Түркістан облысында сталкинг бойынша алты іс сотқа жолданды
Иллюстрация: DALL-E
Түркістан облысында сталкингтің 8 жағдайы тіркелген. Қудалау құрбаны болған әйелдер үнсіз қалмай, полициядан көмек сұраған, деп хабарлайды Orda.kz.
Жалпы әлеуметтік желіде болсын, шынайы өмірде болсын қудалау әрекеттері үшін 200 АЕК-ке дейін айыппұл, 200 сағатқа дейін қоғамдық жұмысқа тарту немесе 50 тәулікке дейін қамауға алу жазасы заңда қарастырылған. Соған қарамастан, оның ішінде тұрақты SMS-хабарламалар арқылы мазалау жағдайлары әлі де тоқтар емес.
«Қазіргі таңда 8 қылмыстық іс тіркелді, оның 6-ы сотқа жолданды. Құқық қорғау органдары сталкинг фактілерін дер кезінде анықтау, жолын кесу, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және кінәлілерді жауапкершілікке тарту бойынша кешенді шаралар қабылдауда», — деп атап өтті Түркістан облыстық ПД ресми өкілі Гүлнар Әбдіжаппарова.
Полиция мәліметінше, қудалаушының негізгі мақсаты жәбірленушіні толық бақылауға алып, қорқыныш пен үрей тудыру. Көбінесе сталкинг хабарламалар, әлеуметтік желілерді бақылау, сондай-ақ күтпеген жерден аяқ астынан тап болу арқылы көрінеді.
Жалпы ел бойынша сотқа 51 іс жолданған, оның 36-сы бойынша күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалған.
ҚР ІІМ тергеу департаменті басқармасының басшысы Самат Айсов осы тұрғыда тұрғындарды бұндай жағдайларды елеусіз қадырмауға шақырды.
«Ішкі істер министрлігі тарапынан ауқымды дайындық жұмыстары жүргізілді. Құқықбұзушылықтарды тіркеу және тергеу бойынша әдістемелік ұсынымдар әзірленді, қызметкерлерге арнайы оқыту өткізілді. Осыған байланысты азаматтарға үндеу жасаймыз: егер сіз немесе жақындарыңыз заңсыз қудалауға тап болса, ешқашан елемей қалдырмаңыз. Қылмыстық әрекеттердің жолын кесу және кінәлілерді жауапкершілікке тарту үшін дереу полицияға жүгініңіздер», — деді ол.
Қазақстанда сталкингке қарсы заң 2025 жылғы 16 шілдеде қабылданып, 16 қыркүйектен бастап толық күшіне енгенін еске саламыз.
Оқи отырыңыз:
- Жаңа заң: Сталкер деген кім және ол қалай жазаланады?
- Терезеден сығалаған: Атырау облысында сталкинг дерегі бойынша алғашқы үкім шықты
- Алматыда кәсіпкерлерге қысым көрсетпекші болған қылмыстық топ құрықталды
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық