Бітім жайына қалды: АҚШ пен Иран бір-біріне соққы жасады
Сурет ЖИ көмегімен жасалды
АҚШ пен Иран арасында әскери шиеленіс күшейіп, тараптар бір-біріне соққы жасады. Бұған Ормуз бұғазында жүк кемесіне жасалған шабуыл себеп болған. Вашингтон бұл әрекет үшін Тегеранды айыптады, деп хабарлайды Orda.kz BBC-ге сілтеме жасап.
АҚШ әскері бұғаз маңындағы Иранның зымыран және ұшқышсыз ұшу аппараттары сақталған қоймаларына, сондай-ақ жағалаудағы радиолокациялық жүйелеріне соққы берген. АҚШ-тың Орталық қолбасшылығы (CENTCOM) бұл әрекетті Иранның халықаралық сауда кемелеріне қарсы «негізсіз агрессиясына» жауап деп атады.
«Иран күштерінің сауда кемелеріне қарсы әрекеті бітім режимін өрескел бұзды. Мұндай қауіпті қадамдар маңызды халықаралық сауда дәлізі саналатын аймақтағы кеме қатынасының қауіпсіздігіне нұқсан келтіреді» деп жазылған CENTCOM мәлімдемесінде.
Өз кезегінде Иранның Ислам революциясы сақшылар корпусы (КСИР) аймақтағы америкалық әскери базаларға соққы жасағанын Tasnim агенттігі хабарлады.
Бұған дейін Дональд Трамп Иранның Ормуз бұғазы арқылы өтіп бара жатқан, Сингапур туымен жүзген Ever Lovely контейнерлік кемесіне шабуыл жасағанын мәлімдеген. Оның айтуынша, Иран кемеге кемінде төрт соққы беретін дрон жіберген. Олардың бірі кеменің жоғарғы палубасына тиіп, қалған үшеуі атып түсірілген.
«Бұл — атысты тоқтату туралы келісімді ойланбай бұзу», — деп жазды Трамп Truth Social желісінде.
АҚШ вице-президенті Джей Ди Вэнс Иран егер бітім шарттарымен келіспесе, мәселені дипломатиялық жолмен шешуі тиіс екенін айтты.
«Олар жай ғана телефон арқылы байланыса алады. Бірақ зорлық-зомбылыққа жауап — зорлық болады», — деді ол.
Оқиғаға қарамастан, Ever Lovely контейнерлік кемесі зақым алғанына қарамастан сапарын жалғастырып, бұғаздан аман-есен шыққан.
Айта кетейік, бұл жағдай КСИР Ормуз бұғазы арқылы өтетін кемелер Тегеранмен алдын ала келісуі тиіс деген талап қойғаннан кейін болды.
Еске салсақ, бұған дейін тараптар өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойып, атысты тоқтатуға келіскен болатын. Құжатқа сәйкес, Иран 60 күн ішінде сауда кемелерінің қауіпсіз өтуін тегін қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шараларды қабылдауы тиіс еді.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық