Шымкентте сот әйелін пышақтап өлтірген адамды 8 жылға қамады
Шымкенттегі Абай аудандық соты қызғаныштан азаматтық некедегі әйелін пышақтап өлтірген 48 жастағы Дінмұхамед Төлебековті 8 жылға қамады. Ол жазасын қауіпсіздігі орташа түзеу мекемесінде өтейді.
Судья Арна Қасенова айыпталушы Төлебековті Қылмыстық кодекстің «Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру» бабымен (106-бап) кінәлі деп танып, 8 жылға қамады.
Төлебеков үш жылдан бері азаматтық некедегі әйелі Жақсыгүл Әмірованы өз үйінде ішіне пышақ сұғып, өлтірді деп айыпталды. Әмірова ауыр жарақаттан аурухананың жан сақтау бөлімінде тілге келмей қайтыс болған. Марқұмның артында бірінші некесінен кәмелет жасқа толмаған екі баласы қалды.
Айыпталушы сот тергеуінде кінәсін толық мойындайтынын, шын өкінетінін айтқан. Соттан бас бостандығынан айырмайтын жаза тағайындауды сұрады.
Сотталушының қылмысқа баруына қызғаныш себеп болған.
Қайғылы оқиға болмай тұрып ерлі-зайыптылар достарымен бірге туған күн тойлаған. Әйелі өзге ер адаммен билегеніне ашуланған Төлебеков сол арада жанжал шығарған. Түн ортасында үйіне келгенде Әмірованы сөз қайтарғаны үшін асханадан пышақты алып, ішіне сұғып алған.
Сот сотталушыға жазадан бөлек жәбірленуші деп танылған Әмірованың анасына бір миллион теңге көлемінде моральдық өтем төлеуді міндеттеді.
Бұдан бұрын Түркістан облысында әйелін ұрып өлтірген екі адамды сот қамаған. Олардың бірі - «Адам өлтіру», екіншісі - «Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру» бабымен кінәлі деп танылған.
Жаңалықтар
- Вице-министр Астанадағы су тасқыны туралы: «Табиғаттан құдыретті емеспіз»
- ЖИ мәтінін тексермей оқи салған депутатты халық отставкаға кетсін деп жатыр
- «Баламның балалық шағын жоқ қылды»: Ақтаудағы стоматологиялық емнен кейін 4 жасар бала жағынан айырылды
- Дастан Сәтбаев «Челси» сапында алғашқы голын 6-минутта-ақ соқты
- Түрмеде қап тіккен «Атамекеннің» бұрынғы басшысы Абылай Мырзахметов бостандыққа шықты
- Бектенов Алматы облысы әкіміне: «Сізді тыңдасақ – өзіңізден басқаның бәрі кінәлі екен»
- Түркістан облысында мәслихат депутатына қатысты Қытай азаматының арызы бойынша тексеру жүріп жатыр
- Желі мәдениеті: Тоғыз треш-стример жауапкершілікке тартылды
- «Орда», Ninety One және Қайрат Нұртастың әндерінің авторы Сержан Бақытжанұлы қайтыс болды
- Астана полициясы көші-қон қызметі басшысының орынбасары ұсталды – БАҚ
- Арасында қытайлықтар бар: ШҚО-да заңсыз алтын өндіріп жүргендер құрықталды
- Тоқаевқа бюджет қаражатын жымқырғандар туралы баяндалды
- Ұлытаудағы ауыл спортшылары спартакиадасы төбелеспен аяқталды
- Боралдайда 65 адам сушиден уланды: Санитарлық дәрігерлер асүйден не тапты?
- Қырғызстанмен шекарада кезек үшін жанжал шығарғандардың ісі сотқа жетті
- БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі: Вашингтон мен Париж арасындағы шиеленіс ушықты
- ШҚО-дағы арал 10 млн долларға сатылатыны рас па?
- Алматыдағы «Гелик» қатысқан жол апатынан аман қалған әйелдің жағдайы белгілі болды
- Жолаушыларға лық толы ұшақта қуаттағыш жарылып, бүкіл әуежай әуре-сарсаңға түсті
- Президент Ұлытау облысының жаңа әкіміне өңірдің тұрмыс сапасын жақсартуды тапсырды