Шерзат Полат ісі: Сотталғандардың бірі рақымшылыққа өтініш білдірді
Коллаж Orda.kz
Алматы облыстық сотында Шерзат Полаттың ісі бойынша апелляциялық шағым қаралып жатқан отырыста айыпталушылардың адвокаттары не деді? Сотталғандардың қайсысы рақымшылыққа өтініш берді? Сот залындағы Orda.kz тілшісі тікелей ақпарат таратады.
Бұған дейін сот отырысына журналистердің қатысуына техникалық мәселелер кедергі болды. Түске дейін адвокаттар мен туыстарының өтініші бойынша операторлар да залдан шығарылған еді. Алайда түстен кейінгі отырыста судья журналистердің сот залына кіруіне рұқсат берді. Ал сот процесіне Досымбек Қалдырбек, Марина Мұсабекова, Ербол Құтпанбаев төрағалық етеді.
Сотталғандардың адвокаттары апелляциялық шағымдарында сот шешімінде дәлелдемелер жеткіліксіз деп танитынын айтты. Дидар Қалиахметтің адвокаты Гаухар Баймұханова істі «бұзақылық» бабынан «полицияға хабарламау» бабына ауыстыруды сұрады. Баймұханованың айтуынша, Қалиахметке тағылған айып жарты бетке де толмайтынын әрі оның кінәсі толық дәлелденбегенін айтты.
Азамат Тоқтаубаевтың адвокаты Гүлмира Бабажанова іс бойынша ұрлық бабын алып тастап ол бойынша рахымшылыққа ілінуін сұрайтынын айтты. Еске сала кетейік, Азамат Тоқтаубаев оқиға орнында жәбірленушінің ұялы телефонын ұралады деп айыпталып, оған «бұзақылық» бабы мен қоса «ұрлық» бабы да қосылған еді.
«Маусымнан бастап конституцияның 30 жылдығына байланысты амнистия заңы қолданыста. Осыған байланысты мен бүгін Азамат Тоқтаубаевқа қатысты «ұрлық» бабын алып тастауды сұраймын. Бұл бап бойынша оған 3 жыл тағайындалған», – деді қорғаушы Бабажанова.
Шыңғыс Белғожаевтың адвокаты оған тағылған айыпты толығымен ақтап, азаматтық талап-арыздың күшін жоюды сұрады. Оған қоса оның оқиға күні болған көлігін тұрақтан алып, ата-анасына тапсыруды сұрады.
Абазал Шынасылдың қорғаушысы Жұмат Әбеновтың айтуынша, Шынасыл басында істемеген қылмысты мойнына алған. Алайда кейін шындықты айтса да, оған ешкім құлақ аспаған. Сондықтан адвокат оған тағылған «Шерзат Полатты өлтірді» деген айыпты алып тастауды сұрады. Әбенов Шынасыл тек оқиға орнында Нұрқанат Ғайыпбаевқа жеңіл жарақат келтіргенін, сондықтан айыптау осы негізде қаралуы қажет екенін айтты.
«Қасқырдың аузы жесе де қан, жемесе де қан, демекші басында Шынасыл ақымақтықпен мойындап қойған соң, барлығы келіп осыған жауып жатыр. Былай қарасаңыз, Абзал сонда екі адамды да пышақтаған болып шыға ма? Ал Нұрғанат Ғайыпбаевқа салған пышағы денсаулыққа ауыр емес. Тергеушіге де мойнына алатын адам керек. Оған қоса жәбірленушілердің де жауаптары қарама-қайшы екенін ұмытпайық. Олардан қайтадан жауап алайық дегенімде барлығы денсаулығын сылтауратып келмеді», – деді Әбенов.
Сотталғандардың қорғаушылары жәбірленуші тарап сот процесі кезінде денсаулығына байланысты қатыспағанын әрі олардан қайта жауап үшін сот процесіне алдыра алмағанын айтты. Бірақ шешім шыққаннан кейін еш қиындықсыз жеңісті атап өтіп, әлеуметтік желіге салғанын алға тартты.
16 жастағы Шерзат Полаттың өлімі қазақ қоғамын дүр сілкіндіріп, қызу талқыға түсті. Оқиға былтыр Талғарда 4 қазан күні болған еді. Бір топ адам, соның ішінде осы сотталушылар дүкен иесі Қаржаубаймен, ұлы Шерзатпен және ағасы Нұрғанатпен жанжалдасып, арты кісі өліміне ұласты. Шерзат қаза болды.
9 желтоқсан күні таңертең жасөспірім Шерзат Полаттың ағасы Нұрғанат Ғайыпбаевтың денесі марқұм Шерзаттың зиратының қасынан табылды. 12 қазан күні Азат ауылындағы марқұм болған Шерзаттың отбасының үйі өртеніп кетті.
Жаңалықтар
- Енді темекі шегетіндер өкпе обырына тегін тексеріле алады
- Тамыздан бастап Қазақстанда не өзгереді: Жүргізуші куәлігі, жаңа сайлау
- Махамбет Өтемісов атындағы университеттің ректоры ұсталды деген ақпарат тарады
- Дастан Сәтпаев «Челси» сапында дебют жасады
- 31 жастағы ер адам 74 жастағы әйелді пышақтап өлтірді
- Астанада өз бетінше автобус жуып жүрген жігіттің әрекеті мемге айналды
- Нұрай Серікбайдың ісі: Сот алқабилерсіз өтуі мүмкін, жәбірленуші тарап тікелей эфир талап етті
- Жаңа талап: Жүргізуші куәлігін жарамсыз етуге қандай негіз бар?
- Қорапқа салып берді: Жаңа туған үшем Алматы облысындағы ауруханада шетінеп кетті
- Қазақстан қорықтарында 19 орман өрті тұтанды
- Трамп Канададан келетін тауарларға 50 пайыздық баж салығын енгізді
- Тоқаев Испания құрамасын футболдан әлем біріншілігіндегі жарқын жеңісімен құттықтады
- ӘЧ-2026: Испандар жеңісі үшін гауһар тасты 30 алтын жүзік алады
- Павлодар облысында құдыққа түскен алты адам қаза тапты: Марқұмдардың ең жасы 16 жаста
- Әлем чемпионаты – 2026: Турнирдің үздіктері анықталды
- Месси мен Роналду дәуірі аяқталды: 2026 жылғы әлем чемпионаты несімен есте қалды?
- Ескертуге қарамастан КҚК теңіз терминалындағы мұнай танкеріне тағы шабуыл жасалды
- Венесуэладағы жер сілкінісі құрбандарының саны бес мыңнан асты
- Астана – Шымкент рейсінен мас жолаушы түсірілді
- Талдықорғанда төрт метрлік ашық құдыққа 14 жастағы қыз құлап кетті