«Жер сағаты» акциясы: Қазақстан бір сағатқа жарықты сөндіреді
Фото: gov.kz
Акцияға ел бойынша жүздеген нысан — бизнес орталықтардан бастап маңызды ғимараттарға дейін қатысады, деп хабарлайды Orda.kz.
28 наурыз күні Қазақстан халықаралық «Жер сағаты» акциясына тағы да қосылады. Жергілікті уақыт бойынша 20:30-дан 21:30-ға дейін елдің барлық қалаларында үйлерде, кеңселерде және көшелерде жарық, сондай-ақ ғимараттардың сәндік жарықтандыруы өшіріледі.
Экология министрлігінің мәліметінше, биылғы шара экотуризмді дамытуға арналған. Жалпы ел бойынша бір сағатқа 500-ден астам нысан — әкімшілік ғимараттардан, сауда орталықтарынан бастап өнеркәсіп орындары мен әлеуметтік мекемелерге дейін бір сағатқа жарықты сөндіреді.
Астанада дәстүрлі түрде «Бәйтерек», «Астана Опера», Әзірет Сұлтан мешіті, Тәуелсіздік сарайы және «Астана Арена» сияқты маңызды нысандардың жарығы сөндіріледі. Алматыда акцияға сауда орталықтары мен коммерциялық нысандар қосылса, Шымкентте әкімдіктер мен қалалық басқармалар қатысады.
Сонымен қатар көше жарығы мен бағдаршамдар өшірілмейді. «Жер сағаты» халықаралық экологиялық акциясына қосылыңыздар, биылғы тақырыбы елдегі экотуризмді дамыту болды. Жергілікті уақыт бойынша сағат 20:30-да бүкіл елдегі үйлерде, кеңселерде және көшелерде шамдар бір сағатқа сөнеді.
«Жер сағаты» акциясы – Дүниежүзілік жабайы табиғат қорының (бұдан әрі-WWF) қамқорлығымен өткізілетін жыл сайынғы халықаралық оқиға. Акция барысында WWF планетаның болашағына бей-жай қарамай, жарық пен тұрмыстық электр құралдарын бір сағатқа өшіруге шақырады. Сонымен бірге әлемдегі ең танымал ғимараттар мен ескерткіштерге жары беретін құрылғылар да сөнеді.
Айта кету керек, «Жер сағаты» акциясы планетадағы ең жаппай қолданылатын экологиялық акция. Оған бүкіл әлем бойынша 2 млрд-тан астам адам қатысады, акцияға 180 елден 7 000 қаланың тұрғындары қосылады. 2026 жылы «Жер Сағаты» халықаралық акциясы 19-шы рет, Қазақстанда 17 – ші рет өтеді.
Акцияның мақсаты – планетаның табиғаты мен ресурстарына жауапкершілікпен қарау қажеттілігіне назар аудару. Жыл сайын елдегі акциялар кезінде нысандардағы жарықтандыруды өшіреді.
Науқанды қолдау өте қарапайым: 28 наурызда сағат 20:30-да шамдар мен электр құрылғыларын бір сағатқа өшіріңіз. Акцияға қосылу оңай — бір сағатқа жарық пен электр құрылғыларын сөндірсеңіз жеткілікті.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- Иранның қастандық жасау қаупіне байланысты Трамп ұшағын ауыстыруға мәжбүр болды
- Бір серіктестіктің алты бірдей жұмысшысы құдыққа түсіп қаза тапқан: Полиция үш адамды ұстады
- Бала ауыр халде: Футбол алаңында төтенше жағдай болды
- Сирияның бұрынғы президенті Башар Асад сырттай өлім жазасына кесілді
- Алматыда күйеуін өлтірген әйел сотта ақталды
- Прокуратура талабымен: Атырау облысында полицейлерді соққыға жығып, бостандықта жүргендер сотталды
- Аичи-Нагоя-2026: Азия ойындарының медальдары таныстырылды
- Қытайлық ғарыш миссиясы сәтсіз аяқталды: Зымыран тасығыш 90 секундта жарылып кетті
- Медициналық сақтандыру қорынан 3,5 млрд теңгеден астам қаржы ұрланған
- Ақсайда түнгі клубта жаға жыртысқандар жазаланды
- «Крыша боламын» деп 30 млн теңге талап еткен ММА жаттықтырушысы ұсталды
- Парсы шығанағында тұрып қалған кемелер әлемді экологиялық апатқа ұшырата ма?
- Бесағашта мас ер адам көшеде қыздарға бейәдеп ұсыныс жасаған
- Астанада полиция қызметкері кәмпитке қақалған баланың өмірін құтқарды
- Елден жаппай ақша алып қашып жатқандар кім? ҰҚК мәлімдеме жасады
- Қазақстандықтар үй сатып алуды азайтты ма? Тұрғын үй нарығында жаңа өзгеріс байқалды
- Өз тойына келе алмаған жұптың тойы экран арқылы өтті
- Үйлену тойында пышақтап өлтірген: Ақтөбе облысындағы сұмдық жайт
- Қазақстанда жол ережесін бұзатындарға тұзақ көбейді: Дрон, камера және лазер іске қосылды
- Өз әкесінен алимент өндіріп алған студент. Істің жай-жапсары