Кенені өртемек болған Түркия тұрғыны 12 гектар орманды жойып жіберді
Фото: Envato
Түркияда бір ер адам жастықтағы жәндікті өртеп, оны аулаға лақтырған. От орман мен егістік алқаптарына таралып, 12 гектар жер өртеніп кетті, деп хабарлайды Orda.kz.
Түркияның Маниса провинциясында 31 жастағы Өзджан Ташхан алапат орман өртіне кінәлі болғаны үшін сот шешімімен қамауға алынды. Жандармерияның мәліметінше, ер адам тергеу барысында жастығынан кенені тауып алып, оны өртеп, аулаға лақтырғанын мойындаған.
От тез арада ауыл шаруашылығына арналған жерлер мен орман алқаптарына таралған. Өрт салдарынан кемінде 12 гектар аумақта өсіп тұрған өсімдік жойылды.
Түркияның ауыл және орман шаруашылығы министрі Ибрагим Юмаклының айтуынша, соңғы бес күнде елде 340-тан астам орман өрті тіркелген. Бұған негізгі себеп – аптап ыстықта отты абайсыз жаға беру.
Билік өкілдері өрттің бірқатар провинцияда әлі де таралып жатқанын, оған қатты жел ықпал етіп отырғанын мәлімдеді. Маниса, Биледжик және басқа да өңірлерде өртті сөндіру бойынша ауқымды жұмыстар жүргізіліп жатыр. Кейбір аудандарда тұрғындарды эвакуациялау басталды.
Еске сала кетейік, Әзірбайжанның БАҚ беттерінде AZAL ұшағын жоюға бұйрық берген Ресей капитанының түсіндірме қағазы жарияланды.
.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық