«Иттерім қымбат»: Баланы төбеттерден қорғаған адамнан иттердің иесі өтемақы талап етті
Фото: Orda.kz оқырмандары
Баланы төбеттерден қорғап қалған Сербек Сақайбековтен иттердің иесі өтемақы талап етіп отыр, деп хабарлайды Orda.kz.
Алматы облысында 10 жастағы Максим Головачёв есімді оқушыға ойын алаңқайында ойнап жүрген кезде бірнеше ірі төбет шабуыл жасап, ауыр жарақаттаған еді. Бет-аузы тырналған, иттер тістемеген жері қалмаған. Бала бір құлағынан айырылды.
Қазір Максим жансақтау бөлімінде жатыр. Денесінде көптеген жарақат бар. Бір көзі қатты зақымданған. Дәрігерлер көру қабілеті қалпына келе ме, жоқ па, әзірге айта алмай отыр.
Максимге үш ит шабуыл жасаған. Екі неміс овчаркасы мен бір питбуль. Куәгерлер айқайлап, иттерді үркітпек болған. Бір овчарка қашып кеткен, ал екеуі – балаға жабысқан күйі, жұлмалап, талай берген. Баланы 66 жастағы Сербек Сақайбеков құтқарып қалған.
Сербек Сақайбеков овчарка мен питбульді өлтіріп, баланы ажалдан аман алып қалды.
Алайда оңалту орталығының иесі иттері үшін Сақабековтен өтемақы талап етіп отыр.
«Маған хабарласып: «Екі иттің ақшасын төле» деді. Сонда иттер қымбат екен деп қарап тұруым керек пе?», – деп ашынды тұрғын.
Алматы облысының полициясы ер адамға ешқандай жаза қолданылмайтынын мәлімдеді.
«Желіде тараған, иттердің шабуылын тоқтатқан жергілікті тұрғынның жауапкершілікке тартылғаны жөніндегі ақпарат шындыққа жанаспайды. Бұл азаматқа қатысты ешқандай процессуалдық шешім қабылданған жоқ. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 32-бабына («Қажетті қорғаныс») сәйкес, оның әрекеттері өзін-өзі қорғау мақсатында жасалған заңды әрекет. Заңға сәйкес, өмірге, денсаулыққа немесе мүлікке нақты қауіп төндірген шабуылды тойтару кезінде қажетті қорғаныс жағдайында зиян келтіру – қылмыстық жазаға жатпайды», деп түсіндірді полиция өкілдері.
Еске сала кетейік, 2024 жылы кесар тілігін жасатып босанған бір әйелдің ішінде таңғыш мата қалып қойғаны белгілі болған еді. Соның кесірінен 9 ай бойы денсаулығы сыр беріп, азап көрген әйелге ақыры ота жасалып, таңғыш мата алынып тасталды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық