Алматы полициясы әйелдерін «сыйға тарта салатын» имамды жазалады
Бейнежазбадан скриншот
Имам Ахмет Құрбанәлі журналист Жанар Байсемізге берген сұхбатында бірінші әйелі қартайғандықтан, өзіне үшінші, жас әйел алғанын айтып мақтанды. Ал екінші жұбайын өзінің шәкіртіне «сыйға тарта салған», деп хабарлайды Orda.kz.
Ол әйелдің тұрмысқа шығуға өзі келісім бергенін айтады. Дегенмен күйеуінің пәрмені болмай, ол өзіне басқа жар таңдай алмайтыны белгілі. Дінді қатты ұстанатындар арасында бұл жазылмаған заң екені мәлім.
«Ол өзі қалады. Сосын мен оған шәкірттерімнің бірін таңда дедім. Ол таңдады. Мен оған неке қиып, той жасап беремін дедім», — дейді имам сұхбат барысында.
Сұхбат шығысымен халық арасында қызу талқыланды. Зайырлы мемлекет жұртшылығының көбіне бұл жағдай ұнамады. Кейбірі тіпті жазба астына журналистер осындай дүмшелерді неге сұхбатқа шақырады деп те ашуланды. Әсіресе бұл осыны көріп отырған жастарға «кері үлгі» беретіні көп айтылды.
Алматы полициясы бұл істі жай қалдырмай, бірден әрекет етіп, тексеріс жүргізіп, аталған азаматтың ресми дін қызметкерлері қатарында мүлдем жоқ екенін анықтады.
«Сұхбат барысында Қазақстан Республикасы заңнамасына қайшы келетін (әйелін шәкіртіне беру сияқты) пікірлер айтылғаны, сондай-ақ қоғамдық сана мен конфессияаралық келісімге кері әсер етуі мүмкін мәселелер көтерілгені анықталды. Алматы қаласының Дін істері басқармасы құзыреті аясында тиісті шаралар қабылдап, аталған азамат ҚР ӘҚБтК-нің 490-бабы бойынша діни қызмет туралы заңнаманы бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылып, айыппұл салынды», деп түсіндірді полиция.
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске сәйкес, бұл бап бойынша жеке тұлғаларға салынатын айыппұл мөлшері 25 АЕК (108 125 теңге).
Дәл осындай көлемде айыппұл сұхбат алған журналистке де салынды.
«Пікір мазмұны үшін жауапкершілік авторға жүктелгенімен, құқықбұзушылық белгілері бар материалдарды тарату да заңнамаға сәйкес жауапкершілікке әкеледі. Жарияланым авторы да ҚР ӘҚБтК-нің 490-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Қоғамдық тұрақтылық пен конфессияаралық келісімге нұқсан келтіруі мүмкін контентті жариялау және таратуға жол берілмейді», деп мәлімдеді ведомство.
Еске сала кетейік, Қазақстанда көпәйел алуға тыйым салынған. Сондай-ақ Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы талаптарына сәйкес, мешітте неке қию үшін міндетті түрде АХАТ-та тіркелген неке туралы куәлік ұсынылуы қажет.
Өзін имам деп таныстырған Құрбанәлі Ахмет әйелін шәкіртіне беру туралы айтқан сөздері үшін айыппұл төлейді. Ал еліміздің құқық қорғау органдары осындай «сыйға тартылып» жатқан әйелдердің тағдырына да бей-жай қарамайды деген үміт бар.
Ең сорақысы — Жанар Байсемізге берген сұхбатында ол екінші әйелін өзіне қайын атасы «сыйлағанын» айтады. Бұл жағдайда ол бірінші әйелінен рұқсат та сұрамағанын мақтана жеткізді. Кейін оның екінші жұбайымен арасында жанжал туындап, әйел ажырасуды сұраған. Сол кезде Ахмет оған өз шәкірттерінің кез келгенін таңдауды ұсынып, соған тұрмысқа беретінін айтқан. Нәтижесінде солай болған да.
Осы сұхбаттан кейін қоғамда өрбіген қызу талқылау мен пікірталас әлі де тоқтаған жоқ.
Оқи отырыңыз:
- Трансгендерлердің Олимпиадаға қатысуына тыйым салынды
- ТЖМ Қазақстанның бірнеше өңірінің тұрғындарына ескерту жасады
- Көлік салығына байланысты кімдердің шоттары бұғатталады?
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық