Даниал Ахметовтің күйеу баласы ҚТЖ басшысы болып тағайындалды
Фото: ҚТЖ
Шығыс Қазақстан облысының бұрынғы әкімі Даниал Ахметовтің күйеу баласы Ерлан Қойшыбаев «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы басқармасының төрағасы міндетін уақытша атқарушы болып тағайындалды, деп хабарлайды Orda.kz.
Компания мәліметінше, тағайындау ішкі нормативтік құжаттарға сәйкес жүзеге асқан.
«Ішкі нормативтік актілерге сәйкес, “Қазақстан темір жолы” ұлттық компаниясы” АҚ басқарма төрағасының логистика жөніндегі орынбасары Ерлан Қойшыбаев ҚТЖ басшысының міндетін уақытша атқарып отыр», деп хабарлады ұлттық компанияның баспасөз қызметі.
Айта кетсек, Ерлан Қойшыбаев — бұрынғы ШҚО әкімі Даниал Ахметовтің күйеу баласы, яғни Аделия Ахметованың күйеуі.
Бұған дейін Қойшыбаевтың аты ҚТЖ төңірегіндегі жанжалдарда аталған. 2022 жылы компания қызметкерлері президентке хат жолдап, басшылықты жемқорлық, қаржы жымқыру және заңсыз ақша шығару істеріне қатысы бар деп айыптаған болатын. Сол хатта аты аталғандардың қатарында Ерлан Қойшыбаев та болған.
Хат авторларының айтуынша, Ахметовтің туысы мемлекетке 6 миллиард теңгеден астам залал келтірген.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық