұнақова өз пәтерінде 10 пластикалық бес литрлік бөтелке сақтайды. Әр кеш сайын ол бөтелкелерге краннан су алып, толтырады. Себебі күндіз су жоқ. Оның үстіне тұрғындардың сөзінше, соңғы уақытта тіпті кешке де су болмай қалады.
3 қыркүйекте Ақтау 32 В шағынауданы тұрғындарының сабыры таусылып, олар көшеге шықты. Бірнеше ондаған адам жолды жауып, су беруді талап етті. Бұл бейнежазбалар әлеуметтік желілерде тарап кетті.
«Мен қазір ЖЭК-ке (КСК деп атайтын) қоңырау шалып отырмын, ал олар телефонды алмайды. Үнемі осылай. Енді кімнен талап етуіміз керек?» — деп шағымданады әжей.
Сейпеловтер отбасы тұратын ЖК «Шанырақ» үйінің тұрғындары судың мәселесін өздері шешуге тырысып, бірігіп насос орнатты. Бірақ бұл жағдайды өзгерткен жоқ. Зауреш апа тұратын алтынша қабатта краннан сыздықтап қана су ағып тұр.
Билік пен әлеуметтік қызметкерлердің пікірі
Ақтау әкімдігі су туралы сұрақтарға жауап беруге құлықсыз. Журналистердің сұрауларына жауап ретінде құрғақ баспасөз баянын жібереді. Бұл жолы жергілікті билік мардымды жауап та қатпады.
«20:30-да Ақтау қаласы 32 В микрорайонының № 12 үйінің ауласында «Шанырақ» тұрғын үй кешенінің тұрғындары ауыз су жоқ болған соң жиналды. Тұрғындарға түсіндіру жұмыстарын Ақтау қаласының әкімдігі, Ақтау қаласының прокуратурасының өкілдері және «Каспий жылу су арнасы» ММК жүргізді. Түсіндіру жұмыстары аяқталған соң, барлық тұрғындар үйлеріне тарады».
Сондай-ақ, ЦУВС-4 ГКП «КЖСА» резервуарларында ауыз су деңгейін қолдау қажеттілігі үшін қала бойынша су қысымы күнделікті жасанды түрде төмендетілетінін айтты. Әкімдік өкілдері қалыпты су беру деңгейіне 18:00-ден кейін қол жеткізілетінін атап өтті.
Дегенмен, әкімдіктің баспасөз баянындағы ақпарат көбіне шындыққа жанаспайды. Ақтауда соңғы жылдары су тапшылығының өскені ешкімге құпия емес. Қала құрылыс салып жатыр. Жаңа шағынаудандар пайда болды. Халық саны артты. Соған жарай су тұтыну мөлшері күрт өсті. Маңғыстау атом энергия комбинаты (МАЭК) өз міндетін орындаудан қалды. Кәсіпорын күніне 52 мың текше метр тұщы су жеткізеді, бұл жергілікті тұрғындарға жетпейді.
Биыл жазда «Каспий» зауыты су беру қуатын күніне 20 мың текше метрден 40 мың текше метрге дейін арттыруы тиіс болатын. Алайда, қыркүйек айы келсе де, жаңа құрылғылардың іске қосылғаны туралы жаңалық жоқ. Сонымен қатар, Ақтау әкімі Әбілқайыр Байпақов бүгін мерзімнің қайтадан кейінге қалдырылғанын хабарлады.
«Бағдарлама аясында қараша-қазан айларында «Каспий» өңдеу зауыты ауыз су өндіру көлемін ұлғайтып, қосымша 20 мың текше метр қосуы тиіс. Келесі жылы МАЭК пен жеке инвестор құрған десалинизация зауыты су өндіру көлемін арттыруы тиіс. Бұл жұмыстар аяқталғаннан кейін су жеткізу мәселесі шешілетін болады», — деп уәде берді қала басшысы Lada.kz жергілікті басылымына берген сұхбатында.
Барлық наразылықтардың басты себебі Байпақов қала тұрғындарын ауыз суды үнемдеуге шақырғанында болып тұр. Әлеуметтік желілерде ауыз су туралы жазбалардың асты ақтаулықтар жүздеген ызаға толы пікір қалдырған. Біреулер көшеге шығуды ұсынады, ал басқалары Ақтаудан көшуді ұсынады. Көшеге су сұрап шыққандар жазаланған жоқ. Қала полиция департаменті Orda.kz-ке патрульдік көліктер тек жолдағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін келгенін, ешкімді ұстау жоспарланбағанын хабарлады. Суды өшіру тұрғындардың наразылығына себеп болып отыр. Ашынған ақтаулықтар жазда жолды жауып тастаған болатын. Бірақ мұндай акциялар жағдайды өзгерте қойған жоқ.
Адамдар үйлерінде әр литр суды санап отырған кезде, жергілікті БАҚ-та өңірде туризм дамып жатыр деген мақалалар жарияланып жатыр. Соған қарасақ, Ақтау жақында екінші Дубайға айналмақ.
Автор: Динара Бекболаева
Жаңалықтар
- Ливан өлім жазасын жойған алғашқы араб елі болды
- Нұрай Серікбайдың өлімі: Прокурор күдіктіге өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын сұрады
- Иранның қастандық жасау қаупіне байланысты Трамп ұшағын ауыстыруға мәжбүр болды
- Бір серіктестіктің алты бірдей жұмысшысы құдыққа түсіп қаза тапқан: Полиция үш адамды ұстады
- Бала ауыр халде: Футбол алаңында төтенше жағдай болды
- Сирияның бұрынғы президенті Башар Асад сырттай өлім жазасына кесілді
- Алматыда күйеуін өлтірген әйел сотта ақталды
- Прокуратура талабымен: Атырау облысында полицейлерді соққыға жығып, бостандықта жүргендер сотталды
- Аичи-Нагоя-2026: Азия ойындарының медальдары таныстырылды
- Қытайлық ғарыш миссиясы сәтсіз аяқталды: Зымыран тасығыш 90 секундта жарылып кетті
- Медициналық сақтандыру қорынан 3,5 млрд теңгеден астам қаржы ұрланған
- Ақсайда түнгі клубта жаға жыртысқандар жазаланды
- «Крыша боламын» деп 30 млн теңге талап еткен ММА жаттықтырушысы ұсталды
- Парсы шығанағында тұрып қалған кемелер әлемді экологиялық апатқа ұшырата ма?
- Бесағашта мас ер адам көшеде қыздарға бейәдеп ұсыныс жасаған
- Астанада полиция қызметкері кәмпитке қақалған баланың өмірін құтқарды
- Елден жаппай ақша алып қашып жатқандар кім? ҰҚК мәлімдеме жасады
- Қазақстандықтар үй сатып алуды азайтты ма? Тұрғын үй нарығында жаңа өзгеріс байқалды
- Өз тойына келе алмаған жұптың тойы экран арқылы өтті
- Үйлену тойында пышақтап өлтірген: Ақтөбе облысындағы сұмдық жайт