Сәкен Майғазиевтің белсендіні сотқа бергені хабарланды

Шымкент қалалық мәдениет үйінің басшысы, әнші Сәкен Майғазиев Демократиялық партия бастамашыл тобының белсендісі Аружан Дүйсебаеваның үстінен сотқа арызданғаны хабарланды.
Бұл туралы Orda.kz хабаралайды.
Бастамашыл топ жетекшісі Жанболат Мамай өз facebook парақшасында сотқа шақыртуды 13 шілде күні кешкі уақытта естігендерін жазды.
– Жаңа ғана белгілі болды, әнші Сәкен Майғазиев Демократиялық партия мүшесі Аружан Дүйсебаеваны сотқа берді. Жай сот емес, қылмыстық іс бойынша. 131-бап (Қорлау) бойынша арызданып, Аружанды соттатпақ. Аружанға ешқандай алдын ала хабар берілмеген, сот құжаттары жіберілген жоқ. Қазір ғана хабарласып, 15 шілде күні сағат 12-00 Шымкенттің Қаратау аудандық сотында ісі қаралатыны туралы айтқан. Оған дейін қорғаушыны қайдан табады? Іс материалдарын неге алдын ала жібермеген?,- дейді белсенді.

Белсенді әншінің арыздануының астарында саяси себеп болуы мүмкін екенін жазды.
– Біздің пайымдауымызша, Майғазиев наурыз айында болған дау-дамайға қатысты сотқа арызданып отыр. Ол кезде журналистер Шымкент әкімдігінің Наурыз тойлауға жүздеген миллион теңге бөлгенін, алайда ешқандай мерекелік іс шаралардың өтпегенін жазды. Арасында Майғазиевтің де фамилиясы аталды. Бұл туралы Аружан Дүйсебаева да айтқан болатын. Бірақ, ондай жағдайда Майғазиев басқа журналистерді неге сотқа бермей, дәл Аружанға қарсы неге арыз жазды? Демек, мұның астарында саяси себеп жатуы мүмкін. Шындықты айтып, митингтерге шығып жүрген қазақтың қызын қудалау үшін,- дейді Мамай.
Жаңалықтар
- Қайрат Қожамжаровтың тобы: Бұрынғы арнайы прокурор Олеся Кексель ұсталды
- Қасым-Жомарт Тоқаев Нұрсұлтан Назарбаевты мерейтойымен құттықтады
- «Лас жүйеге мойынсұнбаймыз»: Түркияда үш қаланың әкімі ұсталды
- Астанадағы LRT: Мәжіліс депутаттары жаңа пойыздарды сынап көрді
- Режиссер Сламбек Тәуекел дүниеден озды
- Сағындық Тоғамбай Астанадағы Әлем кубогының қола жүлдегері атанды
- Алаяқтардың айласы: Ардагер журналист Кәкен Қамзин үйінен айырылып қалуы мүмкін
- Трамп салық және шығындар туралы заң жобасына қол қойды
- Павлодарда таң атпай алапат өрт шықты
- Атырау облысында тағы да бір ұшқышсыз ұшатын құрылғы құлады
- Ұлт рухының айнасы: Қазақстан академиялық тарихының алғашқы томы қаралды
- «Назарбаев болғым келеді»: Елбасының әулетіне қосылып табысты кәсіпкерге айналған академик Есполовтың немересі
- Алматыда алып қазақ қызының ақша басы орнатылды: Мүсіннің маңызы және жұмсалған қаражат жайлы
- Жалғызбасты мүгедек анасын асырап жүрген сарбазды әскерге күштеп әкетіп, жындыханаға жатқызды
- Ақтөбеде қарызға батып бүйрегін сатпақ болған азамат сот залынан босатылды
- «Емделуге кеткен әкем табытпен оралды»: Қызы президенттік аурухана дәрігерін немқұрайдылық танытты деп айыптайды
- Батыс Қазақстанда киік ату басталды
- Қайрат Қожамжаровтың тобы: Антикордың экс-басшысы ұсталды
- Іс сотқа өтті: Қасақана өлтіріп, Жайыққа тастаған бойжеткеннің мүрдесі табылмады
- «Өлтіріп жатыр» деп айқайладым: Әншінің жұбайы күйеуі ұрып-соққанын айтты