Шерзаттың ісіндегі басты айыпталушы Абзал Шынасыл кінәсін толық мойындамады
Фото: Orda.kz
Шерзат Полаттың өліміне қатысты атышулы іс бойынша бүгінгі сот отырысы 40 минутқа кеш басталды, деп хабарлайды Orda.kz.
Оған себеп — айыпталушылардың бірі жалдаған адвокаттың сотқа кешігіп келуі болып отыр. Судья Ержан Жанұзақов қорғаушыға ресми ескерту жасап, тараптарды сот отырысы аяқталғанға дейін ешқандай мәлімдеме жасамауға шақырды. Бұл іске қоғам назар аударып отырғандықтан, судья ақпараттың еркін таралуына шектеу қойып отыр деуге негіз бар.
Тоғыз айыпталушы сотқа қатысты. Бірақ кейбірі сот отырысына айыпты ретінде алғаш рет қатысып отырған жоқ.
- Абзал Шынасыл — 2000 жылы туған, ұлты қазақ. Орта білім алған, жұмыссыз, бойдақ. Бұған дейін сотталмаған. Сотта кінәні толық мойындамайтынын және отырыстың кейбір бөліктеріне дайын еместігін айтты.
- Равиль Сакиев — 1998 жылғы, қазақ. Орта білім алған. Бұрын мейрамханада әкімші болып жұмыс істеген, отбасын құрмаған. ҚР ҚК 381-баптың 2 және 6-бөліктері бойынша сотталған (бостандықты шектеу түріндегі жаза). Қазіргі уақытта жазасын өтеп біткен.
- Шыңғыс Белғожаев — жоғары білімді, балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт мектебінде әдіскер болып қызмет еткен. Талғар қаласында тұрған. 2015 жылы ҚР ҚК 106-бабы бойынша сотталған (қасақана ауыр дене жарақатын салу). Отбасылы емес.
- Дархан Әскентай — 1998 жылы туған, қазақ. Орта білім алған, жұмыссыз. 2017 жылы оны құқық қорғаушылар тергеуге алған, бірақ іс сотқа жетпей тоқтатылған. Қазір сот отырысына толық дайын екенін айтты.
- Нұрқияс Ілиясов — 1998 жылғы, Талғар тумасы, қазақ. Орта білім алған, жұмыссыз, үйленбеген. Бұрын ҚР ҚК 106-бабы бойынша сотталған (қасақана ауыр дене жарақаты). Сотқа қатысуға дайын.
- Азамат Тоқтаубаев — 2000 жылғы, қазақ. Орта білім алған, жеке кәсіппен айналысқан. 2024 жылы 7 жылға бас бостандығынан айырылған. Қазір іс бойынша сотқа қатысуға дайын.
- Нұрбол Тоқтаубаев — 1996 жылы туған, қазақ. Орта білім алған. Арнайы техниканың операторы болып жұмыс істейді.
- Дидар Қалиахмет — 1998 жылғы, қазақ, Талғардан шыққан. Орта білім алған. Жүргізуші болып жұмыс істейді, үйленген. Бұған дейін сотты болмаған.
- Думан Ысқақ — 2007 жылғы, Талғар қаласының тумасы, қазақ. Орта білім алып жатыр, мектептің 11-сыныбында оқиды.
Еске сала кетсек, Талғарда 4 қазан күні бір топ адам келіп дүкен иесі Қаржаубай Нұрымов, ұлы Шерзат Полат және ағасы Нұрқанатпен жанжалдасып, арты кісі өліміне ұласты. 16 жасар Шерзат Полат қаза болды. Бұл іс қоғамда үлкен резонанс тудырды.
9 желтоқсан күні таңертең Талғардың шетінде қайтыс болған жасөспірім Шерзат Полаттың ағасы Нұрқанат Ғайыпбаевтың денесі табылды.
10 желтоқсанда Азат ауылында Шерзаттың ағасы Нұрқанат Ғайыпбаевтың жаназасы өте салысымен арты үлкен дауға айналды. Қаржаубай Нұрымов 10 желтоқсан күні ағасының жаназасында ұсталды. Ол жүк көлігінің төбесіне шығып, ұлы мен ағасының өліміне қатысты әділ тергеу жүргізуді талап еткен болатын. Сот оны ұсақ бұзақылық пен полиция қызметкерлеріне шабуыл жасады деген айыппен 15 тәулікке қамау туралы шешім шығарды. Алайда Нұрымов бұл айыптарды жоққа шығарып, тек полиция көлігінің дөңгелектерін тескенін мәлімдеді.
Осы кезде полиция туыстары мен адвокаттары өтінген соң, Қаржаубайды ұстадық деп мәлімдеген еді. Қаржаубай Нұрымовтың адвокаты полицияға оның жақындары ұстаңдар деп айтпағанын мәлімдеді.
Нұрқанат Ғайыпбаевтың өліміне қатысты оқиғаның егжей-тегжейін мына репортаждан оқи аласыз.
Еске сала кетсек, ІІМ бірінші орынбасары Бауыржан Әленов пен бас прокурор Берік Адамов және тергеу ісін қолға алған Самат Айысов 15 қазан брифинг өткізген. Олардың артынан ұсталғаны мәлім болды. Ұсталғандардың кім екенін сол брифингте айтып берген еді.
Шерзаттың үйі өртенген түні болған оқиғаны мына сілтемеден оқыңыз.
Жаңалықтар
- Димаш Құдайберген Ұлттық қауіпсіздік комитетінде не істеп жүр?
- «Рөлде қарындасым болған»: Жамбыл облысындағы полиция басшысының видеосы тарады
- Тоқаев Кипр президентіне Экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссия мен Іскерлік кеңес құруды ұсынды
- Атыраудағы қырылған отбасы: Күдіктінің жұбайы қылмысқа қатысы жоқ деп танылды
- Депутат әлеуметтік желідегі пікірлер үшін сотталғандарға амнистия беруді сұрады
- Азат Перуашев Тоқаевтың сынынан кейін «айыппұлстан» сөзіне қайтадан түсініктеме берді
- Алматыдағы Hilton қонақүйіне сот орындаушылары қайта келді: 170 адам жұмыссыз қалуы мүмкін
- 75 мың доллар пара беру кезінде ұсталды: Бұрынғы вице-министрлер ісі бойынша сотта не айтылды?
- Ержан Жиенбаев Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары болып тағайындалды
- Burger King-ке 1 миллион теңге көлемінде айыппұл салынды
- Рақымшылық-2026: Кімдер босатылады, кімдерге кешірім жоқ?
- Қостанай қаласы білім бөлімінің басшысы бюджет қаражатын жымқырып ұсталды
- ШҚО әкімі бұрынғы орынбасары Жақсылық Омардың сот үкімінен кейін отставкаға кетпекші болды
- Мемлекет басшысы Италия президентін Республика күнінің 80 жылдығымен құттықтады
- Израиль парламенті — Кнессет өзін-өзі тарату туралы заң жобасын ұсынды, елде жаңа сайлау өтеді
- Қызылқұм шөлінде жаңа көл пайда болды
- Димаш Құдайберген жаңа әлемдік концерттік турға шығады
- Президент елді «Айыппұлстан» деп атайтын депутаттарды сынады
- Қордай ауданында Lexus пен Tank 500 көлігі соқтығысып, бір жүргізуші қаза тапты
- Тоқаев: «Таза Қазақстан» тұжырымдамасын орындау – конституциялық міндет