Қазақстан СІМ Таяу Шығысқа сапарлардан бас тартуға кеңес берді
Фото:depositphotos.com/ brokenrecords
Қазақстан азаматтарына өңірдегі жағдай тұрақталғанға дейін Таяу Шығыс елдеріне міндетті емес сапарлардан бас тарту ұсынылды. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Ерлан Жетібаев мәлімдеді, деп хабарлайды Orda.kz.
Оның айтуынша, министрлік шетелге сапарлауды жоспарлаған қазақстандықтар үшін үнемі ұсынымдар жариялап отырады.
«Біз азаматтарды сапарларын жоспарлау кезінде мұқият болуға және баратын елдегі жағдайды міндетті түрде ескеруге шақырамыз», — деді Жетібаев.
Ол Қазақстанның дипломатиялық қызметтері өңірдегі жағдайдың жақын арада реттеліп, бейбітшілік пен қауіпсіздік қалпына келеді деп үміттенетінін атап өтті.
«Жағдай толық тұрақтанғанға дейін сақтық танытқан жөн деп санаймыз. Осыған байланысты азаматтарға мүмкіндігінше Таяу Шығыс өңірі елдеріне міндетті емес сапарлардан бас тартуды ұсынамыз», — деді СІМ өкілі.
Бұған дейін Таяу Шығыстағы жалғасып жатқан қақтығыстарға байланысты Air Astana әуе компаниясы Алматы мен Астанадан осы өңірдің үш еліне тұрақты рейстерді тағы екі айға тоқтатуға мәжбүр болғанын хабарлаған едік.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық