Дәурен Абаев Адам Қадыровтың тойына не себепті барғанын түсіндірді
Коллаж: Orda.kz
Дәурен Абаев Рамзан Қадыровтың 17 жастағы ұлының үйлену тойына барғанын растады, деп хабарлайды Orda.kz.
28 маусым күні Грозный маңындағы Ахмат Юрт ауылында Рамзан Қадыровтың 17 жастағы ұлы Адамның үйлену тойы өтті. Тойға Қазақстанның Ресей Федерациясындағы елшісі Дәурен Абаев қатысқаны туралы ақпарат шыққан еді.
Orda.kz журналисі Ресейдегі Қазақстанның елшісі Дәурен Абаевқа хабарласып, оның Адам Қадыровтың үйлену тойына расымен барған-бармағанын сұрады. Сондай-ақ, тілгі бұл шараға оның жеке тұлға немесе Қазақстан атынан ресми дипломат ретінде қатысқанын нақтыламақ болды.
«Мен тек Мәскеудегі елші ғана емеспін, жалпы Ресей Федерациясындағы елшімін. Сол себепті аймақтарға да үнемі барамын. Қазақ пен шешен халықтарының арасында өте тығыз, достық қатынастар бар. Мыңдаған шешеннің Қазақстанға депортацияланғанын біз ұмытқан жоқпыз. Сол сияқты, қазақ халқы қиын жағдайға тап болған шешендерді тастамай, қол ұшын созғанын шешен ұлты да ұмытпады. Мен ең алдымен осы достықтың белгісі ретінде бардым», — деді Абаев.
Айта кетейік, Адам Қадыров — Рамзан Қадыровтың кіші ұлы. Жасы — 17-де. 2023 жылы ол Құранды өртегені үшін ұсталған Никита Журавелді тергеу изоляторында ұрып-соғып аты шыққан еді. Осыдан кейін Ресейдің бірнеше өңірі оған түрлі марапаттар табыстаған.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық