Футболдағы дау: Футболшы мен төреші матчтардан шеттетіліп, клубқа 400 АЕК айыппұл салынды
Фото: Әлеуметтік желіден
Қазақстан футбол федерациясы дау шыққан «Елім-ай» – «Ордабасы» матчы үшін клубты, бапкерді және төрешіні жазалады, деп хабарлайды Orda.kz.
Қазақстан футбол федерациясының Бақылау-тәртіптік және этика комитеті Премьер-лиганың 13-туры аясында өткен «Елім-ай» мен «Ордабасы» арасындағы матч бойынша шешім шығарды.
Кездесу 14 маусым күні Семейде өтіп, шымкенттік клубтың 3:1 есебімен жеңісімен аяқталған болатын.
«Елім-ай» клубының бас бапкері Андрей Карпович қатарынан төрт ойынға шеттетілді. ҚФФ мәліметінше, ол «төрешінің әрекеттерімен агрессивті түрде келіспейтінін білдіріп, соның салдарынан ойыншылар, клуб өкілдері мен төрешілер тобы арасында жанжал туындаған».
Сондай-ақ «Елім-ай» футболшысы Жан Әли Пайруз да төрт матчқа шеттетілді. Бұған оның алаңның ортасында бас төрешіге «физикалық қысым көрсетуге әрекет жасауы» себеп болған. Карпович пен Пайруз үшін дисквалификация мерзімі 15 маусымнан бастап есептеледі.
Клубтың басқарушы директоры Федор Симинидиге «Елім-ай» қатысатын матчтар өтетін стадиондарға баруға тыйым салынды. Бұл шектеу 2026 жылдың 24 маусымынан 1 қазанына дейін күшінде болады. Сонымен қатар оған 100 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) көлемінде айыппұл салынды.
ҚФФ дерегінше, Симиниди алаңға жүгіріп шығып, матчтың ресми тұлғасына агрессия танытқан, ал ойыннан кейін төрешілердің киім ауыстыратын бөлмесіне кіріп, балағат сөздер айтып, төрешіге қоқан-лоқы жасаған.
«Елім-ай» клубының өзі де айыппұл арқалады. Жанкүйерлердің «матчтың ресми тұлғаларын қорлап айқайлауы және төрешіге тиген заттарды алаңға лақтыруы», сондай-ақ «бөгде адамның төрешілер бөлмесіне заңсыз кіруі» үшін клуб 300 АЕК төлеуге міндеттелді.
Бұдан бөлек, команданың «тәртіпсіз мінез-құлқы» үшін тағы 100 АЕК айыппұл салынды. Осылайша, клубқа салынған жалпы айыппұл көлемі 400 АЕК болды.
Матчтың бас төрешісі Арман Исмуратов та жазасыз қалған жоқ. ҚФФ оны «ойыннан кейін «Елім-ай» өкілдеріне қатысты орынсыз әрекеттері мен балағат сөздері үшін» 2026 жылдың 24 маусымынан 1 қазанына дейін қызметінен шеттетті.
Сонымен қатар сот оған 5 тәулікке қамау жазасын тағайындады.
Еске салсақ, Қазақстанда жоғары лиганың кәсіби футбол клубтарын ауқымды жекешелендіру жүріп жатыр, оның мақсаты — мемлекеттік қаржыландырудан жеке инвестицияларға көшу. Orda.kz тілшісі осы футбол клубтарының жекелендіру жағдайын зерделеп, назарларыңызға ұсынды.
Оқи отырыңыз:
- Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Талғат Байсуфинов қызметінен кетті
- Ақ жол, Дастан! — «Қайрат» Сәтбаевты «Челсиге» шығарып салды
- Өзбекстан құрамасы футболдан әлем чемпионатындағы дебюттік матчта Колумбиядан жеңілді
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық