«Құлағын жұлып алды»: Алматы облысында 10 жастағы баланы төбеттер талап тастады
Фото: Orda.kz оқырмандары
Алматы облысында 10 жастағы Максим Головачёв есімді оқушыға алаңда ойнап жүрген сәтте бірнеше ірі төбет шабуыл жасап, ауыр жарақаттады. Қазір ол жансақтау бөлімінде жатыр, жағдайы өте ауыр, деп хабарлайды Orda.kz.
Қанды оқиға Қарасай ауданына қарасты Жалпақсай ауылында болған. Orda.kz басылымына келіп түскен ақпарат бойынша балалар әдеттегідей футбол ойнап жүргенде, жақын маңдағы оңалту орталығы жанындағы үйден қашып шыққан үш ірі ит — бір питбуль мен екі ротвейлер алаңға баса-көктеп кіріп, баланы талап тастаған.
Куәгерлердің айтуынша, иттер баланы жерге жығып, басы мен денесін жанталаса қауып, талап жұлмалаған. Қорқынышты көрініске куә болған ересектердің бірі өзімен алып жүретін пышағын алып, иттердің екеуін өлтірген. Ал үшіншісі сол сәтте қашып кеткен.
Зардап шеккен бала — Алмалыбақ ауылындағы мектеп-гимназияның 4-сынып оқушысы. Дәрігерлердің айтуынша, оның жағдайы өте ауыр: «Құлағы жұлынып кеткен, басы мен денесі жырылған, терең жарақаттары бар».



Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары оқиғаның нақты мән-жайын анықтап жатыр.
Полиция бұл оқиға бойынша Қылмыстық кодекстің «Абайсызда адам денсаулығына ауыр зиян келтіру» бабымен іс қозғаған. Бірақ, ақпарат құралдарының жазуынша, иттердің иесі өз кінәсін мойындаудан бас тартып отыр.
«Қазір куәгерлерден жауап алынып жатыр. Оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты, толық және объективті түрде анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Қажетті сараптамалар тағайындалды. Олардың нәтижесіне қарай нақты процессуалдық шешім қабылданады», деп мәлімдеді Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Еске салсақ, бұған дейін 13 жыл бойы тұрмыстық зорлық көрген Қамар Алпамыс есімді әйелдің ісі қоғамда үлкен резонанс тудырған еді. Ол соққы салдарынан мүгедек болып қалған. Сот күйеуін кінәлі деп танып, үкім шығарды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық