Ең ауыр жаза – 22 жыл: Ақтөбеде төбелес шығарған 10 айыптыға үкім шықты
Фото: Orda.kz
2024 жылдың мамыр айында Ақтөбеде елді дүрліктірген оқиға болды. Қала күнінен кейін жасөспірімдер екі топқа бөлініп, жаппай төбелес ұйымдастырды. Салдарынан 8 адам жараланып, бір адам көз жұмды. Ақыры 18 жастағы баланың өлімімен аяқталған іске қатысты үкім шықты. Он айыпталушыны сот 11 мен 22 жыл аралығында түрме жазасына кесті, деп хабарлайды Orda.kz.
Айта кетейік, Ақтөбеде 2024 жылы мамырда жастар арасында жаппай төбелес болып, бір адам қаза тауып, 8 адам жараланды. 32 адам жәбірленуші деп танылды, 10 адам қамалды.
Қылмыстық іс 77 томнан тұрады. Айыпталушыларға адам өлтіру, қорқытып алу және бұзақылық бойынша айыптар тағылған. Төбелес TikTok-тағы жанжалдан басталып, кейін қару кезену, көлікпен қағу және пышақ сұғу сынды жаншошырлық қақтығысқа ұласқан. Айыпталушылардың бірі 18 жастағы баланың жүрек тұсына пышақ сұққан, ол оқиға орнында көз жұмды.
Ақыры 1 шілде күні Ақтөбе соты 18 жастағы жүрек тұсынан пышақталған бозбаланың өліміне қатысты іске тергеуді аяқтап, үкім оқыды. Сот «адам өлтіру», «қорқытып алу», «қылмысқа дайындалу және қылмысқа оқталу» баптарымен айыпталған 10 адамды сот кінәлі деп таныды. Іс төрт ай қаралды.
Сот үкімі бойынша:
- Әрсен Нысаналиев - 20 жыл;
- Мухаммад-али Дилшобек - 20 жыл;
- Досымжан Құсманов - 22 жыл;
- Ильяс Саловатов - 15 жыл 6 ай;
- Жанболат Марқабаев - 11 жыл 6 ай;
- Нұрзат Бақтыбаев - 15 жыл 6 ай;
- Руслан Сағынбаев - 15 жыл 6 ай;
- Тимур Есхожин - 15 жыл 6 ай;
- Сұлтан Типаев - 15 жыл 6 ай;
- Әділет Сағынов - 15 жыл 6 ай .
Сот үйқамақта жүрген Руслан Сағынаевты сот залында қамауға алды.
Бұрын сотты болған Досымжан Құсмановқа қылмыстың алдын алу үшін профилактикалық шара және тиісті бақылау жүргізбеген Ақтөбе облысы полиция департаментінің бастығының атына жеке қаулы шығарды.
Істі судья Жәнібек Сейтжаппаров, прокурорлар Көшербаева Гүлзира мен Осман Орынбасарұлы қарады.
«Жәбірленушінің азаматтық талабы ішінара қанағаттандырылсын. Әрсен Нысаналиев, Мухаммад-али Дилшобекұлынан, Досымжан Құсмановтан әрқайсысынан 6 млн теңге, барлығы 18 млн теңге моральдық зиян, әрқайсысынан 986 384 теңге, барлығы 2 959 152 теңге мүліктік шығын өндірілсін», — деді судья Сейтжаппаров.
Сотталушылардың барлығынан 150 мың теңгеден 1,5 млн теңгені заң көмегіне кеткен шығынды өндіріп беру міндеттелді.
Жарыссөзде заңды өкілдері мен қорғаушылар айыптаушыларды ақтауды сұрады. Ешкім тағылған айыпты мойындаған жоқ. Үкіммен келіскен жоқ. Апелляциялық шағым түсіретіндерін айтты.
Еске салсақ, қайғылы оқиға Ақтөбе қаласында 2024 жылы 27 мамырда болды. Жасөспірімдер қала күнінен кейін екі топқа бөлініп төбелескен. Төбелес кезінде 8 адам жарақат алды. Бір адам қаза тапты.
Автор: Ардақ Ерубаева
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық