Трансгендерлердің Олимпиадаға қатысуына тыйым салынды
Фото: ХОК
Халықаралық Олимпиада комитеті әйелдер жарыстарына жаңа ереже енгізді. Ендігі жерде трансгендер спортшылардың Олимпиадаға қатысуына тыйым салынатын болды, деп хабарлайды Orda.kz.
Халықаралық Олимпиада комитеті (ХОК) трансгендерлерге әйелдер жарысына қатысуға тыйым салды. ХОК Олимпиада ойындарында әйелдер арасындағы жарыстарға генетикалық тест арқылы өз жынысын растаған спортшылар ғана қатыса алатынын мәлімдеді.
Халықаралық Олимпиада комитеті бұл жағдайға қатысты атлеттердің биологиялық жынысын бір реттік тестілеу арқылы анықтамақ.
Жаңа ереже 2028 жылы Лос-Анджелесте өтетін Олимпиададан бастап күшіне енеді. Сондай-ақ аталған ереже ХОК қамқорлығындағы басқа да жарыстарға қатысты, бірақ кері әсері жоқ және әуесқойлық және бұқаралық спортқа қолданылмайды. Ұйым президенті Кирсти Ковентринің айтуынша, «егер биологиялық ерлер әйелдер санатында жарысса, әділетсіз болады». Оның айтуынша, кейбір спорт түрлерінде бұл тіпті қауіпті.
ХОК-те ерлер жынысын анықтайтын SRY гендерінің болуы «өмір бойы тұрақты болып қала береді және спортшының ер адам ретінде дамығандығының дәлелі» деп нақтылады. Генетикалық тест сілекей талдауының, жағындының немесе қан үлгісі көмегімен жүргізіледі.
Жаңа ереже 2028 жылы күшіне енеді. Сол жылы Лос-Анджелесте Олимпиада ойындары өтеді. ХОК бұл шешімді Парижде өткен жазғы Олимпиада ойындарынан бір жарым жылдан астам уақыт өткен соң жасады.
Еске салсақ, 2024 жылғы Париж Олимпиадасында бокстан әйелдер арасында алжирлік спортшы Иман Хелиф пен тайваньдық Линь Юйтин алтын медальға ие болды. Сол кезде БАҚ-та олардың гендерлік тестілеуден өтпегені және SRY геніне ие екені туралы ақпарат тарады. Олардың гендерлік қатыстылығы мен әйелдер арасындағы жарыстарға қатысқаны бүкіл әлемді шулатты.
Бұған көптеген белгілі адамдар пікір білдірді. Тіпті АҚШ президенті Дональд Трамп, американдық бизнесмен Илон Маск, британдық жазушы Джоан Роулинг және Халықаралық бокс федерациясының (IBA) президенті Умар Кремлев те осы оқиғаға қатысты пікірлерін білдірді.
Тақырыпқа қатысты ұсынамыз:
- Алжирдің атышулы боксшысы Иман Хелиф Олимпиада чемпионы атанды
- Иман Хелифтің ер адам екенін дәлелдейтін құжаттар табылды
- ХОК басы даудан арылмаған алжирлік боксшыға қатысты мәлімдеме жасады
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық