Саясат, синофобия немесе пандемия: Қытаймен шекарада кептеліс орын алды
Қытай шекарасында мыңға жуық жүк көліктері шекараны асып кете алмай тұр. Қорғас өткізу пункті жұмыс істемейді. Үкімет бюджет шығындарын есептеп жатыр. Ал сарапшылар Қытай мен Қазақстан тауарлары қозғалысына не кедергі болғанын анықтауда. Әзірге бір нәрсе анық - Қазақстанға Қытайсыз қиын. Бірақ «дағдарыстың» нақты себебі неде?
Orda.kz тілшісі көптеген сарапшылармен байланысқа шығып, «Қорғас» сауда желісі Қытай жақтан да, Қазақстан жақтан да неге жабық екенін анықтап көрді. Қазірдің өзінде шекарадағы кептелістің кесірінен елге 170 млрд теңге шығын келген. Ең қызығы, Қытайдың Еуропаға жіберген тауарлары Қазақстан арқылы транзитпен еш кедергісіз өтіп жатыр.
Қытай фобиясының нәтижесі
Шығыстанушы Әділ Кәукенов экономикалық байланысты пандемия бұзды деп санайды. Оның айтуынша, қазір барлық елдер, соның ішінде ірі өндіруші – Қытайдың жағдайы қиын. Ол мәселені тиімді шешіп, энергетикалық дағдарысты, пандемия мен санкцияларды қалай айналып өтуге болатынын ойластыруда. Соған қарамастан, мәселелердің бәрін шешуге болар еді. Бірақ елдер арасында қарым-қатынас жақсы емес болып тұр.
- 2015 жылға дейін қытайлық баспасөздер Қазақстан туралы жақсы жазып, оны серіктес деп те атаған. «Достық» сөзі үкімет деңгейінде де, қарапайым адамдар арасында да шешуші құрал болды. Сол жылдары, қиындықтар туған бойда, оны тез шешуге болатын. Қазақстан басшылығы оларға, мысалы, бас хатшысына бір ғана қоңырау шалып жағдайды реттей алатын. Расында, Қытай үшін Қазақстанмен сауда тиынға татитын. Бірдеңе десе, достықты еске салатынбыз. Достар көмекке мұқтаж кезде бір-біріне көмектеседі. Осылайша бәрі шешілетін. Қытай-фобияның (қытайлықтардан қорқу – Ескерту Orda.kz) нәтижесі - Қытай жауға айналды.
Бұрынғыдай қоңырау шалып, «біз доспыз, ал сіздің шенеуніктер біздің жүкті тоқтатып жатыр деуге болмайды» дейді сарапшы. Қазір қарым-қатынас алыстап кеткен. Қит етсе, ресми хабарлама жолдау керек. Мәселе шешілген күннің өзінде, ұзақ уақыт алады.
- Мен неге бұлай істеп жатқандарын сұрадым? Соңғы 5-6 жылда Қытай Қазақстанға салқын көзқараста. Біз бұрынғы достық қарым-қатынасымызды жоғалттық. Қытай бізден ары кетсе, бір тиын табар. Сондықтан олар контейнерлер, тауарлар - бәрі жетпейді дейді. Біз үшін не маңызды? Еуропа, АҚШ, Ресей?
Шығыстанушы қытайлықтардың пандемиялық шараларына қанағаттанбағанына қарамастан, ресейліктердің шағымданбауына назар аударды. Тауарлар Ресей Федерациясына шекара арқылы тез жеткізіледі.
Каукенов « екі ел арасындағы бұрынғы жылулық жоқ» дейді. Қазақстан өзін Қытаймен тең дәрежедемін деп санайды, сондықтан да тауарды соңғы болып алады. Шығыстанушы сондай-ақ тиімдірек бағыттар бар екенін атап өтті. Олармен көрші елдер жұмыс істеуде.
Әлемдік логистика
Қытайтанушы, қытай және азиялық зерттеулердің IMEP бағдарламасының бас сарапшысы Антон Бугаенко мәселе әлемдік логистиканың бұрмалануында деп санайды.
- Қытай жағына Еуропаға бірінші кезекте жүк жіберу тиімдірек шығар. Бірақ мұнда өткізу қабілеттілігін қарап, контейнерлер мәселесін зерттеу керек. Бәлкім, барлық контейнерлер Еуропаға кеткен шығар. Бәлкім, оларға жүкті бірінші жіберу керек шығар.
Пандемия
Парламент төменгі палатасының депутаты Аманжан Жамаловтың пікірі мүлде басқа. Оның айтуынша, контейнерлердің бірнеше ай шекарада тұрып қалуы Қытай жағындағы карантиндік шараларды күшейтумен байланысты болуы мүмкін.
- Қытай пандемияға қарсы күресте басқалардан озып кетті. Оларда ең қатаң карантиндік шаралар қолданылады. Олар вируспен күрескендей, біз тіпті тарақандармен күреспейміз. Шекаралар жабылды, сондықтан жүкті өткізуге рұқсат жоқ. Саясат пен басқа нәрсені кез келген тақырыпқа тығуға болады. Қауіпсіздікке келетін болсақ, олар үшін басқа елдің шығындары маңызды емес. Қытай үшін сауда - сауда, саясат - саясат. Олар біздің Қытайға қарсы шерулерімізге мән бермейді де. Қытай біреу бірдеңе айтса, бірден оны көңілге қабылдап, сауданы жабатын ел емес.
Депутат қазірдің өзінде экспорт мәселесіне қатысты одан көмек сұралғаны туралы айтты. Бірақ ол бұған физикалық түрде бірдеңе істеуге мүмкін емес екенін түсіндіруге мәжбүр болды. Өйткені Қытайда санитарлық дәрігерлердің шешімдері заң мен экономикалық мүдделерден жоғары.
Облыстық субсидиялар
Orda.kz шолушысы Артур Шахназарян өз кезегінде қазақстандық жүктерді теміржолда бөгеудің тағы бір ықтимал себебін айтты. Оның айтуынша, себеп ішкі қытайлық сипатта.
- Біз бұғатталған тауардың соңғы шығу мекенжайын тексеруіміз керек. Бұғатталған ұйымдардан жауап алу керекпіз. Егер мекен-жай, айталық, Үрімжінің немесе басқа провинцияның соңғы баратын жері Ганьсу болса, онда қытайлық теміржолшылар провинция үкіметінен субсидия күтіп, жолды жауып тастайды. Мұндай тәжірибе Қытайда бар екен. Егер провинция сыртқы экономикалық айналымға мүдделі болса, ол қытайлық теміржолшыларға субсидия төлеуі тиіс. Егер олар бұл туралы ұмытып, ашкөздікке бой алдырса, теміржолшылар қандай да бір себеппен ұзақ уақыт қызмет көрсетуден бас тартады, - деп түсіндірді Артур Шахназарян.
Болжауға болмайды
«Ақ жол» партиясының жетекшісі, парламент депутаты Азат Перуашев шекарадағы жағдайға алаңдаушылық білдіретінін, сонымен қатар көптеген сұрақтар туғанын жасырмады.
- Біз бірден осы тақырып бойынша депутаттық сауал қойдық. Өзімізде де көптеген сұрақтар бар, ол жерде не болып жатқаны және қайда апаратыны белгісіз. Сондықтан біз түсініктеме алу үшін уәкілетті мемлекеттік құрылымға жүгіндік. Барлық басқа болжамдар әлі де алыпсатарлықта. Мұның бәрі мәлімдеме немесе білім емес, болжау - бұл тиімсіз жұмыс. Мен бұдан бас тартар едім, алдымен тақырыппен терең айналысатын құзыретті құрылымдар не деп жауап беретінін көрейік. Енді ең бастысы - транзитті бастау және елдер арасындағы байланысты қалпына келтіру.
Айта кетсек, қаңтарда теміржолшылар коронавирустың ағзада 14 күннен артық өмір сүрмейтінін айтқан. Оны әлемдегі санитарлық дәрігерлер де растады. Демек, астық тиелген вагондар одан ұзақ уақыт жүрсе, инфекцияны тасымалдау қаупі барынша төмендейді.
Сауда және интеграция министрлігінің статистикалық мәліметтеріне сәйкес, барлық пайымдаулар мен жорамалдарға қарамастан, 2020 жылы елдер арасындағы өзара тауар айналымы 4%-ға өсіп, 15,4 млрд долларды құрады. Қытайға экспорт 9 млрд долларға, импорт 6,4 млрд долларға жетті. Сонымен қатар, Қытай Қазақстандағы инвестициялардың жалпы көлемінің 4,7%-ын құрайтын Қазақстанның ірі инвесторларының бестігіне кіреді. Оның үстіне 2021 жылдың қаңтар-ақпанында Қытай мен Қазақстан арасындағы тауар айналымы өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 20%-ға өсті.
Авторы: Александр Смолин
Аударған: Айнура Дарибаева
Жаңалықтар
- Шавкат Рахмонов пен Ян Гарри жекпе-жегі
- Елімізде байланыс қызметі тарифтері жыл соңына дейін өзгермейді - Цифрлық даму министрлігі
- Тоқаев Доха форумы конференциясының ашылу салтанатының құрметті қонағы
- Түркияның бұрынғы Сыртқы істер министрі ЕҚЫҰ Бас хатшысы қызметіне тағайындалды
- Оңтүстік Корея президенті әскери жағдай енгізгені үшін кешірім сұрады
- Полиция тексеру бастады: Алматыда намаз оқу үшін көшені жапты
- Катарда Сирия бойынша Астана форматындағы сыртқы істер министрлерінің кездесуі өтеді
- 8-сынып оқушысының өліміне қатысты екі оқушы сотталды
- «Маңғыстаумұнайгазға» жаңа бас директор тағайындалды
- Бұрынғы спорт министрінің ағасы жұдырық ала жүгірді
- Тоқаев Катарға жұмыс сапарымен барды
- Алматының сейсмикалық қауіпсіздігіне 14 миллиард жұмсалады
- Әскердегі сержанттың озбырлығы сау жігітті жындыханаға аттандырды
- Туған шешесін баспанасыз қалдырмақшы болған
- Шерзат Полаттың өлімінен кейін қызметінен босатылған вице-министр көлік полициясын басқарды
- Тергеу абақтысы қызметкерін бір жапырақ нан үшін жазалады
- Қазақстан гүлденген 50 елдің қатарына енді
- «Билікті басып алуға тырысқан» кәсіпкер сотта мойнын тіліп жіберді
- «Қыз алып қаштым»: Депутаттар сексизмнен феминизмге қалай ауысты?
- Қор нарығында доллар бірден 9,31 теңгеге арзандады