Шығыс Қазақстан облысында КСРО-ны қайта құруды жақтаушы сепаратизм үшін сотталды
Шығыс Қазақстан облысын Ресейге қосуға шақырған Алтай тұрғыны бес жылға сотталды.
Галина Дагинтен Алтайдағы Ленин ескерткіші бұзылғаннан кейін сепаратизм белгілерін ашық көрсете бастады. Ол өз ойын әлеуметтік желіде айтып, Шығыс Қазақстан Ресейге тиесілі болуы керек деп мәлімдеді.
«Шығыс Қазақстан Ресей аумағына жатады, басқа ескерткіштер қайда баратынын көреміз. Ленинді сіз орнатқан жоқсыз және оны алып тастауды сіз шешпейсіз, әсіресе осындай әдіспен» деп жазды әйел Instagram парақшасында осы жылдың тамыз айында.
Алтайлық әйелдің пікірінен кейін қолданушылардың наразылығы мен этникалық қорлау жауды.
Айтпақшы, сот ісі материалдарында Галина Дагинтен аймақты көрші мемлекетке қосуды жақтаушы ретінде ғана емес, сонымен қатар КСРО-ны қалпына келтіру идеясын ұстанатын адам ретінде де сипатталды.
Дагинтеннің өзі сотта оның ешқандай арам ниеті жоқ екенін мәлімдеді.
«Оның Қазақстан Республикасы Конституциялық құрылысына немесе заңнамасын бұзуға қарсы арам ниеті болмаған. Ол Қазақстанда туып-өскен, елін сүйетінін... Жасағанына өкініп, кешірім сұрайды» делінген сот үкімде.
Нәтижесінде Алтай аудандық соты әйелді Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 180-бабының 2-бөлігімен «сепаратистік әрекет» бойынша кінәлі деп танып, бес жылға бас бостандығынан айыру жазасын орташа тәртіптегі колонияда өтеу жазасына кесті.
Сотталған әйелдің кәмелетке толмаған екі бала тәрбиелеп отырғаны ескеріліп, жазаны орындау бес жылға кейінге шегерілді.
Жаңалықтар
- Есіктегі адамның есін шығарар оқиға: 14 жастағы бала 17 жастағы жасөспірімді екі жерінен пышақтап өлтірді
- Ердоған Түркі мемлекеттері ұйымы басшыларының бейресми саммитіне қатысу үшін Қазақстанға келді
- Трамп Си Цзиньпинмен кездесу үшін Бейжіңге келді
- ІІМ бала күнінде продюсерден зорлық көрдім деген жігіттің мәлімдемесіне қатысты тексеріс бастады
- Трамптың ұлдарына қатысты Қазақстандағы жобаға Пентагон тағы 400 миллион доллар бөлмекші
- ОСК: Саясаткерлер мен партияларды жасырын жарнамалаған блогерге айыппұл салынады
- Нұра ауылында пышақталып қаза болған марқұмның туыстары өз шындығын айтты
- Ұялы телефондарды тексеру мемлекет бақылауына өтеді
- Қызылордада жатақханадағы студент өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды
- Бюджет қаражатын сайлауалды үгітке мақсатсыз пайдаланғандар бес есе артық қайтарады
- Иран келіссөздерді қайта бастау үшін АҚШ-қа бес талап қойды
- «Афросиаб» Орталық Азиядағы теміржол революциясы ма, әлде қымбат имидж бе?
- Терроризмге күдікті төрт адам шетелден Қазақстанға жеткізілді
- Тұрақты тұруға көшіп келгендер арасында Қытай көш бастап тұр
- Президент орта білім беру жүйесіне жасанды интеллектті енгізу туралы Жарлыққа қол қойды
- Катар мен Түркия Иранға үндеу жасады: Ормуз бұғазын қысым көрсету құралы ретінде қолданбасын
- Таразда рұқсаты жоқ жасөспірімдер көлікпен қашып, апатқа ұшырады
- Астанада іске қосылардан бұрын LRT жүйесінің қалай жұмыс істейтіні таныстырылды
- Қордайда полиция қызметкерлерін қорлаған адамға айыппұл салынды
- Кәрім Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы Азамат Қапенов қазақстандықтарға мәлімдеме арнады