«Қашып үлгермеді»: Алматы облысында төбеттер бастауыш сынып оқушысын талап тастады
Коллаж Orda.kz
Алматы облысында 10 жастағы Максим Головачёв есімді оқушыға ойын алаңқайында ойнап жүрген кезде бірнеше ірі төбет шабуыл жасап, ауыр жарақаттады, деп хабарлайды Orda.kz.
Максимнің анасына алаңдағы сұмдық жайлы көршілері айтқан еткен. Әйел оқиға орнына келген кезде, иттердің екеуі де өлі күйі жатқан еді.
«Иттер шабуылдағанда, ұлым иттерден бұғып, теріс қарап, отырған. Басқа балалар қашып үлгерген, ал ол үлгермеді. Тек «Көмектесіңдер!» деп айқайлауға ғана шамасы келген. Бірақ сол сәтте-ақ оны иттер талап тастады. Мұны көрген әйелдер бірден көмекке жүгірді. Бір ер адам жүгіріп жеткен. Қайта қалтасында бәкісі бар екен. Ондай иттерді оңай ажырата алмайсың, тек пышақ сұғып қана тоқтатуға тура келген», – дейді баланың анасы.
Максимге үш ит шабуыл жасаған. Екі неміс овчаркасы мен бір питбуль. Куәгерлер айқайлап, иттерді үркітпек болған. Бір овчарка қашып кеткен, ал екеуі – балаға жабысқан күйі қалған қалған. Баланы 66 жастағы Сербек Сақайбеков құтқарып қалған.
«Баланы тартып алмақ болғанымда, аяқ киімім бірден түгелдей қанға боялды. Питбуль баланың шабына жабысып, оны қуыршақтай лақтырып, жұлмалай бастады. Бір жерін жұлып тастамаса екен деген ой болды. Себебі бала тым кішкентай. Ал овчарка босатпай, ырылдап, айналып жүріп, қансырап жатқан баланы сүйрей берді. Шалбарынан тартып, сүйреді. Бала үнсіз жата берді. Сол сәтте мен баланың үстінен секіріп өтіп, овчаркаға пышақ сұқтым. Бұл — орталықтан 60–70 метр жердегі алаңда болды», – дейді ер адам.
Сербек Сақайбеков овчарка мен питбульді өлтіріп, баланы ажалдан аман алып қалды.
Бала құтқарылғаннан кейін оқиғаны естіген анасы келіп, жанұшыра жедел жәрдем шақырды. Бала есін жоғалтып, қайта-қайта талып жатқан. Бет-аузы тырналған, иттер тістемеген жері қалмаған. Бала бір құлағынан айырылды. Қазір Максим жансақтау бөлімінде жатыр. Денесінде көптеген жарақат бар, бір көзі қатты зақымданған. Дәрігерлер көру қабілеті қалпына келе ме, жоқ па, әзірге айта алмай отыр.
«Бір әйел бүгін маған: «Иттерді өлтірмей, басқа жолын табуға болатын еді» дейді. Мен оған: «Сіз ондай жағдайға түсіп көрмегенсіз, питбуль баланы шабынан сүйреп жатқанда қарап тұру мүмкін емес. Айту оңай, бірақ өзіңіз сол жерде болып көріңізші» деп жауап бердім. Питбульді 20 жастағы жігіттің өзі тоқтата алмас еді. Амал жоқ, шара қолдануға тура келді. Қалтамда шағын, балық аулауға арналған бәкім болды. Соны пайдаланып, иттерді тоқтаттым. Әйтпесе, баланы өлтіріп тастар еді. Мен тек азаматтық борышымды орындадым. Балаға ит шабуыл жасап жатқанда қарап тұруға бола ма? Менің орнымда кез келген ер адам солай істер еді», — дейді 66 жастағы Сербек Сақайбеков.
Максимнің анасы Екатерина оқиғаға байланысты арыз жазған. Сондай-ақ иттерді өлтірген ер адам мен оқиғаның куәгерлері де арызға қол қойған.
Иттер футбол алаңына қалай тап болды?
Тұрғындардың айтуынша, балалар ойнайтын алаңға жақын маңда нашақорларды оңалтуға арналған жеке орталық орналасқан. Сол орталықтың ауласында иттерге арналған үйрететін бақ бар. Жер толық қоршалған, биік дуалмен бөлінген. Куәгерлердің айтуынша, иттер қоршаудан қашып шығып, футбол алаңына кіріп кеткен.


«Бүгін орталық өкілдері балалардың өздері қоршаудан асып, тәлімбаққа кірген дегенді айтып отыр. Бірақ дуал өте биік, ал менің ұлым кішкентай, бойы да аласа. Бірақ ешқандай қанды із де, белгілер де ол жақтан табылған жоқ. Баланы иттер алаңның дәл ортасында талап кетті. Куәгерлер де бар. Баланы құтқарған ер адам, әйелдер, балалар көрген. Тіпті суреттерде де іздер тек алаңның үстінде ғана. Бірақ олар өз айтқандарынан танбай отыр. Бізді кінәлі етіп шығарғысы келеді. Ал олардағы иттердің бәрі өзгеше тұқымды, өте қауіпті, питбульдер мен басқа да ірі төбеттер, барлығы шамамен 15-ке жуық», – дейді Максимнің анасы.
Орталық пен тәлімбақ өкілдері Екатеринамен байланысқа шықпады. Әйел сотқа дейін баруға бекінген. Жергілікті тұрғындар да көшеге шығып, тәлімбақ иелерін жауапқа тартуды талап етті.
«Біз биліктен бұл мекемені жабуды талап етеміз. Бұл оқиғадан бұрын да тұрғындар бірнеше рет шағымданған. Бұл тәлімбақ пен жеке оңалту орталығы тура балаларға арналған жекеменшік балабақша мен спорт-оқу алаңқайының қасында орналасқан. Бір ғана қабырға бөліп тұр», – деді редакция тілшілеріне әйелдердің бірі.
Редакция биліктің әрекетін және 10 жастағы Максимнің емделуін бақылап, тікелей ақпарат таратып отырады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық