Әскери сарапшы жарылыстардың себебі мен министрдің отставкаға кетуі туралы айтты
26 тамызда Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы инженерлік оқ-дәрілер қоймасында жарылыс болды. Жарылған оқ-дәрілер қатарында Арыс қаласынан келгендері де бар екенін министр растады.
Orda.kz журналисі әскери сала сарапшысы Амангелді Құрметпен тілдесіп көрді.
Сарапшының пікірінше, Қазақстан Тәуелсіздік алғаннан кейін снарядтар мен миналарды сақтайтын жаңа әскери қойма салмаған.
– Біз Арысты шулатып, назар аударып, кейін қалада қираған құрылыстардан қалпына келтіруіне айрықша көңіл бөлдік. Бірақ, қоғам және қоғамдық белсенділер әскерилердің әрекетін әрі қарай тергеп-тексеріп кете алмады. «Нәтиже қандай? Қоймаларды қаншалықты жерге бөліп орналастырдыңдар? Қандай қауіпсіздік талаптарын сақтадындар?» деген сияқты сұрақтарға біз толық жауап ала алмадық.
Тәуелсіздің алғаннан кейін, жаңа әскери қойма салынғаны туралы дерек таппадым. Біздің қорғаныс саласына салынып жатқан қаражат ішінде заманауи технологиямен жарақтандырылған, қауіпсіздік шарттары жан-жақты ескерілген, автоматты өрт сөндіру жүйелері бар, әр снаряд, мина, жарылғыш зат жақсы іректеп қоя алатындай заманауи үлгідегі қойма салынғанына күмәнім бар. Егер осындай қоймаларымыз болғанда, өрт және т.б. апаттардың алдын алу мүмкіндігі әлде қайда жоғары болатын еді.
Амангелді Құрмет қорғаныс министрі қызметінен кеткенмен бұл саладағы мәселенің шешілмейтінін айтты.
– Біздің барлық жердегі әскери қоймалар ескірді. Бұндай жыртық-тесік қоймалармен қанша түзеймін десеңізде, кез-келген сәтте төтенше жағдай орын алу мүмкін. Менінше, отставкаға кету арқылы қатардағы мәселе шешілмейді. Осы министрдің тұсында екі рет жарылыс болды. Министр кеткеннен кейін не өзгереді? Министрдің кеткені ештеңе өзгертпейді. Керісінше, ол алдағы 2-3 жылда осы қателіктерді жойғанын қоғамға дәлелдеу керек, - деді Кұрмет.
Сарапшы қазіргі таңда Қазақстанда мыңдаған снарядтың ескі екенін және оларды алдағы онжылдықта толығымен жоя алмайтынымызды айтты.
– Мысалы, Арыстан сабақ алдық делік. «Град» реактивті зымыран кешендерінің снарядтары жарылды. Арыста өте көп мөлшерде қойма болды. Өйткені ол Кеңес одағынан калған Орталық Азия әскери округына қызмет еткен қоймалардың бірі. Сондықтан ол ондағы оқ-дәрілерді жан-жақтағы әскери қоймаларға таратты. Бірақ жаңа қойма жоқ!
Ескі қойманың бәрі Кеңес одағы кезінде салынған. Ауыл, елді мекендерге жақын. Бірақ, сол ескі қоймаларға қайтадан апарған кезде салғырт-салақтық бар. Автоматты өрт сөндіру жүйесі болмаса, әскерлер сөндіріп үлгермей қалуы мүмкін. Оқ-дәрілер тез жанады. Сондықтан, Арыстан сабақ алған күннің өзінде, біз мұны түзете алмаймыз.
Бұл жерде қандай снаряд тұрса да, қайдан әкелсе де, ескірген снаряд ол ескірді. Ол жерде кез-келген өрт шыққан жағдайда жарылу қаупі болады. Арыстағы ескі снарядты осы жаққа әкеліп, содан болды деп есептеу дұрыс емес. Бізде жалпы мыңдаған әскери снаряд ескі. Оларды алдағы он жылда толығымен жоя алмаймыз, - деді Амангелді Құрмет.
Сарапшының айтуынша, отставкадағы құтқарушылар, қоғам белсенділер және журналистерден құрылған коммисиялық топ елдегі әскери қоймалардың кем дегенде 70%-ын аралап көргені дұрыс. Олар ол жерден «күннің астында, қойманың сыртында тұрған миналар мен снарядтарды көретін еді» деп топшылады Амангелді Құрмет. Сондай-ақ сарапшы комиссия мүшелерінен әскери бөлімшелердің орналасқан жері туралы ақпарат таратпауға қолхат алуы керек деп есептейді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық