Гүлнәр Бажкеноваға қатысты сот екінші шілдеде басталады
Фото: facebook.com/gulnara.bazhkenova
Алматыда Orda.kz басылымының бұрынғы бас редакторы және тең құрылтайшысы Гүлнәр Бажкеноваға қатысты сот процесі екінші шілдеде басталады. Істі Бостандық аудандық №2 соты судья Елена Кванның төрағалығымен қарайды. Сот отырысы таңғы сағат 10:00-де өтеді, деп хабарлайды Orda.kz.
Бажкеноваға Қылмыстық кодекстің бірден үш бабы бойынша айып тағылып отыр. Атап айтқанда, көрінеу жалған ақпарат тарату, заңсыз кәсіпкерлікпен айналысу және сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену немесе ысырап ету. Оған тағылған айыптар ауыр қылмыстар санатына жатады.
Сот процесі кезінде ол үйқамақта болады. Сот оған мемлекеттік қорғаушы тағайындады. Еске салайық, бұған дейін оның адвокаты Мұрат Адам лицензиясынан айырылған, содан кейін Бажкенова басқа қорғаушының қызметінен бас тартқан.
Бажкенова ұсталған күні — 2025 жылғы 1 желтоқсанда полиция журналистің үйінде және Orda редакциясында тінту жүргізіп, бірнеше қызметкерді жауап алуға шақырған.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық