Шыны зауыты: ең қымбат және жанжалды жоба қашан аяқталады?

cover

Жақын арада Қазақстан өз әйнегін өндіретін болады! Рас, жылдық қуаты 197,1 мың тонна болатын зауыт салынып бітеді, іске қосылады. Зауыт іске қосылса Қызылорда облысының экономикасына серпіліс жасап, өзімізді және шетелдік тұтынушыларды өніммен қамтиды деп уәде етілген.

Бұл туралы 2005 жылдан бері айтылып келеді. Бірақ қанша әкім келді, барлығы да зауыт жұмыс істейді деп уәде бергенімен, іс жүзінде ештеңе шешілмеді.

Orda.kz редакциясы ең қымбат және жанжалды қазақстандық құрылыс тарихын парақтауды жөн көрді.

Жақында, қазан айында Қызылорда шыны алыбын жаңа 2021 жылға қарай республикалық арналар эфирінде ашу жоспарымен облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова да бөлісті.

Стекольный завод: когда достроят самый дорогой и скандальный проект
Фото: kursiv.kz

Арал өңірінде шыны өнімдерін өндіруге арналған шикізаттың орасан зор қоры бар, жоғары сапалы кварц құмы, доломит және әктас кен орындары жетерлік. Соған қарамастан осы күнге дейін Қазақстанға шыны Қытай мен Ресейден тасымалданады.

2006 жылы Қазақ шыны компаниясы мен британдық Pilkington бірлескен Pilkington KZ кәсіпорнын құру туралы келісімге қол қойылды. 2007 жылы Президент Назарбаевтың сапары кезінде зауыттың болашақ іргетасы да қаланды…

Бірақ Қазақстанның Даму банкімен несие туралы келісімге қол қою алдында тұрғанына қарамастан, британдық компания жобадан бас тартты.

Зауыт ИИДМБ бағдарламасына және республикалық Индустрияландыру картасына енгізілген кезде ғана іс қозғалды. 2015 жылы «Бәйтерек» холдингі, Қазақстанның инвестициялық қоры және америкалық Stewart Engineers компаниясы China Triumph International Engineering Co қытай компаниясымен келісім жасасып, Orda Glass ltd ЖШС құрды.

Стекольный завод: когда достроят самый дорогой и скандальный проект

— Даулы мәселелер болды. Құрылыс мердігері ауысты. Бірақ бүкіл әлем бойынша 23 шыны кәсіпорны бар China Triumph компаниясының жобаға келуімен біз бұдан әрі жұмыстың тоқтаусыз жүретініне күмәніміз жоқ. Сонымен қатар, қытайлық серіктестер Қызылордаға смартфон, планшет, күн батареялары үшін ультра жұқа шыны өндіретін екінші зауыт салуды ұсынды, – деп хабарлады сол кездегі Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Евгений Ким.

Стекольный завод: когда достроят самый дорогой и скандальный проект
Евгений Ким. Фото: seykhuninfo.kz

Қызылордада шыны зауытының салынуымен бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевқа қатысты ірі сыбайлас жемқорлық жанжалы басталды. Оған шымкенттік мердігер компаниядан қайтарым түрінде миллиард теңге алды деген айып тағылды.

Стекольный завод: когда достроят самый дорогой и скандальный проект
Қуандық Бишімбаев

Бишімбаев «Бәйтерек» ҰБХ Басқарма төрағасы болып тұрғанда осы шыны зауытының құрылысына жетекшілік еткен (2013-2016).

2005 жылдан бері өңірде алты әкім ауысты. Зауыт құрылысын аяқтау— арманға айнала бастады...

Стекольный завод: когда достроят самый дорогой и скандальный проект
Ретімен: Адырбеков 2004-2007, Құл-Мухаммед 2007-2008, Қуандыков 2008-2013.
Стекольный завод: когда достроят самый дорогой и скандальный проект
Көшербаев 2013-2019, Исқақов 2019-2020, Әбдіқалықова

Зауыт туралы бұрынғы әкім, қазіргі ҚР Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев та айтқан болатын.

— Шыны зауытының құрылысы лакмус қағазы сияқты. Егер жоба өтетін болса, онда әкімнің соған тұрарлық адам болғаны. Мен де құрылысты тез аяқтауды қалаймын, - деген болатын ол 2018 жылғы мамырда ОКҚ брифингінде.

Сонымен қатар,ол сол жылғы жазда шыны өндірісінің екінші кезегін салу бойынша келісімге қол қоятынына уәде берген.

Қызылорда индустриялық аймағындағы шыны өндіретін алғашқы кәсіпорын 2020 жылдың соңына дейін іске қосылады деп Қызылорда облысының бұрынғы әкімі Қуанышбек Ысқақов та уәде берген еді.

— Индустрияландыру арқылы экономикалық дамудың жоғары көрсеткіштеріне қол жеткізу үшін біз өңір экономикасын әртараптандыру стратегиясын іске асырамыз. Индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде іске асырылған 24 жобаның 18 -нің қуаттылығы жоспарлы 90-нан 100% - ға жетті.

— Біз елдегі тампонаждық цемент өндіретін ең ірі зауыттардың бірін енгіздік. Шалқия қорғасын-мырыш кен орнында тау-кен байыту комбинатының құрылысы басталды. Кальцийленген сода зауытын салу жоспарда бар. Ал биыл, инвесторлардың айтуынша, шыны зауытының құрылысы аяқталады, - деді Ысқақов 2019 жылы халықпен есептік кездесуінде.

Енді міне, қазіргі облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова да жобаның жыл соңына дейін іске қосылатынын айтып отыр.

— Тек екі нысан қалды — балқытуға арналған ванна және пісіру пеші. Вагондардың зауыт аумағына кіруі үшін темір жолды жөндеуге кірісеміз.

— Еліміз жыл сайын млн доллар шыны өнімдерін импорттайтын болады. Егер біз өз өндірісімізді іске қосатын болсақ, онда бұл ақша ел ішінде қалады. Сондай-ақ, біз экспорттан да пайда таба аламыз. Бұл шыны өндірісінің айналасында сегіз ілеспе зауыт салынады. Үшеуі бойынша кәсіпкерлермен келісім бар.

— Сонымен, бір зауытта ыдыс-аяқ, екіншісінде шыны, үшіншісінде құрылыс саласында қолданылатын шыны талшық шығарылады. Осы үш зауыттың өзі өңірге 16 млрд теңгеге дейін инвестиция тартатын болады, - деп сендірді облыс әкімі.

Облыстық индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Ринат Сұлтангереевтің айтуынша, құрылыс алаңында қазір тек 105 жұмысшы еңбек етуде. Нысан 78% - ға ғана аяқталды. Балқыту ваннасы мен пешті орнату үшін кем дегенде төрт ай қажет.

Стекольный завод: когда достроят самый дорогой и скандальный проект
Фото: yvision.kz

Жоба құны - 42 млрд. теңге. Мамандардың есептеуінше, зауыт толық қуатымен емес, бар болғаны 70% - ға жұмыс істеген күннің өзінде, Қызылорда отандық құрылыс индустриясы қажеттіліктерін толық қамтамасыз етіп қана қоймай, өнімдерді экспортқа жібере алады.

Стекольный завод: когда достроят самый дорогой и скандальный проект
Фото: Аймақ әкімінің баспасөз қызметі

Бұл уәде қашан орындалатындығы мен Әбдіқалықованың жаңа зауытты ашу рәсіміне дейін жеткізетін жеткізбейтіндігі ендігі жерде уақыт еншісінде.

Авторы: Жанна Сражадинқызы, Кызылорда
Аударған: Мұхит Тұрсынәлі

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар