«Шерзат үшін»: Астанада жалғыз наразылық танытқан ер адамды полиция ұстап әкетті
Фото: Astanovka98
Астанадағы Мәңгілік Ел мен Қонаев көшелерінің қиылысында ер адам «Шерзат үшін» деген жазуы бар плакат ұстап шықты. Жалғыз пикетке шыққан азаматты полиция қызметкерлері көп ұзамай ұстап әкетті, деп хабарлайды Orda.kz Astanovka98 Telegram-арнасына сілтеме жасап.
Бұған дейін Алматы облысының прокуратурасы тұрғындарды рұқсат етілмеген митингтерге қатыспауға шақырған болатын.
«Мұндай іс-шараларды ұйымдастыру және оған қатысу заңды өрескел бұзу болып саналады және ол үшін әкімшілік (ӘҚБтК-нің 488-бабы) және қылмыстық (ҚК-нің 400-бабы) жауапкершілік қарастырылған», — деді Астана қалалық полиция басқармасы.
Бұл оқиға Талғарда қаза тапқан Шерзат Болаттың ағасының 10 желтоқсанда Азат ауылында өткен жаназасынан кейін болды. Нұрқанат Ғайыпбаевты әзірге өзіне қол жұмсаған деп мәлімдеп жатыр.
Еске сала кетсек, бүгін отбасының адвокаты кейбір ақпаратты жоққа шығарып мәлімдеме жасады. Шерзат Полаттың әкесі Қаржаубай Нұрымовтың үстінен қылмыстық іс қозғалды.
Нұрқанат Ғайыпбаевтың өліміне қатысты оқиғаның егжей-тегжейін мына репортаждан оқи аласыз.
Еске сала кетсек, ІІМ бірінші орынбасары Бауыржан Әленов пен бас прокурор Берік Адамов және тергеу ісін қолға алған Самат Айысов 15 қазан брифинг өткізген. Олардың артынан ұсталғаны мәлім болды. Ұсталғандардың кім екенін сол брифингте айтып берген еді.
Шерзаттың үйі өртенген түні болған оқиғаны мына сілтемеден оқыңыз.
Сонымен қатар кейін ұсталған екі адам жайлы, күдіктілердің бірінің анасы БАҚ-та айтылып кеткен санды толтыру үшін ұлын жазықсыз ұстағанын айтып мәлімдеме жасаған болатын.
Жаңалықтар
- Тоқаев Моңғолия президентін «Алтын Қыран» орденімен марапаттады
- БҚО-да тойға келгендер полиция бөлімінен бір-ақ шықты
- Алматыдағы Розыбакиев көшесіне Шаханов есімін беру ұсынылды
- 2027 жылы ҰБТ-ға балама тест болады
- Алматы жұртшылығы Шахановты ақтық сапарға шығарып салды
- Тоқаев: Моңғолиямен ортақ тарих біріктіретін біртұтас тамырланған көшпелі өркениет ұрпағымыз
- Қазақстандағы екінші АЭС Мойынқұм деп аталады
- АҚШ пен Иран арасындағы кезекті келіссөз қашан өтеді?
- Ерболат Досаев тағы бір қызметінен айырылды
- Мексикадағы пирамида маңында атыс болды: Екі адам қаза тапты
- Иран билігі АҚШ-пен келісімге келу үшін делегация жіберді
- Тим Кук Apple компаниясының бас директоры қызметінен кетеді
- Мұхтар Шаханов қайда жерленетіні белгілі болды
- Залал 2 млрд теңге: Петропавлда көлік өтпежолын салуға бөлінген бюджет қаржысы жымқырылған
- Қазақтың біртуар өршіл ақыны Мұхтар Шахановпен қоштасу рәсімі өтіп жатыр
- Астанада төрт тонна қауіпті сұйықтық құйылған 200 канистр табылды
- Ақсу қаласында зауытта жұмысшы қаза тапты
- Меркеде шенеуніктер жетім студенттердің ақысын жеген
- Қазақстан мен Моңғолия геологиялық барлау, мұнай өндіру салаларына заманауи технология енгізу туралы келісті
- Моңғолия президенті Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді