Ұлыбританияға жұмысқа орналастырамын деп 80 адамның 40 миллион теңгесін қағып алған
Коллаж: Orda.kz
Көкшетау тұрғыны екі қолға бір күрек таппай жүрген 80 адамды алдап, Ұлыбританияда жұмысқа орналастырамын деген уәдемен 40 млн теңгені қалтаға басқан, деп хабарлайды Orda.kz.
Иә, дәл осы алданған 80 адам бұл күнде жәбірленуші болып танылды.
Көкшетау қаласының тұрғыны шетелден болса да нәпақа тапсам деп үміттенген азаматтарды жұмысқа орналастырамын деп бір топ адамның «аузын айға қаратқаны» жайлы Ақмола облысының полиция департаменті мәлімдеді.
«Сотқа дейінгі тергеу барысында 2023 жылдан 2026 жылдың қаңтарына дейін Көкшетау тұрғыны Instagram әлеуметтік желісі арқылы азаматтарға Ұлыбританияда жұмысқа орналастыру бойынша ақылы қызмет ұсынғаны анықталды. Виза рәсімдеу, медициналық сақтандыру, биометриялық процедуралардан өту және басқа да қызметтерді сылтау етіп, күдікті азаматтардан ақша алған, алайда іс жүзінде ешкімді жұмысқа орналастырмаған. Қаражат оған банктік аударымдар арқылы да, қолма-қол түрде де берілген» деп жазылған хабарламада.
Қазіргі уақытта жәбірленуші ретінде танылған 80 адам бар. Дегенмен алаяқтың құрығына іліккендер одан да көп болуы мүмкін. Қазақылыққа салынып, аз ақша бергендер арыз жазбауы да ғажап емес. Әзірге келтірілген жалпы шығын көлемі 40 миллион теңге. Күдікті үйқамаққа алынған.
Полиция қызметкерлері азаматтарды шетелде жұмыс іздеу кезінде сақ болуға шақырды.
Оқи отырыңыз:
- Алматы облысында Кореяға жұмысқа орналастыратын арнайы орталық ашылады
- «Елдегі жоқшылық»: Қазақстандықтар неге шетелге кетіп жатыр?
- Бас прокуратура: «Шетелде табыс табамын деп құлдыққа түсу қаупі бар»
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық