Қарағанды облысында жол апатынан жолаушы қаза тапты
Қарағанды облысында жол апатынан жолаушы оқиға орнында көз жұмды.
Бұл туралы ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Қарағандыда 4 маусым күні сағат 00:30 шамасында Тәтімбет пен Б.Момышұлы көшелерінің қиылысында Chevrolet Cobalt көлігінің 23 жастағы жүргізушісі солға бұрылып келе жатып, қозғалыс қауіпсіздігіне көз жеткізбей, Toyota көлігімен соқтығысқан. Tayota Camry көлігін 30 жастағы ер адам басқарған. Жол-көлік оқиғасы салдарынан Toyota Camry көлігінің екі жолаушысы әртүрлі дәрежедегі дене жарақаттарын алып, медициналық мекемеге жеткізілді.
«Осакаровка ауданында Осакаровка ауылында 22 жастағы BMW жүргізушісі рөлді басқара алмай, бағанаға соғылды. Жол-көлік оқиғасы салдарынан BMW көлігінің 20 жастағы жолаушысы алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды, жүргізуші түрлі дене жарақаттарымен аудандық ауруханаға жеткізілді. Жүргізушілерді жол ережесін, жылдамдықты және қауіпсіз қашықтықты қатаң сақтауға шақырамын.
Олар кенет қимылдар жасап, бірден тежегішті қатты баспауы керек – бұл көлік құралын басқарудан айрылып қалуға әкелуі мүмкін, әсіресе қараңғыда. Сондай-ақ жолда жүру кезінде жеке қауіпсіздік пен жолаушылардың қауіпсіздігі үшін де қосымша шаралар қабылдауды қадағалау қажет. Есіңізде болсын, өз қауіпсіздігіңіз ғана емес, айналаңыздағы адамдардың да қауіпсіздігі жолдағы сіздің әрекетіңізге байланысты», – дейді Қарағанды облысы ПД жергілікті полиция қызметінің бастығы Куаныш Зарубаев.
Жаңалықтар
- Ормуз ашылды, бірақ қысым сақталады: Иран, Трамп және мұнай нарығы қалай өзгерді?
- Тоқаев БҰҰ-ды реформалау мәселесіне жауапкершілікпен қарау керегін айтты
- Министрлік Баян Алагөзованың «Қыз Жібек» фильміндегі киімге қатысты жариялаған жазбасына пікір білдірді
- АҚШ Сириядан өз әскерін толық шығарды
- Ақтөбе облысында 2 апта бұрын жоғалған 10 жастағы баланың денесі табылды
- Алматыда екі автобус соқтығысты, жарақат алғандар бар
- Әділет Алмат Азия чемпионы атанып, 4 жыл үзілістен кейін елге дзюдодан алтын әкелді
- Ливан Израиль бітімді бұзғанын мәлімдеді
- Аида Балаева: Грант алу үшін ҰБТ-ны екінші рет тапсыру мүмкіндігі болмайды
- Бірден 22 жол апаты: Қазақстандықтар жүргізуші куәлігін алу емтиханын қалай тапсырып жүр?
- Тоқаев дипломатиялық форумға қатысу үшін Анталиядағы NEST конгресс орталығына келді
- Кәсіпкерді сан соқтырған: 10 жылдан аса іздеуде жүрген ер адам Германиядан экстрадицияланды
- Сұлулық жауһары: Шолпының қандай түрлері бар?
- Бішкекте жалаңаш ер адам балаларды қуалаған
- Алматы облысында алаяқтың арбауына түскен әйел көмектеспек болған полицейлерден қашты
- Атырауда зираттан қару мен оқ-дәрілер табылды
- Құлжа күре жолында бірден бес көлік соқтығысты
- Индонезияда тікұшақ апаты: Борттағы барлық адам опат болды
- Семейде қосымша нәпақа табам деп жұмыс істеп жүрген студент қолынан айырылды
- Қарағанды облысында жол апатынан екі мотоцикл жүргізушісі қаза тапты