Екатеринбургтегі азаптау: Әзірбайжан Ресей күш құрылымдарына қарсы іс қозғады
Фото: Minval
Екатеринбург қаласында әзірбайжан диаспорасының өкілдері қаза тапқаннан кейін Әзірбайжан мен Ресей арасындағы дипломатиялық шиеленіс ушығып, Әзірбайжанның Бас прокуратурасы азаптау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады, деп жазады Orda.kz.
Көп ұзамай Әзірбайжанның арнайы қызметі Бакудегі Sputnik агенттігінің кеңсесінде арнайы операция жүргізіп, кеңсе директоры мен бас редакторды ұстады. Бұл тұлғалар Ресейлік ФСБ-мен (Федералдық қауіпсіздік қызметі) байланыста болған және ел аумағында құпия тапсырмаларды орындаған.
Қаза тапқан Сафаровтар бауырларының мәйіттері Бакуге жеткізілді. Алайда ресейлік тарап ұсынған өлім себептерін Әзірбайжан билігі тарап қабылдамады. Мәскеу Зияддин Сафаровтың жүрек талмасынан көз жұмғанын хабарлаған еді.
Бірақ Әзірбайжан сот-медициналық сараптамасы бұл нұсқаны жоққа шығарды. Мамандар Хусейн Сафаровтың өлімі ауыр жарақат пен қан жоғалту салдарынан болғанын анықтады. Зияддин Сафаровтың денесінен де көптеген жарақат табылған.
«Зияддин Сафаровқа қатысты ресейлік сараптама оның өліміне жүрек ауруы себеп болды деп көрсетті. Алайда Бакуде жасалған сараптама бұл мәліметтерді теріске шығарады. Әзірбайжан мамандары Зияддиннің бетінде, иығында, қолтық астында көгерген іздер мен сырылған жаралар болғанын тіркеді. Кеуде қуысы деформацияға ұшыраған, жыныс мүшелерінің маңында жарақаттар бар, бүйрек тұсында гематомалар анықталған. Бір қабырғасы мүлде болмаған, қалғандары сынған. Бауыры сияқты оның да өлімі қатты соққыдан кейінгі шок салдарынан болған» деп жазады Minval.
Сараптамалық қорытындыда Сафаровтардың аса қатігездікпен өлтірілгені нақты көрсетілген. Жарақаттардың ішінде мұрынның сынғаны, көз айналасындағы гематомалар және тағы басқа белгілері бар.
«Екатеринбургте сараптама жасаған Степан Перетягин Бакуде қайта тексеру жүргізілмейді деп ойлаған болуы мүмкін», – дейді Әзірбайжанның бас сот-медициналық сарапшысы.
Minval Politika порталы хабарлағандай, Әзірбайжан Бас прокуратурасы Ресей аумағында әзірбайдан ұлтының азаматтары мен әзірбайжан текті тұлғаларды аса қатыгездікпен азаптау және қасақана өлтіру фактілері бойынша қылмыстық іс қозғағанын растады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық