Еуропалық Одақтың бас дипломаты: Ресейді нақты ымыраға келуге мәжбүрлеу керек
Еуропалық Одақтың бас дипломаты Кремльдің Украина бойынша келіссөздерді байыппен қабылдамай отырғанын Euronews-ке берген эксклюзивті сұхбатында мәлімдеді. Оның айтуынша, Ресейді нақты ымыраға келуге мәжбүрлеу қажет, деп хабарлайды Orda.kz.
ЕО-ның сыртқы саясат ведомствосының басшысы Кая Каллас егер Мәскеу нақты жеңілдіктер жасауға мәжбүр болмаса, Украинадағы бейбітшілікке бағытталған күш-жігер Ресей агрессиясын одан әрі күшейтіп жіберуі мүмкін екенін ескертті.
Euronews-тің Europe Today бағдарламасында сұрақтарға жауап берген еуродипломатия жетекшісі АҚШ-тың араағайындығымен өтіп жатқан Ресей мен Украина арасындағы келіссөздерге алаңдаушылық білдірді. Иә, әзірге бұл келіссөздер ешқандай нәтиже бермеді. Калластың пікірінше, қазіргі тұйыққа тірелген жағдай Кремльдің келіссөздерге шынайы ниет танытпай отырғанын және Украинаны берілуге мәжбүрлеуге тырысатынын көрсетеді.
«Ресейлік келіссөз жүргізушілер тарабынан үстел басында байыпты адам отырған жоқ. Мен бұл келіссөздерден қандай да бір оң нәтиже шығады деп күтпеймін», — деді Кая Каллас.
Өткен аптада Украина мен Ресей делегациялары Әбу-Дабиде кездесу өткізген болатын. Украин тарабы бұл кездесуді «конструктивті» деп бағалады.
«Біз соғысты аяқтау үшін украиндықтардың қандай ымыраға баруға дайын екенін ғана көріп отырмыз. Ал Ресей жақтан ешқандай да ымыраны көрген жоқпыз», — деп атап өтті еуродипломатия басшысы.
Бұған дейін Владимир Зеленский Дональд Трамп соғысты маусым айында аяқтауды талап етеді деп күтетінін және егер бұл мерзім сақталмаса, екі тарапқа да қысымды күшейтуге дайын екенін айтқан болатын.
Сонымен қатар, АҚШ президентінің соғысты аяқтау мерзімін бірнеше рет белгілеп, кейін сөзінен тайқып шыға келгенін де ескерген жөн.
Кая Калластың айтуынша, қазіргі таңда негізінен аумаққа қатысты мәселелер бойынша ауыр әрі күрделі келісуді тек украиндықтар жасауы тиіс сияқты көрінеді.
«Қандай ымыраға баруға дайын екендерін украиндықтардың өзі шешуі керек. Ал ресейліктер барынша көп талап қойып, ешқашан өздеріне тиесілі болмаған нәрселерді сұрайды, содан кейін қоқан-лоқы көрсетіп, ультиматум қояды, күш қолданады», — деді ол.
Осы орайда, Еуроодақтың келіссөздер үстелінде блок атынан өкілдік ететін және Украинаны қолдайтын арнайы өкіл тағайындауы қажет деген үндеулер де барған сайын күшейіп келеді.
«Қазір ең бастысы — бұл кім болатыны емес, нәтижесінде нені және қалай алғымыз келетіні. Егер ресейліктер америкалықтар арқылы өздерінің барынша жоғары мақсаттарына қол жеткізіп жатырмыз деп есептесе, онда олар неге еуропалықтармен сөйлесуі керек? Олай болса, біз де оларға талап қоямыз», — деп атап өтті Кая Каллас.
Еуродипломатия басшысының пікірінше, Ресейді «көзбояушылықтан нақты келіссөздерге көшуге» мәжбүрлейтін жағдайға жеткізу қажет. Бұл Батыс елдерінің бірлігін талап етеді.
Еуроодақ пен АҚШ Украинадағы бейбітшіліктің қандай болуы тиіс екені жөнінде көзқарас қайшылығына тап болды. Ресеймен тікелей келісілген алғашқы бейбіт жоспар еуропалықтарды алаңдатады, себебі ол Украина үшін тиімсіз шарттарға келісуге мәжбүрлеуі мүмкін деген қауіп тудырады.
Содан бері бұл жоспарға көптеген өзгеріс енгізілгенімен, бейбіт келіссөздердің нақты нәтижелері әлі күнге дейін жоқ.
Зеленскийдің айтуынша, Вашингтон Киев пен Мәскеуге маусым айын бағдар ретінде белгілеп, келіссөз үдерісінің осы мерзімге дейін аяқталуы үшін екі тарапқа да қысым көрсетуді жоспарлап отыр. Соғысты реттеу аясында АҚШ Украина мен Ресейдің келіссөз топтарының алғашқы кездесуін өз аумағында өткізуді де ұсынған.
Еске салсақ, Қасым-Жомарт Тоқаев былтыр 28 наурызда Алматыда Еуроодақтың сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі жоғарғы өкілі, Еурокомиссияның вице-президенті Кая Калласпен кездесті. Келіссөздерде Қазақстан мен ЕО арасындағы ынтымақтастықты кеңейту мәселесі талқыланды.
Оқи отырыңыз:
- Еуроодақ су тасқыннан зардап шеккен қазақстандықтарға 200 мың еуро бөледі
- Әбу-Дабиде Украина мен Ресей арасындағы соғысты тоқтатуға алғашқы қадам жасалды
- Украина мен Ресей арасындағы соғысты мұнай бағасы реттей ме?
- Тақырып «Украина мәселесін реттеу» болмақ: Зеленский келіссөз үшін Швейцарияға келді
Жаңалықтар
- Сербия президенті Александр Вучич қызметтен кететінін мәлімдеді
- Ажырасқандардың жеке сот орындаушы ақысын екі жақтап төлеуі — Конституцияға қайшы
- ӘЧ–2026: Бельгия G тобында жеңіске жетті, Иранның тағдыры кейінірек шешіледі
- Мектепке жөндеу жүргізілмесе де 78 млн теңге төлеген шенеуніктер жазаланды
- Астанада жолаушылар автобусы өртеніп кетті
- Жетісу облысындағы тасжолда түнгі жол апаты болып, бес адам қаза тапты
- Алматыда неге жарық жиі өшіп, бағдаршамдар істемей тұр?
- БҰҰ: Есірткінің жаңа түрлері нарықты жаулап барады
- Бітім жайына қалды: АҚШ пен Иран бір-біріне соққы жасады
- Францияда аптап ыстыққа байланысты ядролық реакторлардың жұмысы уақытша тоқтатылды
- ӘЧ-2026: Алғашқы екі аптада турнирге 3,6 миллион көрермен келіп, рекорд жаңартты
- Тоқаев әскерге шақыру, ант қабылдау және запасқа шығару рәсімдерінің жаңа тәртібін жариялады
- Екі жыл бойы алимент төлемей, 4,7 млн теңге қарыз жинаған тұрғын жазаланды
- Тарихи сәт: Мәжіліс соңғы отырысын өткізді
- Қазақстан Иран портында жерді жалға алып, мұхитқа шығуды жоспарлап отыр
- Ұлттық футбол құрамасы Талғат Байсуфиновтың орнына жаңа бас бапкер іздеп жатыр
- Гүлнәр Бажкеноваға қатысты сот екінші шілдеде басталады
- Жер телімін алып беремін деп 33 адамды алдаған маман сотталды
- ҚР СІМ: Қазақстандықтарға шенген визасын алу жеңілдейді
- Астанада Ұлттық ұлан сарбазы Ербаян Мұхтардың денесі жер қойнына тапсырылды