Әзірбайжанда орыс тілінде оқытатын мектептер жабылады
Фото: Envato
Баку мен Мәскеу арасындағы қарым-қатынас шиеленісе түскен тұста Әзірбайжан билігі елдегі орыс тілді мектептерді біртіндеп жабу туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Orda.kz.
Жергілікті Oxu.az порталының мәліметінше, ата-аналарға арналған WhatsApp топтарында тиісті хабарламалар таратыла бастаған. Орыс тілді білім беру жүйесін жабу бірнеше жылға созылады, оқыту толығымен әзірбайжан тіліне көшірілмек.
«Алдағы үш жылда орыс тілінде оқытатын мектептер біртіндеп әзірбайжан тіліне ауысады, мұғалімдер үшін қайта даярлау курстары ұйымдастырылады» деп жазады Oxu.az.
Mektebgushesi порталының дерегінше, бүгінде Әзірбайжанда 340 мектепте орыс тілінде оқу мүмкіндігі бар. Оның 16-сында сабақ тек орыс тілінде жүргізіледі, қалғандарында оқыту екі тілде қатар жүреді. Жалпы есеп бойынша, бұл мектептерде 150–160 мыңға жуық оқушы білім алады.
Олардың басым бөлігі Бакуде орналасқан. Елдің кейбір аймақтарында мұндай мектептер мүлде жоқ.
Осынған орай, Әзірбайжанның ғылым және білім министрлігі әлеуметтік желілерде тарап жатқан ақпараттарға қатысты түсініктеме берді.
«Мемлекеттік білім саясатына қатысты шешімдерді жариялауда тек ресми дереккөздерге сүйенуді сұраймыз», деп хабарлады ведомство.
Әзірбайжан парламентіндегі ғылым және білім комитетінің депутаты Мехрибан Велиева елдегі мектептерде орыс тілді секторды жабу туралы мәселе талқыланып жатпағанын мәлімдеді.
Велиеваның айтуынша, хабарламалардың таралуына соңғы уақытта қалыптасқан қоғамдық жағдай себеп болған. Ол мұндай деңгейдегі шешімдер әдетте жоғары мемлекеттік құрылымдар деңгейінде қабылданатынын еске салды.
«Егер болашақта осындай шешім қабылданатын болса, оның жүзеге асырылуы міндетті түрде кезең-кезеңімен жүргізіледі. Алайда қазіргі таңда бұл мәселе күн тәртібінде тұрған жоқ. Ресми емес ақпаратты талқылау ерте және қажетсіз пікірталастарға себеп болуы мүмкін. Мұндай өтпелі кезеңде бұл тақырыпты көтерудің қажеті жоқ», — деді депутат.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық