Таяу Шығыстағы қақтығыс салдарынан «астық дағдарысы» болуы мүмкін
Сурет ЖИ көмегімен жасалды
Таяу Шығыстағы қақтығыс астық өнімі нарығында да ауқымды дағдарыс қаупін туындатып отыр. Бұл туралы БҰҰ-ның Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымы шикізат бөліміне бұрын жетекшілік еткен Абдолреза Аббасян мәлімдеді, деп хабарлайды Orda.kz.
Оның айтуынша, тіпті Ормуз бұғазы ертең ашылғанның өзінде жағдай «айтарлықтай қиын» болып қала береді, ал қақтығыстың әрі қарай созылуы ауыр салдарға әкеледі.
«Егер соғыс тағы бір айға немесе одан да ұзаққа созылса, біз бұрын-соңды болмаған, шын мәнінде аса ауқымды дағдарысқа тап боламыз», — деді Аббасян.
Ол өзінің БАҚ-қа берген сұхбатында АҚШ пен Израильдің Иранға ашқан соғысы салдарынан карбамид, аммиак және күкірт жеткізілімдері тоқтағанын атап өтті. Нәтижесінде азотты тыңайтқыштардың әлемдік саудасының шамамен 45 пайызы тоқтап қалған, бұзылған немесе қауіп астында тұр. Ал бұл өз кезегінде тыңайтқыш арқылы жанданатын ауыл шаруашылығы өнімдері мен астықтың дер кезінде егілуі мен өсуіне кесірін тигізеді.
Шетелдік БАҚ-тардың мәліметінше, бұл дағдарыс Солтүстік жарты шардағы негізгі ауыл шаруашылығы өңірлері көктемгі егіске дайындалып жатқан кезеңге, ал Австралия қысқы маусымға әзірленіп жатқан уақытқа тұспа-тұс келіп отыр.
Бұған дейін Еуропаның жетекші елдері де Таяу Шығыстағы дағдарыстың теріс салдарын сезіне бастағаны, мұнай өнімдері мен электр құрылғылары тапшылығына тап болғаны хабарланған еді.
Оқи отырыңыз:
- Мұнай дағдарысы: жаһан мұнай қыспағына ұшырамаудың жолын қарастырып жатыр
- Иран АҚШ шарттарын қабылдамаса Трамп елді «тозаққа айналдырмақшы»
- Иранға шабуыл: Әлем басшылары дүниежүзілік соғысқа ұласып кетпесе деп алаңдаулы
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық