Шерзаттың сотындағы «Чиканың» жыры: Сотталушылар неге жауап беруге дайын болмады?

Бүгін Шерзат Полаттың өліміне қатысты іс бойынша кезекті сот отырысы өтті. Бұл сот отырысында негізінен сол оқиға болған түнгі тұрғындар мен төбелеске қызығып келген 18–19 жастағы куәгерлер сұралды. Ең бастысы Қаржаубай Нұрымов пен әлеуметтік желіде «Чика» деп атап кеткен Санат Әбдіқадірдің тергеу кезіндегі беттестіруінің бейнежазбасы көрсетілді, деп хабарлайды Orda.kz.
Сот отырысы сотталушылардың ата-аналарының судьяға наразылықтарын айтумен басталды. Әлеуметтік желідегі айыпталушылардың күлімдеп кетіп бара жатқан бейнежазбасы елдің наразылығын тудырды. Олардың айтуынша, бұл бейнежазбаны Мейірман Шекеевтің көмекшісі түсірген. Көмекші болса бейнежазбаның телефонға емес, штативке орнатылған камераға жазылғанын жеткізді. Ал судья Ержан Жанұзақов бейнежазбаның кім түсіргенін және кім оны жариялағанын тексеріп жатқанын айтты.
Бүгінгі сот отырысында оқиға орнына кейін келген жас жігіттер күдіктілерді де, жәбірленушілерді де танымайтындарын мәлімдеді. Тек Дарын Жанболатұлы бұған дейін күдікті Нұрқияс Ілиясовпен тек амандасқанын айтты. Келесі куәгер Сәкен Әкежанов оқиға орнына жедел жәрдем шақырған азамат.
«Үйде ұйықтап жатқанда сырттағы шуды естідім, балалар мотоцикл айдап, шулап жатқан болар деп ойладым. Бір кезде әйелдің жан дауысы естілді, терезеден қарасам, жерде жатқан баланы он шақты жігіт тепкілеп жатыр. Артынан ол жігіттердің қашып бара жатқанын көрдім. Бір-екі рет: «Жігіттер, қойыңдар өлтіресіңдер!» деп айқайладым. Сонымен қатар жерде отырған жігіттің сол жағында жерде жатқан бір белгісіз нәрсемен оның басынан ұрды. Бірақ олардың түрін анық көрмедім. Мұның барлығы сол бір екі минуттың ішінде болды», — деді Сәкен Әкежанов.
Ал куәгер Арлан Құсайынов сол түні бәрі тарқап кеткенде ғана оқиға орнына келгенін айтты.
«Әкімшіліктің алдында үш-төрт жігіт тұрдық. Данияр Жанболатұлының анасы хабарласып: «ана жақта атыс болып жатыр қайтыңдар» деді. Оқиға орнына мен соңғы болып жеттім. Досым хабарласып қалды. Барсам, бәрі тарқап кетіпті. Тек бір әйел бір азаматтың қайтыс болғанын жеткізді. Он бес минуттай тұрдым, сосын кетіп қалдым. Қайта айналып келдік, бес минуттай тұрып, қайта кетіп қалдық», — деді Арлан Құсайынов.
Куәгер Данияр Жанболатұлы сол кеште әкімдік алдында достарымен тұрғанын айтты. Бір сәтте анасы хабарласып, үйге шақырған. Ол оқиға орнына барғанда Шерзаттың достарын көргенін, бірінің басынан қан ағып тұрғанын айтты.
Не болғанын түсінбедік. Жай ғана төбелес болған шығар дедік. Оқиға орнынан жедел жәрдем мен полиция қызметкерлері бізді қайтарып жіберді. “Береке” дүкенінің алдына барып тұрдық. Сол кезде екі әйел адам келді. Шерзаттың анасы мен әжесі. Камера жазбасын сұрады. Ноутбуктың қуаттағышын сұрады. Олардың дүкенінде камера істемей тұрды. Сол үшін қуаттағыш керек болған. Бірінші көргенім жердегі қан болды. Және мылтықтың оғын көрдім», — деді Данияр Жанболатұлы.
Бесiнші куәгер Дәулет Мұхамедұлы да дәл жоғарыдағыдай басқа жігіттермен ілесіп оқиға орнына келген. Алтыншы куәгер Әділхан Рузиев те дәл жоғарыдағы жауаптардағыдай оқиға орнынан қансырап жатқан екі адамды көргенін әрі сол жерде жатқан оқтарды көргенін растады.
Сонымен қатар, жетінші болып жауап берген Наргиза Низамединова үйінде ұйықтап жатқанда әйелдің «балам!» деген жан дауысынан оянғанын айтты.
«Балконнан қарағанда Шерзаттың артынан Нұрғанаттың жүгіріп бара жатқанын көрдім. Сол кезде бір жігіттің «Ат! Ат!» деп айқайлағанын естідім. Сол кезде Шерзаттың анасы баласына қарай жүгірді де, сол арада бірнеше жігіттің Шерзат жаққа барып жабылып кеткенін көрдім. Сонымен қатар, қызыл кепка киген, арықтау жігіттің пышақпен бірнеше рет Шерзатқа соққы жасағанын көрдім», — деді Низамединова.
Түстен кейінгі сот отырысында прокурор сотқа келмеген алты куәгердің жазбаша жауабын оқып берді. Бұл куәгерлер — оқиға болған «Қамажай» дүкенінің қарсысындағы үйдің тұрғындары. Ал айыпталушы Дархан Әскентайдың қорғаушысы оның сол түні оқиға кезінде жақ сүйегі сынғанын, алайда алғашқы медициналық көмек дер кезінде көрсетілмегенін мәлімдеді. Сонымен қатар, адвокат Дархан Әскентай құқық қорғау органдарынан қысым көргенін айтып, сол түні кезекшілік атқарған дәрігерлерді сотқа куәгер ретінде шақыруды сұрады.
Дидар Қалиахметтің адвокаты Гаухар Баймұханова да соттан Қаржаубай Нұрымовты шақырып, қайта жауап алуға рұқсат беруін өтінді. Оның айтуынша, әлеуметтік желіде «Чика» деген лақап атпен танылған Санат Әбдіқадірге қатысты деректі нақтылау қажет. Судья бұл ұсынысты сотталушылардан жауап алынғаннан кейін ғана қарастыратынын айтты.
Бұған дейінгі сот отырысында «Чика» және «хуторлықтар» туралы сұрастырған едік. Сотта «Чика» деген лақап атымен белгілі азамат куә ретінде жауап берді. Әлеуметтік желі қолданушылары оның сөзі Санат Әбдіқадірдің жауабына ұқсайтынын байқаған. Осыған байланысты көпшілік Чика — Санат Әбдіқадір деп болжауда.
Сотта Санат Әбдіқадір мен Қаржаубай Нұрымовтың тергеу кезінде беттестірілген сәтінің бейнежазбасы көрсетілді. Онда Ғайыпбаев түсірген видеода Әбдіқадірдің дүкен алдына келіп, көліктен түскен жігіттермен амандасып, Нұрғанатпен сөйлескені айтылады. Нұрғанат «Төбелесуге келдің бе?» деп сұрағанда, Әбдіқадір: «Жоқ, шалмыз ғой» деп жауап берген. Кейін сәл әрірек барып, топ жігітке қарап «Делайте» деген.
Беттестіру кезінде Қаржаубай Нұрымов Санат Әбдіқадірдің Чика екенін айтты. Алайда Әбдіқадір мұны жоққа шығарып, Нұрымовтың айтқанымен келіспейтінін жеткізді. Ол Нұрғанатпен ондай диалог болмағанын, дүкенге тек шылым алуға барғанын және ол жерде тұрған жігіттерді танымайтынын айтты. Қаржаубай оның күдіктілермен амандасып, сөйлескенін, бір-бірін танитынын айтса, Санат бұл мәлімдемені түгелдей теріске шығарды.
Куәгерлерді сұрастырып бікен соң судья айыпталушылардан жауап алуға көшті. Алайда, Дархан Әскентайдан бастап, қалған сегіз сотталушыда бүгін жауап беруге дайын емес екенін айтты. Енді сот отырысы ертең жалғасады. Соттың қалай өрбитінін Orda.kz бақылауында болады.
Бұған дейінгі сот отырысында басты куәгер әрі жәбірленуші, марқұмның әкесі Қаржаубай Нұрымов куәлік берді. Ол «хуторлық» жігіттерден жұрт сескенетінін, бұрындары көршілерін өлтіріп кеткенін баяндады.
Еске сала кетсек, 28 сәуір күні өткен сот отырысында Нұрбекова оқиға кезінде телефонға түсіріп тұрған әйелдің марқұмның әжесі Жұмабике Қадырова екенін мәлімдеген болатын. Оның сөздері бір-біріне қайшы болған соң, жәбірленуші тараптың адвокаттары оның дәрежесі куәгерден күдіктіге ауысуы мүмкін екенін айтты.
Өткен сот отырысында әжесі Жұмабике жұмыстан келгенде топ болып жабылып жатқан адамдарды көргенін, Шерзатқа ұмтылған анасын екі ер адам ұстап тұрғанын байқағанын айтты. Шерзаттың анасы Гүлбара Бишімбиева да тура сол жағдайды баяндады. Сонымен қатар осы істе куә болған екі қыздың өзіне тас атқанын және бұзақылардың бірінің қолынан мылтық көргенін баяндап берді.
Еске сала кетсек, Талғарда 4 қазан күні бір топ адам келіп дүкен иесі Қаржаубаймен, ұлы Шерзатпен және ағасы Нұрғанатпен жанжалдасып, арты кісі өліміне ұласты. 16 жасар Шерзат қаза болды. Бұл іс қоғамда үлкен резонанс тудырды.
9 желтоқсан күні таңертең жасөспірім Шерзат Полаттың ағасы Нұрғанат Ғайыпбаевтың денесі марқұм Шерзаттың зиратының қасынан табылды. Нұрқанат Ғайыпбаевтың өліміне қатысты оқиғаның егжей-тегжейін мына репортаждан оқи аласыз.
Жаңалықтар
- Ақтөбе соты марқұмды туыстарына айтпай жерлеген полиция басқармасын жазалады
- Нұрсұлтан Назарбаев бірінші жұбайымен қоштасу үшін Алматыға келді
- Ақтауда жаяу жүргінші өтетін жолақта 2 баланы көлік қағып кетті
- Астанада экс-депутат ақша жымқырғаны үшін сотталды
- Павлодарда мәңгілік алауда би билеген қыздарға қатысты сот отырысы өтті
- Сара Назарбаева дүниеден озды
- Қазақстанда қыз алып қашқандар 7 жылға дейін сотталады
- Тоқаев көлік министріне сөгіс жариялады
- Грекияда 6,1 балдық жер сілкінісі болды
- Парижде алғаш рет қазақ-қырғыз айтысы өтеді
- Таразда мәслихат депутатының не үшін соққыға жығылғаны белгілі болды
- Алматыда Тасмағамбетов сатқан жер телімі заңсыз болып шықты
- Танымал адвокат Шерзаттың сотындағы прокурорлардың өрескел қателіктерін көрсетті
- Моншадағы қызды жасырын камераға түсіріп, бүкіл ауылға таратқан жасөспірімдер ұсталды
- Қостанайда өгей қызын зорлаған ер адам асылып қалды
- Жаназада бір бума ақша шашу дәстүрде бар ма?
- Шымкентте лайк баспаған қызметкерлерін жазалаған шенеунік қызметінен босатылды
- Крипто миллионердің қызын тапа-тал түсте ұрлап әкетпек болды
- «Соттың қателігі»: 38 жыл түрмеде отырған адамның жазықсыз екені анықталды
- Кірістілігі депозиттерден жоғары облигациялар