Апелляциялық сот: Шерзат Полаттың ісін қарауға БАҚ өкілдері кіре алмады
Коллаж: Orda.kz
Алматы облыстық сотында Шерзат Полаттың ісі бойынша бірінші сатыдағы соттың үкіміне қатысты 8 сотталушыдан түскен апелляциялық шағым қаралып жатыр, деп хабарлайды Orda.kz.
Апелляциялық шағымға төрағалық етіп Досымбек Қалдарбек есімді судья қарап жатыр. Алматы облыстық соты ақпарат тарату үшін журналистерге бөлек бөлме дайындағанымен сот залындағы процесті бақылау мүмкін болмады. Сол арадағы БАҚ-қа жасалған трансляцияның дыбысының нашарлығына байланысты ешқандай ақпарат ала алмадық. Сонымен қатар, сот залына кірген операторларды да шығарып тастады. Оған сотталғандардың ата-анасы мен адвокаттарының қарсылығы себеп болды. Сот ашық деп хабарланғанымен, ашық процеске журналистер кіре алмай отыр.
Сотта сөз алған сотталғандардың жақындары алдыңғы сот отырыстарының біржақты өткенін айтты. Сондай-ақ сот шешімімен шыққан азаматтық талап-арызға да разы емес екенін жеткізді.
Айта кетейік, бүгінгі сотта куәгерлер Жақсыгелді Дана, Эльмира Нұрбекова, Юлдаш Розбакиев пен Қазыкенов Арланға қатысты шыққан жеке қаулы да қаралады.


Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық