Президент жеке цифрлық деректерді қорғау қажеттігін мәлімдеді

cover Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзінде цифрландыру саласындағы жаңа сын-қатерлер мен қауіптерге назар аударды, деп хабарлайды  Orda.kz.      

Президенттің айтуынша, цифрлық трансформация жағдайында ең осал тұс болып отырған азаматтардың жеке деректерін сенімді қорғау мәселесі басымдыққа ие болуы тиіс.

«Жеке деректердің ауқымды түрде таралып кетуі, онлайн-алаяқтық, қылмыстық схемаларда жасанды интеллектті қолдану — бұл шетелде де, біздің елімізде де қалыптасқан шындық. Қазақстанда Қаржылық мониторинг агенттігі, сондай-ақ басқа да құқық қорғау органдар күшімен киберқылмыс пен алаяқтыққа қарсы нақты шаралар жүзеге асырылып жатыр. Ұлттық антифрод-орталықтың жұмысының арқасында 90 мың азаматымызға қатысты алаяқтық әрекеттердің жолы кесілді», — деді мемлекет басшысы. 

Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке тиісті құрылымдармен бірлесіп, киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету және азаматтардың деректерін қорғау тәсілдерін кешенді түрде әрі мұқият зерделеуді тапсырды.

«Сонымен қатар, мен жақында өткен Ұлттық құрылтай отырысында атап өткендей, жеке цифрлық деректерді қорғау қажеттілігі конституциялық деңгейде бекітілуі тиіс», — деді президент. 

Сонымен қатар Тоқаев шетелдік сапарлар мен инвесторлармен кездесулер барысында  қол жеткізілген инвестициялық келісімдерді іске асыру ерекше назарды талап ететінін мәлімдеді.

Оқи отырыңыз:


Жаңалықтар

барлық жаңалықтар