Ресейге тыңшылық жасағандар Рысқалиевті де аңдыған
Фото: Abai.kz
Лондонның орталық қылмыстық сотында «Ресейдің барлау агенттіктерінің тапсырысы бойынша тыңшылық жасады» деген айып тағылған болгариялық азаматтардың соты жалғасып жатыр, деп хабарлайды Orda.kz BBC-ге сілтеме жасап.
Алдын ала мәліметтерге сүйенсек, күдіктілер Германиядағы америкалық әскери базаны тінтіп, Ресей билігінің қарсыластарын, сонымен қатар журналистер Кристо Грозев пен Роман Доброхотовты аңдыған. Бірақ сотта 33 жастағы Катрин Иванова, 30 жастағы Ваня Хаберова және 39 жастағы Тихомир Иванчев айыптаулардың бәрін жоққа шығарады. Ал күдіктілердің екеуі — 46 жастағы Орлин Русев пен 43 жастағы Бизер Жамбазов тыңшылық жасағанын мойындады.
Тергеу мәліметі бойынша, сотталушылар бұл іспен 2020 жылдың тамызынан 2023 жылдың ақпанына дейін айналысқан. Прокурорлар топтың Ұлыбританияда, Еуропаның басқа елдерінде де жұмыс істегенін мәлімдеді. Топты Австрия азаматы және Wirecard компаниясының бұрынғы операциялық директоры Ян Марсалек есімді адам басқарды. Янның өзі Германияда алаяқтық жасады деген айыппен іздестірілген.
Сонымен қатар сотта күдіктілердің Ұлыбританияға қашып, саяси баспана алған қазақстандық саясаткер Бергей Рысқалиевті де аңдығаны айтылды.
Айыптау мәліметтері бойынша, күдіктілер Ресейдің Қазақстанмен байланысын нығайту үшін оның билігінің қарсыласын қудалаудан пайда іздеген болуы мүмкін.
Бергей Рысқалиев 2006-2012 жылдары Атырау қаласы мен Атырау облысының әкімі қызметін атқарған. 2012 жылы оның бауыры, мәжіліс депутаты Арманжан Рысқалимен бірге шетелге қашқаны белгілі болды. 2013 жылы экс-әкімге «аса ірі көлемдегі бюджет қаржысын жымқырды және және қылмыстық топ құрды» деген айып тағылды. 2019 жылы Қазақстан соты Бергей Рысқалиевті 17 жылға, оның ағасы Арманжан Рысқалиевті 16 жылға сырттай соттады.
Лондонның орталық қылмыстық сотының мәліметінше, күдіктілердің тағы бір операциясы Лондондағы Қазақстан елшілігіне қарсы бағытталды. 2022 жылдың қыркүйегінде олар «жалған наразылық акциясын» ұйымдастырып, содан кейін оның «ұйымдастырушылары» туралы деректерді Қазақстан билігіне беруді көздеген. Сонымен қатар Болгария азаматтары 2022 жылдың соңында Штутгарттағы американдық әскери базаны бақылауды ұйымдастырды деп айыпталуда. Базаны қадағалау кезінде олар объектідегі адамдар туралы ақпарат алуға мүмкіндік беретін озық технологияларды қолданған.
Жаңалықтар
- Бітім жайына қалды: АҚШ пен Иран бір-біріне соққы жасады
- Францияда аптап ыстыққа байланысты ядролық реакторлардың жұмысы уақытша тоқтатылды
- ӘЧ-2026: Алғашқы екі аптада турнирге 3,6 миллион көрермен келіп, рекорд жаңартты
- Тоқаев әскерге шақыру, ант қабылдау және запасқа шығару рәсімдерінің жаңа тәртібін жариялады
- Екі жыл бойы алимент төлемей, 4,7 млн теңге қарыз жинаған тұрғын жазаланды
- Тарихи сәт: Мәжіліс соңғы отырысын өткізді
- Қазақстан Иран портында жерді жалға алып, мұхитқа шығуды жоспарлап отыр
- Ұлттық футбол құрамасы Талғат Байсуфиновтың орнына жаңа бас бапкер іздеп жатыр
- Гүлнәр Бажкеноваға қатысты сот екінші шілдеде басталады
- Жер телімін алып беремін деп 33 адамды алдаған маман сотталды
- ҚР СІМ: Қазақстандықтарға шенген визасын алу жеңілдейді
- Астанада Ұлттық ұлан сарбазы Ербаян Мұхтардың денесі жер қойнына тапсырылды
- Қазақстандықтар енді БАӘ-де жүргізуші куәлігін оңай айырбастай алады
- Тоқаев Венесуэладағы жойқын жер сілкінісіне қатысты көңіл айту жеделхатын жолдады
- ӘЧ-2026: Түркия АҚШ-ты жеңді, бірақ плей-оффқа шыға алмайды
- Шымкентте ірі өрт: ТЖМ құтқарушылары тілсіз жауды ауыздықтады
- Венесуэлада болған жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 200-ден асты
- Қазақстан СІМ Таяу Шығысқа сапарлардан бас тартуға кеңес берді
- Футболдағы дау: Футболшы мен төреші матчтардан шеттетіліп, клубқа 400 АЕК айыппұл салынды
- Алматы – Қорғас тасжолындағы жантүршігерлік жол апаты: Тағы бір адам жан тапсырды