ҚР СІМ: Қазақстандықтарға шенген визасын алу жеңілдейді
Фото: Әлеуметтік желіден
Қазақстан азаматтары үшін шенген визасын алу тәртібі жеңілдетілуі мүмкін. Атап айтқанда, өтініштерді қарау мерзімін қысқарту, құжаттарға қойылатын талаптарды жеңілдету және көп мәртелік визаларды алу мүмкіндігін кеңейту жоспарланып отыр, деп хабарлайды Orda.kz.
Бұл туралы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Ерлан Жетібаев мәлімдеді.
Жетібаевтың айтуынша, 23 маусым күні президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Брюссельге сапары аясында Еуропалық кеңес президенті Антониу Кошта және Еуропалық комиссия президенті Урсула фон дер Ляйенмен кездесулер өткен.
Келіссөздер барысында Қазақстан мен Еуропалық одақ арасындағы визалық режимді жеңілдету және реадмиссия туралы келісім жобаларын сарапшылар деңгейінде аяқтаудың маңыздылығы атап өтілді. Қазіргі уақытта тараптар келісімдерге қол қою алдындағы қажетті ішкі мемлекеттік рәсімдерді жүргізіп жатыр.
«Қол жеткізілген уағдаластықтар Қазақстан азаматтары үшін визалық рәсімдерді одан әрі жеңілдетуді көздейді. Оның ішінде визалық өтініштерді қарау мерзімін қысқарту, көп мәртелік визалар алу мүмкіндігін кеңейту, растайтын құжаттарға қойылатын талаптарды жеңілдету және басқа да шаралар бар», — деді Ерлан Жетібаев.
Оның сөзінше, келіссөздер процесінің аяқталуы Қазақстан мен Еуропалық одақ ынтымақтастығының маңызды практикалық нәтижесі болды.
СІМ өкілі сарапшылар деңгейіндегі келіссөздер толық аяқталғанын нақтылады. Қарастырылып жатқан шаралардың қатарында құжаттар тізімін қысқарту, консулдық алымды азайту, көп мәртелік визаларды беру тәжірибесін кеңейту және өтініштерді қарау мерзімін қысқарту бар.
«Толық ақпарат тиісті келісімдерге қол қойылғаннан кейін жарияланады. Қазір тараптар құжаттарды қол қоюға дайындау бойынша ішкі мемлекеттік рәсімдер кезеңіне өтті», — деп қосты ол.
Жетібаевтың айтуынша, Қазақстан өз ішінде қажетті рәсімдерді жүргізіп жатыр, ал еуропалық тарап құжаттарды Шенген аймағына кіретін барлық мемлекеттермен келісуі тиіс. Сондықтан бұл процесс белгілі бір уақытты қажет етеді, ал нақты қол қою күні әзірге белгісіз.
Айта кетейік, бұған дейін СІМ шенген визалары толықтай жойылмайтынын, тек оларды алу рәсімі жеңілдетілетінін мәлімдеген болатын. Атап айтқанда, құжаттардың нақты тізімі, рәсімдеу құны және көп мәртелік визаларды беру мүмкіндіктері талқыланған.
Сондай-ақ өткен жылы СІМ келісімде өтініштерді қарау мерзімін қысқарту, қажетті құжаттар санын азайту, визалық алымдарды төмендету және ұзақ мерзімді көп мәртелік визалар беру мүмкіндігін кеңейту қарастырылуы мүмкін екенін хабарлаған еді.
2026 жылдың қаңтарында Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев Қазақстанның Еуроодақпен жұмысы екі бағытқа бөлінгенін айтқан, оның ішінде реадмиссия туралы келісім және визалық режимді жеңілдету туралы келісім.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық