Қаңтар айында Ресейде ішінара жұмылдырудың екінші кезеңі басталуы мүмкін
Қаңтарда Ресейдегі жұмылдырудың кезекті толқыны басталады, деп хабарлайды «Можем объяснить» Telegram арнасы әртүрлі аймақтардың әскери комиссариаттарындағы бір біріне қатысы жоқ үш дереккөзге сілтеме жасап.
Арнаның хабарлауынша, аймақтардағы әскери комиссариаттарға Украинадағы соғысқа жұмылдыру бойынша қарқынды жұмысты бастау туралы бұйрық Қорғаныс министрлігінен түскен. Билік жұмылдыруды ресми түрде жариялауды жоспарлап отырған жоқ.
Дереккөз департамент әскери комиссариаттардың алдына шақыру қағаздарын жаппай тарату және тапсыру, сондай-ақ әскерге шақырылғандардың тұрғылықты жеріне рейд жүргізу міндетін қойған деп хабарлады.
Telegram арнаға Санкт-Петербург комиссариатындағы дереккөздің хабарлауынша, әскери комиссариаттарға «қаңтар мен ақпан айларында жұмыс көп болатыны» ескертілген.
Мәскеу комиссариатындағы дереккөз қызметкерлерге «әскери міндеттілер мен келісім-шарттағылардың істерін қарап, оларға шақыру қағазын жіберіп, оларды жұмылдыру жұмыстарына тартуға» бұйрық берілгенін қосты.
«Не істеу керек екені белгісіз. Ресми түрде жұмылдыру аяқталмады. Ал қазір барлығы аймақтарға көшірілді. Бірақ кенеттен қателіктер орын алса (және олар міндетті түрде болады), онда әскери комиссариаттардың қарапайым қызметкерлері мен олардың бастықтары жауап береді» деп түсіндірді солтүстік-батыстағы облыстардың бірінің әскери комиссариатындағы дереккөз.
Бұған дейін Украина Қарулы Күштерінің Бас штабы 10 желтоқсаннан бастап Ресейде армияға «жасырын мобилизацияның» жаңа толқыны басталуы мүмкін деп мәлімдеген.
Сондай-ақ «Верстка» Мемлекеттік Думадағы және Президент Әкімшілігіндегі өз дереккөздеріне сілтеме жасай отырып, жұмылдырудың екінші толқыны туралы жазды.
Жаңалықтар
- Трамп АҚШ-тың келесі президенті ретінде кімді лайық көретінін айтты
- Илан Масктың зымыраны айға құлап, 30 метрлік кратер пайда болды
- Велокурьер қағып, қашып кеткен: 12 жастағы қыздың жақ сүйегі сынып, тістері түсіп қалған
- Автотұрақ ережелері өзгерді: Алматыда тұратын көлік иесі нені білуі қажет?
- Чемпиондар лигасы: «Түркістан Арена» тарихи матчқа дайын ба?
- Нұрайға қатысты «72 рет пышақ сұғар едім» деген пікір жазған адам анықталып, хаттама толтырылды
- «Байден құсап құлап қалмасын»: Невададағы Трамптың әзілі мемге айналды
- 100 миллион теңгеден астам ақша иемденген күдікті Грузиядан Қазақстанға экстрадицияланды
- Димаштың түрік тіліндегі жаң әні iTunes хит-парадтарында бірінші орында тұр
- Бишімбаевтың анасы бұрынғы келінінен 25 млн теңге өндіріп алмақ
- Медициналық сақтандыру бойынша 4,5 млрд теңгеге қатысты заңбұзушылық сотқа жолданды
- Еліміздің мектептерінде жасанды интеллект қалай оқытылады?
- Иран мен Оман Ормуз бұғазы арқылы өтетін кемелерді бақылау туралы келісімге келді
- Екі миллиард теңге несие алаяқтығы: ҰҚТ-ның 20-дан астам мүшесі сотталды
- Елімізде жүргізушісіз көліктер сынақтан өткізіледі
- Өзбекстан алғашқы жерсерігін ұшырды
- Алматыдағы «Теремки» тұрғын үй кешенінде бір топ жігіттің екі адамды соққы астына алған видеосы тарады
- 1 қыркүйектен бастап бастауыш сыныптарда БЖБ мен ТЖБ болмайды. Олардың орнына не енгізіледі?
- «ҚазАвтоЖол» жүргізушілер мен жолаушыларды дәретхана маңында тазалық сақтауға шақырды
- Ғалымдар кондиционерсіз бөлмені салқындататын материал жасады